Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу Күні: Жұмыс мақсаты


Бұлшық ет ұлпасының құрылысын зерттеу



бет4/6
Дата04.04.2023
өлшемі254,28 Kb.
#79123
1   2   3   4   5   6
Бұлшық ет ұлпасының құрылысын зерттеу
Күні:
Жұмыс мақсаты:дайын микропрепараттар арқылы бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтары жасушаларының құрылысымен танысу.
Құрал-жабдықтар:микроскоп,бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтарының дайын микропрепараттары.


Жұмыс барысы
1.Бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтары жасушаларының құрылысын қараңдар.Олардың пішіндерін анықтаңдар.
2.Олардан ядроны табыңдар.Ядро цитоплазмада мембранаға қатысты қалай орналасқан?
3.Бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының тип тармақтарында цитоплазмасының боялуы қалай ерекшеленеді?
4.Жүрек және қаңқа ұлпасы жасушаларының негізгі айырмашылықтарын табыңдар.Олардың жасушалары бір-біріне қалай бірігіп жатады?
5.Өздерің көрген жасушалардың суретін салыңдар.Оның негізгі бөліктерін көрсетіңдер.
6.Олардың құрылысында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?Қорытынды жасаңдар.Кестені толтырыңдар.



Белгілері,ерекшеліктері

Бірыңғай салалы

Көлденең жолақты

Қаңқа

Жүрек

Ядро саны










Ядроның орналасуы










Жасушалардың пішіні










Цитоплазманың боялуы










Жасушалардың өзара байланысуы










Ағзада орналасуы










Қызметінің ерекшеліктері










№11 зертханалық жұмыс
Көру қабілетін зерттеу
Күні:
Жұмыс мақсаты:көру өткірлігі мен көру өрісін анықтауды үйрену
Құрал-жабдықтар:көру өткірлігін анықтауға арналған кесте,ұзындығы 5 метрлік рулетка,нұсқар,сантиметрлік таспа.
Жұмыс барысы
1.Кестені жарық жақсы түсетін жерге іліп қою керек.Егер жарық жеткіліксіз болса,оған қосымша электр шамымен жарық түсіріңдер.
2.Зерттелетін оқушыны кестеден 5 м қашықтықта орындыққа отырғызу керек.Оған бір көзін алақанымен немесе қалқанмен жабуды сұраңыз.
3.Зерттелетін оқушыға әріпті нұсқармен көрсетіп,атауды сұраңыз.Жоғары қатардан бастап ең төменгі қатарға түсіңіз.
4.Егер зерттелетін оқушы оныншы қатардағы әріптерді дұрыс атаса,демек,көру қабілеті қалыпты деп есептеледі.
5.Егер зерттелетін оқушы оныншы қатардағы әріптерді 5 м қашықтықтан ажырата алмаса,оған окулистке қаралу керек.
6.Көру өрісін анықтау үшін қолдарыңа картина алыңдар.

Жазбаша қорытынды жасаңдар.


-Көру өрісі қалыпты ма?
№12 зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет