Есту ерекшеліктерін зерттеу(есту қабілетін анықтау) Күні: Жұмыс мақсаты:есту қабілетін анықтау
Құрал-жабдықтар:сыбырлап сөйлеуді анықтауға арналған сөздер жазылған кесте,7 м-ден кем емес рулетка
Жұмыс барысы Жұппен жұмыс істеу керек:алдымен бір оқушы зерттелуші,екіншісі зерттеуші рөлін атқарады.Сосын рөлдерін ауыстырады.
1.Толық тыныштықта 6,5-7 м арақашықтықта зерттелуші кестедегі сөзді сыбырлап айтады.
2.Зерттелуші кезек-кезек біресе оң,біресе сол құлағын жауып,зерттеушінің сөзін қайталайды.Зерттеуші сөздің дұрыс не қате айтылғанын жазып алады.
3.Егер айтушының сөзі қате болса,арақашықтық біртіндеп 5 м-ге дейін қысқартылады.
Сыбырлап сөйлеуді зерттеуге арналған сөздер кестесіне мысал:
Жиілігі төмен сөздер Жиілігі жоғары сөздер
Бала Рига Вагон Саша Шұжық Басқа
Дәм Бөбек Мәре Жас Шұлық Босқа
Олжа Дін Өрік Шаш Тас Тіс
Үкі Қайрат Қалам Шай Құлық Шу
Мәре Ұн Өгіз Сіріңке Зат Шайға
Есту қабілетің туралы қорытынды жаса.Қалыпты есту 6 м-ден алыс қашықтықта,ал нашар есту 5 м-ден аз қашықтықта сыбырлап сөйлеуді анықтауға байланысты екенін ескеріңдер.
Соқыр дақты анықтау.Түстерді алмастыра отырып,сүйек және ауа өткізгіштігін анықтау Күні: Жұмыс мақсаты:торлы қабықтағы соқыр дақты табу.Түстерді алмастыра отырып,сүйек және ауа өткізгіштігін анықтау.
Құрал-жабдықтар:соқыр дақты анықтауға арналған суреттер,түрлі түсті бояулар:қызғылт,қызғылт сары,сары,жасыл,көк және т.б., қылқалам,суы бар ыдыс.Тербеліс жиілігі 128 Гц және 2048 Гц болатын екі камертон.
Жұмыс барысы 1.Соқыр дақты анықтау үшін сол көзіңді алақаныңмен жауып тұрып,қолдарыңа картина алыңдар.Қолсозым арақашықтықтан оң жақ көзіңмен қара түсті дөңгелекке қараңдар.
2.Ақырын суретті көзіңе жақындата отырып,екі геометриялық пішінді бір мезгілде көруге бола ма?Соны анықтаңдар.
3.Көзден қандай арақашықтықта бір бейне жоғалып кетеді?Бұл арақашықтықтың шамамен 15-25 см болуы мүмкін бе?
4.Оң жақ көзіңді жауып тұрып,сол көзіңмен де осы тәжірибені қайталап көріңдер.Бір бейненің жоғалып кететін арақашықтығы сәйкес келе ме?
5.Суреттегі бір бейненің көз алдынан жоғалып кететінін анықтайтын нақты білім саласы бола ма?
6.Шыны сынауықтың 2/3 бөлігін сумен толтырыңдар.Қылқаламмен,бояудың мөлшері бірдей болатындай етіп,сынауыққа азғана бояу салыңдар.
7.Таза сынауықтарға мынадай түсті бояуларды араластырыңдар:жасыл/көк;сары/қызыл;қызыл/көк;қызғылт сары/жасыл.
Сынауықтағы бастапқы зат қалатындай етіп алынған 3/1 бөлігіне дейін құйыңдар.
8.Оларды бастапқы түсімен салыстырыңдар.Нәтижесін сипаттап жазыңдар.
9.Камертон браншты алақанға (С128)немесе тізеге(С2048) бірдей күшпен соғу арқылы дірілдетеді.Камертон аяғын саусақпен жайлап ұстау керек екенін есте сақтау қажет.(оның дірілдеуін тоқтатпау үшін).
10.Ауа өткізгіштігін анықтау үшін камертонды сыртқы есту түтігіне құлаққа тигізбейтіндей етіп жақындатады.Камертонның екі браншы да,сыртқы есту түтігінің тесігі де жалпы бір жазықтықта болуы керек.*Есту мүшесінің бейімделмеуі және шаршамауы үшін әрбір 4-5 с сайын камертонды алыстатып,қайтадан құлаққа жақындату қажет.
11.Зерттелуші камертон дыбысын қанша секундта естіген уақытты белгілеп алады.Мәліметтерді кестеге жазып қою керек.
12.Сүйек өткізгіштігін зерттеу үшін камертон аяғын емізікше тәрізді өсіндіге тақап қояды.
13. Зерттелуші камертон дыбысын қанша секундта естіген уақытты белгілеп алады.Мәліметтерді кестеге жазып қою керек.
14.Қорытынды жаса.Кестені дәптерге сызып алып толтыр.