Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет25/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Байланысты:
Өсімдіктер биотехнологиясы зертханалық сабақтар (1)

№ 2 ж ұ м ы с.
Бидай және арпа тозаңдықтарын алдын-ала суық 
ауамен өңдеу 
Донор өсімдіктері мен экспланттарды суық ауамен алдын-ала 
өңдеуді түрлі жолдармен жүргізуге болады. 
Қажетті материалдар мен аспаптар: 
Бидай мен арпа масақтары, тозаңдықтары.
 
Мурасиге және Скуг қоректік ортасының минералдық тұздарының 
ерітіндісі. 
Ламинар-бокс; бинокулярлы лупа; қайшы; 500 мл-лік стакандар; 
100 мл-лік конус тәрізді колбалар; диаметрі 20 және 90 мм-лік Петри 
тостағаншалары; парафильм; мақта тампоны. 
Жұмыстың орындалу тәртібі: 
1-жол.
Түтіктену фазасының аяқ жағындағы донор өсімдіктернің 
негізгі сабағын түбінен кесіп алады да, заттаңбамен (этикетка) 
белгілеп, су құйылған ыдысқа салады. Ыдысты мұздатқышқа 


қояды.Ыдыстың жанына, температураны дәлірек өлшеу үшін, 
термометр қояды. Мұздатқыштың ішінде 5-7°С температурада 3-7 
сөтке ұстау бидай үшін, ал 70С температурада 6-10 сөтке ұстау арпа 
үшін оптималды жағдай болып табылады. Осыдан кейін өсімдіктердің 
масақтарын кесіп алып, стерильдеуші агентпен өңдейді де, стерильді 
дистильденген сумен жуып, ламинар-боксте олардан тозандықтарын 
бөліп алады. 
2-жол.
Донор өсімдіктердің, микроспораларының қажетгі даму 
стадиясынан әлдеқайда бұрын, масақтарын сабағымен қоса (4-5 см) 
кесіп алады да, әрқайсысын жеке Мурасиге және Скугтің тек минерал 
тұздарының негізінде дайындалған ерітіндісі құйылған 100 мл-лік 
конус тәрізді колбаға салады. Қоректік ортаның булануын барынша 
азайту үшін колбаның аузын, сабақтың жан-жағын мақтамен қымтай 
отырып, жабады. Өсімдіктерді, тозаңдықтары қажетті даму фазасына 
дейін жстілгенше, 12°С температурада, жарық қарқындылығы 20000 
лк және фотопериоды 16 сағаттық режимде өсіреді. Осыдан кейін 
колбаны, масақтарымен бірге, 14-24 сөткеге температурасы 4-7°С 
болатын мұздатқышқа қояды. 
3-жол.
Өсімдіктен кесіп алған масақты стерильдеу үшін 70%-тік 
этил спиртінде 3 минут ұстайды да, стерильді сумен 3 қайтара жуады. 
Содан кейін бинокулярлы микроскоптың астында тозаңдықтарды 
бөліп алып, диаметрі 20 мм-лік Петри тостағаншасына салады (20-30 
дана). Дәл осындай екінші тостағаншаға стерильді дистильденген су 
құяды. Осы тостағаншалардың әрқайсысын ашық күйде, диаметрі 90 
мм-лік екінші Петри тостағаншасына салады да, үлкен тостағаншаны 
қакпағымен жауып, шеттерін парафильммен бекітіп, температурасы 
4°С болатын мұздатқышқа 3-4 сөткеге қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет