Қосымша ісік алды ауруды анықтауда дәрігердің тактикасы қандай?


«Меланома» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары



бет18/23
Дата19.12.2023
өлшемі388 Kb.
#140907
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Онко Корректированный

«Меланома» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары
1. Терінің меланома алды ауруларына қайсысы жатпайды:
А. шектелген Дюбрейль меланозы
Б. пигментті невус
В. пигментті ксеродерма+
Г. көк (көгілдір) невус
Д. алып түкті невус
2. Меланома келесі жасушалардан дамиды:
А. ретикулобласттардан
Б. гистеобласттардан
В. меланобласттардан+
Г. лимфобласттардан
Д. эндотелий жасушаларынан
3. Невустың малигнизациялану симптомдарына жатады:
А. невус өлшемінің тез ұлғаюы
Б. пигментацияның күшейіп, түсінің өзгеруі
В. невус айналасында гиперемия тәжінің пайда болуы
Г. түйін бетінің ойылып, қанталауы
Д. аталғанның барлығы+
4. Невустың малигнизациялануына септігін тигізетін факторлардың ішіндегі ең қауіптісі:
А. организмнің конституциялық ерекшелігі
Б. жынысы
В. жиі жарақаттану+
Г. жасы
Д. орналасуы
5. Меланома қай бағытта өседі:
А. тері үстінен көтеріліп, жоғары қарай
Б. тері қабатының тереңіне бойлай
В. тері бетімен
Г. астындағы тіндерге
Д. өсу бағытының барлығы ықтимал+
6. Меланома болжамына әсер ететін факторлардың ішіндегі ең маңыздысы:
А. организмнің конституциялық ерекшелігі
Б. жынысы
В. жасы
Г. Кларк бойынша инвазия тереңдігі+
Д. орналасуы
7. Денедегі пигментті невустың малигнизациясына күдік бар. Осы науқасқа қатысты Сіздің амалыңыз?
А. қабынуға қарсы ем тағайындау
Б. эксцизиялық биопсия жасау
В. криодеструкция жасау
Г. түзілісті ауқымды кесіп алып тастау және гистологиялық зерттеу+
Д. физиотерапия тағайындау
8. Егер емханадағы қабылдауда науқас терідегі қалдың қанауына шағымданса, мынаны анықтау қажет:
А. пигментті түзіліс туа біткен бе, әлде жүре пайда болған ба
Б. қал аймағындағы субъективті түрде не сезілетіндігі
В. қал жарақаттануы болды ма
Г. қалдың түсі өзгерді ме
Д. аталғанның барлығы+
9. Кларк бойынша 1-2 дәрежелі инвазия болған 1-2-а сатысындағы тері меланомасында келесі емдеу әдісі қолданылады:
А. түбегейлі хирургиялық+
Б. сәулелік ем
В. химия-сәулелік ем
Г. біріктірілген ем
Д. симптоматикалық ем
10. Кларк бойынша 4-5 дәрежелі инвазия болған 2-б, 3 сатысындағы тері меланомасында таңдалатын емдеу әдісі:
А. хирургиялық ем
Б. сәулелік ем
В. кешенді ем+
Г. иммунотерапия
Д. химиотерапия
11. Аяқтағы меланома шап лимфа түйіндеріне метастаз бергенде аймақтық лимфа түйіндеріне келесі операция жасау көрсетілген:
А. Ванах операциясы
Б. Крайль операциясы
В. Микулич операциясы
Г. Дюкен операциясы+
Д. Гартман операциясы
12. Науқаста пигментті дақтың қышуы байқалады. Дақ қою қара түсті, 0,3х0,5 см, тері үстінен көтеріңкі, беті суланып тұр. Сіздің амалыңыз?
А. динамикалық бақылау
Б. эксцизиялық биопсия
В. жанастырып жұғынды алу+
Г. хирургиялық жолмен алып тастау
Д. май жағып таңу
13. Меланома диагнозын анықтау үшін қолданылатын арнайы зерттеу әдістеріне жатпайды:
А. радиоизотопты
Б. термография
В. меланурияны анықтау (Якша реакциясы)
Г. ұлғайған аймақтық лимфа түйіндерінің пункциясы
Д. ісік биоптатын морфологиялық зерттеу+
14. Айрықша радиорезистенттілік танытатын ісік:
А. базалиома
Б. жалпақ жасушалы мүйізденетін
В. жалпақ жасушалы мүйізденбейтін
Г. меланобластома+
Д. майда жасушалы рак
15. Терінің қандай аурулары меланома алды ауруының облигатты түріне жатады:
1. дерма ішілік невус
2. Боуэн ауруы
3. Дюбрель меланозы
4. қарапайым пигментті дақ
5. шекаралық невус
А. 1,4
Б. 1,3+
В. 3,5
Г. 2,5
Д. 1,5
16. Терінің қандай өзгерістері меланомаға тән:
1. ортасы ойықталған сары түстес тығыз консистенциялы төмпешіктің пайда болуы
2. невус айналасында гиперемияланған тәждің пайда болуы
3. невус көлемінің тез ұлғаюы
4. невус түсінің күшті контрастты жаққа өзгеруі
5. Кенинг симптомының оң болуы
А. 2,3,4+
Б. 1,3
В. 2,5
Г. 3,5
Д. 1,5
17. Тері меланомасының қандай белгілері ісіктің жан-жағына қарай таралғандығын көрсетеді?
1. невустың тез өсуі
2. невуста тері қышуының байқалуы
3. невус айналасында гиперемияланған тәждің пайда болуы
4. сателлиттердің болуы
5. Якша сынамасының оң болуы
А. 3,4
Б. 1,3
В. 2,3,5
Г. 4,5+
Д. 1,2
18. Қандай жағдайларда меланомаға әйнекті тигізіп жағынды алып, цитологиялық зерттеу жүргізуге рұқсат етіледі
1. сателлиттер болғанда
2. беті эрозияланғанда
3. меланома тез өскенде
4. терінің қышуы пайда болғанда
5. меланома ыдырағанда
А. 1,5
Б. 3,4
В. 2,5+
Г. 1,2
Д. 1,3
19. Денедегі пигментті невустың малигнизациясына күдік бар. Сіздің амалыңыз?
1. пункциялық биопсия
2. физиотерапия жүргізу
3. қабынуға қарсы ем жасау
4. ісікті сау тін ішінде ауқымды кесіп алып тастау және гистологиялық зерттеу
5. диспансерлік бақылау
А. 1,2,3
Б. 1,3
В. 2,4
Г. тек қана 4+
Д. 3,5
20. Қандай факторлар невустың малигнизациясына әкеп соғады:
1. ұзақ күн инсоляциясы
2. жынысы
3. жиі жарақаттану
4. орналасуы
5. жасы
А. 1,2,4
Б. 1,3+
В. 2,4
Г. 2,4,5
Д. аталғанның барлығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет