Е с к е р т у
I. Хлорлы кальций (СaCl2) және темір хелатының ерітінділері
басқа тұздардың ерітінділерінен бөлек дайындалып, сақталады.
2. Микротұздардың ерітінділерінің коспасына, ең соңында,
молибден тұздарының ерітінділерін, ал макротұздар ерітінділерінің
қоспасына, ең соцында, магний түздарының ерітінділерін қосады
(тұнба түзілмес үшін).
Ерітінділерді тоңазытқышта 4-7"С температурада бір ай уақыт
сақтауға болады. Концентрлі ерітінді (маточный) құйылған ыдыстың
сыртында ерітіндінің аты, концентрациясы және дайындалған күні
жазылуы тиіс.
Ескерту: түсі лайланган (мутный) немесе тұнба түзілген
ерітінділерді мулдем пайдалануга болмайды.
Фитогормондардың көбісі суда нашар ериді. Сондықтан
ауксиндер мен гиббереллиндерді этил спиртінің, ал цитокининдерді
0,5-1н NaOH немесе КОН ерітінділерінің аздаған көлемінде ерітеді.
Фитогормондарды толық сріту үшін қыздырылған су моншасын
пайдалануға болады. Сонан кейін толық сріген гормондарды
салқындатып, үстіне қажетті көлемге дейін дистильденген су кұяды.
Фитогормондардың ерітінділерін тоңазытқышта 4-7°С температура
жағдайында бір айға дейін уақыт сақтауға болады.
Витаминдердің ерітінділерін 100 есе концентрлі етіп дайындап,
кішігірім ыдыстарға (50 мл) бөліп құяды да, тоңазытқышта мұздатып
сақтайды, Осылай оны бір жылға дейін сақтауға болады, Пайдаланар
алдында мұз күйіндегі витаминді бөлме температурасында ерітеді.
Индолилсірке қышқылының (ИСҚ), көмірсулардың, глициннің,
мезо-инозиттің, ашытқы экстрактының, казеин гидролизатының
ерітінділері қоректік орта жасайтын күні дайындалады.
Жасанды қоректік орталарда өсірілетін экспланттар үшін орта
pН-ының маңызы шешуші роль атқарады. Қоректік ортаның бірқатар
компоненттерінің тұрақтылығы мен сіңірілімдігі ортаның рН мәніне
тікелей тәуелді. рН-тың мәніне аса сезімтал болып келетіндерге ИСҚ,
гиббериллин қышқылы, витаминдер (тиамин, пантотен қышқылы)
жатады. рН-тың төменгі мәндерінде агардың желатинденуі жүрмейді.
Оның үстіне қоректік ортада өсірілген ұлпаларға темірдің әртүрлі
тұздарының сіңірілуі орта рН-ына тікелей тәуелді болып келеді.
Өсімдіктердің басым бөлігінің ұлпалары рН мәні 5,5-5,8 болып
келетін қоректік орталарда жаксы өседі. Дайындалған коректік
ортанын рН-ын керекті мәніне дейін жеткізу үшін 0,5-1,0 и Кон немесе
NaOH ерітінділері (көрсеткіш қышқыл жаққа ауытқығанда) және 0,5-
Ін НCI срітіндісі (көрсеткіш сілті жаққа ауытқығанда) пайдаланылады,
Ол үшін қышкылдың немесе сілтінің ерітіндісін дайындалган қоректік
ортаға тамшылатып қосады да, араластырып, оның аздаған бөлігін
өлшегіш стаканға кұйып, рН-ын өлшейді, Бұл операция рН мәні
тұракталғанға дейін қайталана береді.
Қоректік орталар екі түрлі болады: сұйық және қатты. Қатты
қоректік орталар дайындау үшін срітіндінің құрамына агар косады.
Агар - сары-ақшыл түсті, пластинка және ірі немесе майда
түйіршіктер түрінде дайындалатын теңіз балдырларынан алынатын
полисахарид. Агардың құрамында әртүрлі қоспалар ұлпалардың
өсуіне кері әсер стуі мүмкін. Олардан арылу үшін агарды
дистильденген сумен жуады. Қоспалардан толық арылу үшін суды
жиі-жиі алмастыра отырып (немесе ағынды суда), бөлме
температурасы жағдайында агарды скі күн бойы жуады. Тазартылып
жуылған агарды таза шынының немесе эмальды кюветаның үстіне
жайып, бөлме температурасында кептіреді. Фирмалар дайындап
шығаратын түйіршікті "Difco", "Bacto-Agar" сияқты бактериальды
агарлар, құрамында қосымша қоспалар өте аз мөлшерде
болатындықтан, жууды қажет стпейді, Агарды суға салғанда гель
түзіледі. Гель 70-80 С-да ериді, ал 45-500С-да қатады.
Пластинка немесе гранулярлы агарды пайдаланғанда оны
жоғарғы температураға төзімді стаканға салып, үстіне дистильденген
су құйып (1 : 2 көлемдегі агар мен су) 10-15 минут ұстайды (жақсы
ісінуі үшін). Сонан кейін оны, біркелкі коллоидтық ерітінді
түзілгенше, 70-800С-га дейін қыздырады. Майда түйіршікті агарды
қоректік ортаға бірденнен қосуға болады.
50-60°С-ға дейін қыздырылған қоректік ортаны ыстық агар
ерітіндісімен араластырып, үстіне өлшегіш ыдыстың белгісіне дейін
жылы су құяды. Дайындалған қоректік ортаны ұлпа өсірілетін
ыдыстарға құяды. Егер ыдыстарға қоректік ортаның бірдей
көлемдерін құю керек болса пипеткаларды, цилиндр немесе
дозаторларды пайдалануға болады.
Қоректік орталарды инфекциядан сактау үшін ұлпалар өсірілетін
ыдыстарды
гигроскопиялы
емес,
алдын
ала
автоклавта
залалсыздандырылған тығынмен жабады. Мұндай тығындар ыдыстың
ішіне ауаны жақсы өткізіп, қоректік ортаның құрамындағы ылғалдың
булануына кедергі жасайды.
Тығын ретінде жұқа алюминий фольгасын да пайдалануға
болады. Ол үшін төртбұрыштап кесілген фольганы бір қолдың
саусағымен ыдыстын (мысалы, пробирканың) бетіне басып, скінші
қолмон фольганы ыдыстың сыртына тығыз етіп майыстырады.
Ыдыстың ішіне ауа фольга қалпақшаларының бүгілген жеріндегі
кішкентай саңылаулары арқылы өтеді. Фольга қалпақшаларын тек
бір-ақ рет пайдалануға болады, Мұндай ыдыстарды резінке немесе
қабықтан дайындалған тығындармен жабуға болмайды (ыдыс ішіне
ауа кірмегендіктен өсірілетін материал тіршілігін жалғастыра
алмайды).
Қорсктік орта құйылған ыдыстың сыртына шыны қарындашымсн
жазуға болмайды, себебі автоклавтау кезінде жазу ағып кетеді.
Сондықтан тек маркерлерді (спирт негізінде жасалған) ғана
пайдалануға болады, немесе тығын есебінде фольга пайдаланылса
оған белгілер салуға болады. Қоректік орта құйылған колбаларды
арнайы, жұқа темірден жасалған ыдыстарға, ал пробиркаларды
штативтерге орналастырады.
Қоректік орталарды 0,8-1,0 атм қысымда автоклавтау жолымен
стерильдейді. Стерилизациялау уақыты ыдыстағы коректік ортаның
көлеміне байланысты. Егер ыдыстағы ортаның көлемі 15-25 мл болса,
стерильдеу уақыты 15-25 мин, ал оның көлемі 1-4 л болса - 30-40
мин автоклавтауға тура келеді. Көлемі үлкен сұйықтарды
стерильдеуді, көбінесе, вертикальды автоклавта жүргізеді.
Автоклавтау аяқталған соң, оның қысымын бірте-бірте төмендете
отырып, прибордың ішіндегі қысым сыртқы орта қысымымен
тенелген жағдайда ғана оның қақпағын ашуға болады. Автоклавты
ертерек ашқан жағдайда, оның ішіндегі қысым сыртқыдан жоғары
болғандықтан, ыдыс ішіндегі сұйық қайнап, тығындар атылып кетуі
мүмкін.
Қоректік ортаның бактериалармен залалданбағандығын тексеру
үшін оны 4-6 күнге 20-25 С температурада бөлмеде қалдырады. Осы
уакыттың ішінде залалданған қоректік ортасы бар ыдыстарды тез
арада алып кету керек, олай болмаған жағдайда зертхана ауасының
бактериалармен залалдануы мүмкін. Осыдан кейін оларды 4-7 С
температурада 2 аптаға дейін сақтауга болады.
Достарыңызбен бөлісу: |