Серпімді шеміршек негізінде гиалин шеміршегіне ұқсас, бұның да жасушалары капсуламен қоршалып изогенді топтар құрайды. Оның түсі сары болады. Серпімді шеміршектен құлақ қалқаны, кеңірдектің кейбір шеміршек сақиналары құралады.
Талшықты шеміршек мұның негізгі затында каллоген талшықтары жинақталған.Омыртқа аралығында кездеседі.
Шеміршектің дамуы-гиалинді шеміршек басқа дәнекер ұлпалары сияқты мезенхимадан дамиды. Дамуы мезенхиманың тығыздалуынан басталады. Қаңқалы бөлімдер пайда болады. Ұлпа сұйығының химиялық қасиеті өзгереді. Онда шеміршектің затына ұқсас заттар пайда болады. Кейін олардан каллоген талшықтары дамиды. Шеміршектің осыдан бастап екі бөлімі, аралық заты және жасушасы айқындала басталады және жасушалары көбейе бастайды. Негізгі заттың базофильдігі артады. Ұрықтың шеміршектің айырмашылығы олар изогенді топ құрамай жасушалары бір-бірінен бөлек орналасады.
Өсуші организмнің сүйек ұлпасында клеткалардың үш түрі болады: остеобласт, остеоцит және остеокласт. Остеобласт – сүйек үлпасын түзуші клеткалар. өсуші сүйек ұлпасынынң бетінде орналасады. Оларға белокты синтездейтін клеткалардың ультрақұрылысы тән. Цитоплазмасында жақсы жетілген гранулалық эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, сонымен бірге РНК болады.
Остеоцит – бөліну қабілетінен айырылған жоғары дәрежеде мамандалған көптеген өсінділермен өзара жалғасқан жұлдыз пішінді сүйек ұлпасының негізгі клеткалары. Остеоциттер сүйек қуыстарында орналасады. Остеоцитттер сүйектің негізгі затын өндеуге және оған қаннан заттарды жеткізуге қатысады. Сүйек құрылысының өзгеруі кезінде остеоциттер қайтадан ұлпаның бетіне өтуі кері остеобластқа айналуы мүмкін.
Остеокласт – көп клеткалардың қосылуынан пайда болған мамандалған макрофагтар. Негізгі қызметі әктенген шеміршек пен сүйеті бұзып+талқандап+сіңіру. Сүтқоректілерге бұл клеткалар остеобластер мен остеоциттердің қосылуынан пайда болады, амфибийлерде – негізгі клеткалардан түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |