Өсімдік майларының сапасын сараптау кезінде ең алдымен стандарттармен нормаланатын органолептикалық көрсеткіштерді анықтайды, оны май түрін айқындау және балғындылық дәрежесін анықтау үшін жүргізеді
Өсімдік майларының сапасын сараптау кезінде ең алдымен стандарттармен нормаланатын органолептикалық көрсеткіштерді анықтайды, оны май түрін айқындау және балғындылық дәрежесін анықтау үшін жүргізеді.
Өсімдік майларының сапасын сараптау кезінде ең алдымен стандарттармен нормаланатын органолептикалық көрсеткіштерді анықтайды, оны май түрін айқындау және балғындылық дәрежесін анықтау үшін жүргізеді.
Май сапасын бағалау үшін, сонымен қатар МЕМСТ бойынша нормаланатын физика-химиялық көрсеткіштер мен қауіпсіздік көрсеткіштері орнатылады. Май сапасын бағалағанда мөлдірлігіне, түсіне, дәміне және иісіне назар аударады. Дезодоратталған рафинадталған май мөлдір, тұнбасыз, иіссіз болу керек. Зәйтүн майында әлсіз білінетін табиғи дәм мен иіс болу керек, Қыша майы өзіне тән дәм мен иісті, бөтен иіссіз; күнжіт майы – жағымды нәзік дәмді, ашымаған болу керек. Рафинадталмаған майда кішкене тұнбаның болуы рұқсат етіледі. Физико-химиялық көрсеткіштерден стандартпен түс саны, қышқыл саны, ылғалдылығы, ұшқыш заттар мөлшері, йод саны және т.б. нормаланады.

Өсімдік майлардың ақаулары
Өсімдік майларды буып-түю және тасымалдау
Өсімдік майларын тоғанақталған және тоғанақталмаған түрде өндіреді. Бөлшек саудаға арналған рафинадталған дезодоратталған өсімдік майларын міндетті түрде тоғанақтайды. Бөлшек саудаға арналған өсімдік майларын тұтынушылық ыдысқа – сыйымдылығы 250, 500, 1000 мл шыны және полимерлі бөтелкелерге тоғанақтайды. Май құйылған бөтелкелерді тығынмен тығындайды, әрбір бөтелкеге затбелгі жабыстырады, онда өндіруші-кәсіпорынның аты, оның мекенжайы, тауарлық белгісі (кәсіпорында бар болса), май түрі мен сұрпы, граммен өрнектелген нетто массасы, құйылған күні мен стандарт немесе техникалық шарт нөмірі көрсетіледі.
Құйылған күнін компостермен немесе қақпағына басу арқылы көрсетуге болады. Май құйылған шыны бөтелкелерді ұялы жәшіктерде, ал полимерлі ыдыстағы майды картон жәшіктерде тасымалдайды. Өсімдік майларын тасымалдауға қолданылатын ыдыстар таза, құрғақ, бөтен иіссіз болу керек. Ашық көлікпен тасымалдау кезінде май салынған жәшіктер атмосфералық жауын-шашыннан қорғалу керек. Сонымен қатар өсімдік майларын тасымалдау ыдысына құяды: теміржол цистерналары, люктары жабылатын автоцистерналар, сонымен қатар болат бөшкелер мен флягтар. Цистерналар тамақ өнімдерін тасымалдауға қойылатын талаптарға жауап беру керек.