10-дарис
Борпылдақ дәнекер ұлпа - барлық мүшелерде кездеседі, себебі ол қан және лимфа тамырларын жанамалайды және көп мүшелерде тірек кұрылымын түзейді. Борпылдақ дәнекер ұлпа жасушадан және жасуша аралық заттардан тұрады.
Дәнекер ұлпаның бұл түрі адам мен сүткоректілердің ағзасында кен тараған - тері астында, жасуша, ұлпа, мүшелер арасын толтырып. тамыр, жүйке жолдарында кездеседі.
Борпылдақ дәнекер ұлпада түрлі бағытта тәртіпсіз орналасқан қоллогендік және эластиндік талшықтар болады. Олардын арасында жасушалар орналасқан. Сонымен бірге бұл жерде қан жасушалары да кездеседі лимфоциттер, плазмоциттер және мокрофаттар. Борпылдақ дәнекер ұлпасынын жасуша аралық заты талшықтар аморфты заттан тұрады.
11-дарис
тЫҒЫЗ ТАЛШЫҚТЫ ДӘНЕКЕР ТІН
• ЕРЕКШЕЛІГІ: ЖАСУШАЛАРЫ АЗ БОЛАДЫ,ТАЛШЫҚТАРЫ КӨП БОЛАДЫ.АМОРФТЫ ЗАТЫ АЗДАУ БОЛЫП КЕЛЕДІ.
• ЛОКАЛИЗАЦИЯ:ТЕРІНІҢ ТОРЛЫ ҚАБАТЫ,СҮЙЕК ҚАБЫҒЫ,ШЕМІРШЕК ҚАБЫҒЫНДА. ТЫҒЫЗ ТАЛШЫҚТЫ ПІШІНДЕЛМЕГЕН
• ТАЛШЫҚТАРЫ РЕТСІЗ,ӘРТҮРЛІ БАҒЫТТА ОРНАЛАСАДЫ.
• ТАЛШЫҚТАРЫ КӨБІНЕКОЛЛАГЕНДІ.КОЛЛАГЕН ТАЛШЫҚТАРЫ ӨЗАРА ҚАЛЫҢ БАЙЛАМДАРҒА БІРІКТІРІЛГЕН.СОЛ СЕБЕПТІ,ОЛАР ТЫҒЫЗ БОЛЫП КЕЛЕДІ.КОЛЛАГЕНДІ ТАЛШЫҚТАРДЫҢ КӨПТІЛІГІНЕН БҰЛАРДА ЖАСУША ІШІЛІК ОКСИФИЛИЯ АЙҚЫН БАЙҚАЛАДЫ.
ОКСИФИЛИЯ ҚЫШҚЫЛДЫҚ БОЯУМЕН БОЯУ ҮДЕРІСІ.ОЛАРҒА:ОРЭНДЖ
G,ЭРИТРОЗИН.ПИКРИН
ҚЫШҚЫЛЫ,ЭОЗИН ЖАТАДЫ.
ТЫҒЫЗ ТАЛШЫҚТЫ ПІШІНДЕЛГЕН
• ЖАСУШАЛАРЫ АЗ,ТАЛШЫҚТАРЫ КӨП ЖӘНЕ РЕТТІ, ЖИНАҚЫ БОЛАДЫ.
• ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ:СІҢІРЛЕРДЕ, БАЙЛАМДАРДА, ФАСЦИЯ. ФИБРОЗДЫ МЕМБРАНАЛАРДА БОЛАДЫ - БУЫННЫҢ КӨМЕКШІ ЭЛЕМЕНТІ, КӨЗДІҢ МӨЛДІР ҚАБЫҒЫНЫҢ ӨЗІНДІК ҚАБЫҒЫНДА.
Шеміршек ұлпасы (хрящевая ұлпа); (textus cartilagineus, лат. textus — ұлпа; лат. cartilago - шеміршек) — қаңқа дәнекер ұлпасы. Шеміршек ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттардан құралған.
Жасушааралық заттың құрылыс ерекшеліктеріне байланысты ол: гиалинді, эластинді және талшықты шеміршек ұлпалары болып үш түрге бөлінеді. Гиалинді шеміршек ұлпасының жасушааралық заты мөлдір біркелкі болып келеді. Эластинді шеміршек ұлпасының жасушааралық затында эластин талшықтары, ал талшықты шеміршек ұлпасында коллаген талшықтарының будалары болады. Шеміршек ұлпасы сыртынан шеміршекқаппен (перихондрий) қапталған.
Шеміршек ұлпасының жасушаларына прехондробласттар, хондробласттар, хондроциттер жатады. Жасушааралық зат — шеміршек ұлпасының негізін құрайды. Оның құрғақ салмағының 50-70% коллагеннен тұрады. Жасушааралық заттың құрамына хондрин талшықтары мен хондромуконд (мукополисахарид) кіреді. Шеміршек ұлпасы организмде тіректік, қорғаныс және механикалық қызметтер атқарады.
Гиалинді шеміршек - ұлпаның ең көп тараған негізгі түрі. Сүтқоректілердің ересек организмінде олар буындардың үстін, қабырғалардың ұштарын, кеңірдекті және т.б. органдардың шеміршектерін құрайды. Гиалинді шеміршек тығыз, серпімді және түсі мөлдір болады. Шеміршектің жасушалары негізгі заттың ерекше қуыстарында орналасады. Көбінесе олар 3-4 жасушалардан тұратын топтар түзеді. Бұл топтар бір жасушаның бөлуінен пайда болатындықтан изогенді топтар деп аталады.
Қартайған сайын шеміршектің негізгі заты тығыздалып, жасушалары дискі тәрізді және бұрыш тәрізді болады.
Шеміршек жасушалары көбінесе бір ядролы кейде екі ядролы болады. Органоидтары жақсы жетілген. Шеміршектің жасуша аралық заты біркелкі болмайды. Микроскоппен қарағанда онда аморфты зат пен желімделген коллаген талшықтары да байқалады. Талшықтар өзара шырматылып тор түзеді. Шеміршек ұлпасының басқа ұлпалардан айырмашылығы ондағы аморфты затының химиялық қасиетінде. Шеміршектің аморфты заты протеиндерден хондриотино күкірт қышқылынан және альбумоидтан тұрады. Протеиндердің бір бөлігі хондриотино күкірт қышқылымен күшті қосылып хондромукоид түзеді. Ол шеміршектің негізгі заты. Шеміршектің негізгі затында коллаген мен хондромукоид біркелкі орналаспайды ол жануарлар мен адамдардың жасына байланысты. Адам есейген сайын шеміршектің негізгі затының ерекшеленуі айқындала түседі. Онда тұздар көп жиналып, кәрі шеміршек опырылғыш келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |