12-дарис Булшык ет улпасы- Организмдегі қозғалыс процестерді, (мысалы, қан тамырындағы, тағамның шеткі қозғалысын) және механикалық жұмыстарды атқарады. Жиырылғыштық қасиеті.Миофибрилдер жуандап және жіңішкеріп, қысқарып және ұзарып тұруға қабілетті.
бирынгай салалы булшык ет улпасы-
Ұзын ұршық формалы бірыңғай салалы ет клеткасы.Қуықтың қабырғасында тармақталып және тармақтары бір-бірімен қосылып синцитий түзеді
Ұзындығы 60 микрон нан 100мик
Диаметрі 2 мик- 20 мик
Клеткасында ұршық тәрізді бір ядро болады.
Клеткалары жиырылған кезде ядросы да иіліп, қысқарады. Протоплазмасындағы ядросының айналасында клетка орталығы, хондриосом, және ішкі торлы аппарат орналасады.
Протоплазмасын клетканың ұзына бойы бағытынада орналасатын миофибрилдер толтырып тұрады.
Бірыңғай салалы бұлшық ет клеткасында ерекше қабық болмайды. Колланег және эластикалық талшықтары бар дәнекер ұлпалық қабаттар өтеді. Эластикалық талшықтардың созылмалы – жиырмалы қасиетіне байланысты созылған бұлшық ет қайтып қалпына келеді. Бірыңғай салалы бұлшық ет мезенхимадан дамиды.
13-дарис
колденен жолакты булшык ет
Қанқалы көлденең жолақты бұлшық еттері де тарамыстар сияқты қүрделі шоғырлы құрылысты болады.
Бірінші реттік шоғырларда – болбыр дәнекер ұлпасы
Екінші – бір- бірімен тығыз дәнекер ұлпасы қабаттармен бірігіп, етті тұтас жауып тұратын қабыққа өтеді.
Үшінші дәнекер ұлпасы арқылы етті қоректендіретін қан тамырлар және нервтер өтеді.
Барлық жануарларда көлденең жолақты еттердің шығу тегі миотом болғанымен олардың дамуы біртекті өтпейді.
Регенерация тек төменгі сатыдағы омыртқалы балықтар мен амфибилдерде
ғана өтеді. Сүтқоректілерде көлденең жолақты еттердің регенерациясы болғанымен, ол толық өтпейді.
журек еты
Талшықтары шоғыр түзбейді, тармақталып, бір-бірімен тор тәрізді тұтас синцитий құрайды.
Жүрек етінің ерекшелігі – ет талшығын кессе көлденең кесіп өтетін сызабтар түзеді.
Сызабтардың қызметі әлі белгісіз.