«Өсімдіктер физиологиясы» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет4/18
Дата06.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#13086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Т- тургор қысым.

Плазмолиз жағдайда сору күші осмотикалық қысым сору күшіне тең болады. Соның үшін тургор жағдайда О ге тең болады. Т-О. Кейбір жағдайда сору күші осмотикалық қысымнан үлкен  болады. S Р мұнда плозмолиз күзетілмейді.Цитоплазма қабықтан ажырамайды. Протопласт көлемі кішірейеді. Жасушалар сыртынан толықды иірімдер пайда болады. Бұл жағдай циторриоз деп жүргізілмейді.



5-дәріс:

Тақырыбы: Пигменттер және олардың рөлі



Дәріс тезистері:

1.Пигменттердің химиялық құрамы, құрылысы және оптикалық қасиеттері.



Хлоропластар құрлымында негізінде 3 түрлі пигмент кездеседі. 
1. Хлорофилдер 
2. Каратинойттар
3. Фикобилиндер

М.С Цвет өзінің абсорбциялық хромотография әдісімен 1910 жылы хлорофил а және  б  сондай- ақ сары пигменттер барлығын анықтайды.

Хлорофилдер. 1981 жылы Француз химигі Пелъте және Кванттулар жасыл жапырақтан пигменттер ажыратып алып хлорофил деп атады.Неміс ғалымы Вилъштеттер оның химиялық құрамын зерттеді.Хлорофил * а* - С55 Н72 О5 N4 Мg 
Хлорофил * б *- С55 Н70О6 N4 Mg.Фишер оның струтурасын зерттеді.

Ол 4 пирол шеңберінен құралған порфирин қосылыстар, онда Mg , спирт финол бар екенін анықтады. Хлорофил сілтілер әсерінде хлорофилінен қышқылының натрилды тұзы , метил және фитол спирттерге ыдырайды. 
СООСН3 

С32Н30ОN4Mg +2NaОНС32Н30ОN4


СООС30Н39

СООNa

Mg + СН3ОН+С30Н39ОН СООNa метил фитол 

Хлорофил  а тоқ жасыл хлорофил б сары жасыл түсті болып хлорофил а хлорофил б  ға қарағанда мөлшері 20-400/0 артық болады.Соның үшін сулы экситракситта калойдты ерітінді пайдаланылады.Ацетон және спирт хлорофилді жапырақтан оңай ажыратады.Хлолофилдің ақуызбен комплекісі күшті болып әрқандай жағдайда өз қызметін атқарады.Хлорофил *а * фотосинтездеуші организмдерге тиісті пигмент жұтылған сәуле осы пигмент арқылы фотосинтез реакциясында тікелей қатысады .Хлорофил *а *қызыл спектордан 660-663нм және көк спекторда 428-430нм .Хлорофил *б *болса қызыл спектордан 642-644нм көкшіл 452-455нм-ге тең сәуле жұтады.Олар жасыл және инфра қызыл нұрларды жұтпайды .
Спектроскопта хлорофил жұтқан сәуле орны қарапайым болып көрінеді. Хлорофил жарықта өскен өсімдіктерде пайда болады қараңғыда өскендер сары түсті болып жарыққа алынғанда олар жасыл түске кіреді.Жарықты өсімдік жапырағы сарғаяды ол хлороз дейіледі. Бұл жағдай жапырақта Магний және Темір жетіспегенде кездеседі. Оның себебі хлорофил синтезі төмендейді хлорофилдің жалпы мөлшері 0,6-1,20/0-ті құрайды .
Каратинойдтар.Хлорофилмен бірге сары және қызыл пигменттер кездеседі оларды каратинойдтар деп атайды. Хромопластар сәбізде көп ұшырайды..Каратинойдтар хлорофилге Қарағанда 3 есе кем болады. Каратинойдтар 2 топқа бөлінеді. 1.Каротиндер 2.Ксанитофилдер.

Каротиндер (С40Н56)” бірнеше түрде -каротин олардың ішінде  хлоропласта кездеседі. Каротин 8 молекулалы изопрен қалдығынан құралған.Өкілдері Лютейн (С40Н56О2) Виолксантин (С40Н56О4) жақсы ериді және күшті жарық жоғары температура және қышқылдар әсерінде жеңіл ыдырайды. 

Каратинойдтар төмендегі жұмыстарды атқарады.
1.Фотосинтезге қажетті сәулені жұтады.
2.Хлорофилді күшті сәуледен сақтайды.
3.Фотосинтезде О2-нің бөлініп шығуында қатысады.

Каратинойдтар көк қызғыш және көк (480-530нм) нұрды жұтып хлорофил *а *-ға энергияны өткізеді. Өсімдік жапырағында 20 мг салмаққа дейін болады . Фикобилиндер.
Балдырларда жоғарыдағы пигменттерден басқа арнайы пигменттер кездеседі. Оларды фикобилиндер деп атайды. Оларға фикоэритрин және фикоцианин кіреді. Фикоэритрин (С34Н47N4O8) қызыл балдырларда фикоцианин (С34Н42N4O8) көк балдырларда кездеседі Олар күрделі ақуыздарға кіріп 4 пирол шеңберін қос байланыста болады ,
Фикоэритрин 498-508нм Фикоцианин 585-630нм –ге тең сәуле жұтады .Хлорофил *а *-ға береді. Бұл пигменттердің терең су асты балдырларында маңызы зор . Қызыл сәулелер 34м ,сары сәуле 180м,жасыл сәуле 320м, көксәулелер 500м тереңдікте жұтыла алады. Жалпы фикобилиндер сәуле энергиясының 900/0 хлорофилға ұзатады.
Хлорофилл (гр. chloros — жасыл және гр. phyllon — жапырақ) — Күн сәулесінің қуатымен фотосинтез процесін іске асыратын өсімдіктердің жасыл пигменті.

Хлорофиллдің бірнеше типі (Х. a, b, c, d) бар. Хлорофиллдің бұл типтері бактерияларбалдырлар, жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрамында кездеседі.

Фотосинтездеуші бактериялардың барлығына бактериохлорофилл пигменті тән. Химиялық құрылымы жағынан барлық хлорофиллдер пирролдыңмагнийлі тұздары болып табылады. Олардың молекулаларында төрт пиррол сақиналары өзара метилдік көпіршелері арқылы байланысып, порфиринядросын құрайды. Пиррол сақиналарындағы азот атомдары төрт үйлестіргіш байланыс арқылы тұтасады.

Порфириндік құрылымға бесінші болып циклопентан сақинасы жалғасқан. Тетрапиррол және циклопентан сақиналарынан құралған — хлорофилл молекуласының негізгі бөлігі форбин деп аталады. 4-пиррол сақинасының жанама тізбегіндегі пропион қышқылы күрделі эфирлі байланыс арқылы фитол спиртімен (С20Н39ОН) жалғасқан.

Хлорофилл молекуласындағы тетрапирролдық циклдің сырт жағындағы көміртек атомдары 1 — 10 сандарымен белгіленеді. Сол атомдардың 1, 3, 5 және 8-деріндеметил топтары, екіншісіне — винил, төртіншісіне — этил топтары жалғасқан.

Хлорофилл молекуласындағы магний атомы оның біраз маңызды физикалық-химиялық қасиеттерін анықтайды. Магнийдің тетрапирролдық құрылымға енуі хлорофиллдің спектрлік қасиеттерін біраз өзгертеді. Магнийдің әсері пиррол сақиналарындағы азот атомдары арқылы жүзеге асады. Порфирин құрылымындағы азот атомдарының мәні біркелкі болмайды: олардың екеуі үшінші азот (>N), қалған екеуі имминдік азот деп аталады. Сонымен қатар хлорофилл молекуласының күрделі қосындыларды түзушілік қабілеттілігі де магний атомына байланысты. Хлорофилл а пигментінің химиялық құрылысын зерттегенде оның фотосинтез процесінің үш қызметін — сіңірусақтау және қуатты өзгертуге бейімделгенін көрсетеді. Хлорофилл молекуласының үлкен бөлігі жарық қуатын қабылдап, оны фотосинтездің реакциясының ортасына тасымалдайды.

Бұл процесте хлорофилл молекуласының қозуы мен қуат Н) және аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) синтезделеді. Осы қосылыстарда шоғырланған қуат кейін Кальвин цикліне кіретін көміртектің биохимиялық айналымында қолданылады. Сонымен, хлорофилл сіңірген жарық қуаты фотосинтез процесі арқылы органикалық өнімдердің әлеуетті химиялық қуатына айналады.

Фототрофты бактерияларда фотосинтез процесіне хлорофиллдің аналогы бактериохлорофилдер қатысады.Н, НАДФқорын жинауы қатар жүреді. Хлорофилл молекуласының кіші бөлігі фотосинтездің реакциясының ортасына қосылған және тікелей фотохимиялық реакцияларға қатысады. Фотосинтездік орталықтағы хлорофилл молекуласы сіңірілген квант қуат арқылы молекулааралық электрон тасымалдау — тотығу-тотықсыздану процесін жүзеге асырады. Фотосинтездің алғашқы процестері кезінде тотықсыздырғыш өнімдер (НАД)



Хлорофилл кұрылымы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет