Күнбағыс. Ол күрделі түстес отбасына жатады. Күнбағыс отаны – Солтүстік Америка. Ол 16ғ басында Еворпаға әкелінді. Оның 28 ден астам түрі бар және олардың көбісі көп дасушалыларға жатады. Күнбағыс өсімдіктерін бір жылдық мәдениеттерге жатқызады. Оның мықты әрі ірі сабағы 2,4 – 4м дейін болады. Оның таза ядросын зерттейтін болсақ, ондағы май 70%ға дейін болады. Оны арнайы жолмен ядросынан айырады және күнбағыс корзиналарын пектин және басқа өнімдер алу үшін пайдаланады. Ол маргарин мен майонез өндірісінде, сонымен қатар көкөністер мен балық консервілерін жасауда негізгі шикізат ретінде кеңінен қолданылады. Күнбағыс майы тазартылған және тазартылмаған сатылымға шығады. Тазартылған май да иіссізденеді, яғни иіссіз.
Тазартылмаған күнбағыс майы қара түсті және ерекше ерекше иіске ие; сақтау кезінде ол тұнба түзеді. Тазартылмаған күнбағыс майы атеросклероз және холестерин деңгейі жоғары адамдарға ұсынылады.
Мақта. Бұл біздің мемелкеттегі өсімдік майының шикізаты бойынша екінші орындағы өсімдік болып табылады. Мақта майы тамақ өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Мақта өсімдігі мальвовый отбасына енеді. Мақта өсімдігінің ұрығы – домалақ – жұмыртқалы түрдегі қорапша . ол қорапшаның ішінде мақта – сырец болады. Бір қорапшада 25 – 35 ұрық болады. Ол өз кезегінде 2-3 және 10г дейін мақта – сырец бере алады. Мақта өсімдігінің бір бұтағынан 200 және одан да көп ашылған қорапшалар алынады. 1000 ұрықтың массасы 80 – 160г дейін болады. Мақта өсімдігінің ұрықтары жұмыртқа формалы және және екі қабатты болып келеді. Сыртқы қабаты – ағаш түстес болып, қара қоңыр түске айналған. Ал ішкі қабаты пленкадан тұрады және өте жіңішке болып келеді.
Жүгері-Ашық сары, мөлдір, иіссіз. Ол сатылымға тек тазартылған түрінде шығарылады. Оның күнбағыс немесе соя майынан ерекше артықшылығы жоқ, дегенмен бұл майдың құрамында көптеген пайдалы ілеспе заттар бар, бұл оны өте танымал етеді. Жүгері майы полиқанықпаған май қышқылдарына, F және Е дәрумендеріне бай, холестериннің қандағы бөлінуіне ықпал етеді.
Рапс. Бұл біздің мемелекетте үлкен перспективаға, яғни даму мүмкіндіктеріне ие май алатын шикізат түрінде қолданылатын өсімдік. Оның рафинирленген түрін маргарин өндірісінде жақсы қолданады. Рапс – бір жаздық өсімік, оның ұрығы – стручок, онда сұр – қара дәндері немесе ұрықшалары бар. 1000 ұрықтың салмағы 3 – 7г. Ондағы майдың құрамы – 45 - 50% болады. Оның ұрығын қабығын аршуынсыз өңдейді, Рапс шротында 40% ақуыз болады және ол өз кезегінде құс немесе мал түрлеріне арналып жасалынатын комбинирленген жемде пайдаланылады.
Зығыр -Биологиялық құндылығы жағынан бірінші орында. Зығыр тұқымы F дәруменіне ең бай (маңызды май қышқылдары). Зығыр майы миды тамақтандырады, жасушалардың метаболизмін жақсартады, жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді, іш қатуды жояды, терінің күйін жақсартады, сонымен қатар холестерин деңгейін төмендетеді. Зығыр майы оңай тотығады және оны жарық пен ауадан қорғау керек. Диетологтар зығыр майын салмақ жоғалтуға арналған өсімдік майы ретінде ұсынады.
Соя- Батыс Еуропада, АҚШ пен Қытайда жиі кездеседі. Ол тағамда тек тазартылған түрінде қолданылады; ол қатты иісі бар сары түсті сабан. Ол күнбағыс сияқты қолданылады. Соя майы басқаларға қарағанда балалар тамағына жақсы, өйткені құрамында орталық жүйке жүйесі мен көру аппаратын қалыптастыруға қажетті заттар бар. Соя майы, холестеролға қарсы күшті әсерінің арқасында, қандағы холестериннің жоғары деңгейіне ұсынылады.