«Сүт безі» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары 1. Сүт безін тексеруді менструальды циклдің қай мерзімінде өткізу керек:
А. етеккір келген кезде
Б. етеккір келердің алдында
В. етеккір біткеннен соң 5-7 күннен кейін+
Г. кез келген уақытта
Д. барлығы дұрыс емес
2. Сүт безінің фиброаденомасы кезінде келесі симптоматика байқалады:
А. Пайер симптомы оң+
Б. умбиликация симптомы оң
В. алаң симптомы оң
Г. емізіктен қанды бөліністің шығуы
Д. аталған симптомдар болмайды
3. Сүт безінің рагы бойынша қауіп-қатер сигналы болып табылады:
А. сүт безіндегі тығыздану
Б. жүктілік пен бала емізуге байланысты емес, емізіктен шығатын кез келген сипаттағы бөліністер
В. емізік немесе ареола аймағында эрозияның, қабыршақтардың, ойылудың пайда болуы
Г. бір жақ сүт безі ісініп, көлемі ұлғайып не кішірейіп, мүшенің себепсіз деформациясы
Д. аталғанның барлығы+
4. Сүт безінде көлемі 2,5х3 см тығыздалған жер сезіледі, үстінде «алаң» белгісі оң. Қандай ауру туралы ойлауға болады:
А. фиброаденома
Б. түйінді мастопатия
В. киста
Г. рак+
Д. созылмалы мастит
5. 52 жасар ауру әйелде осыдан екі айдай бұрын оң жақ сүт безінің емізігі суланып, ареола қатая бастады, сосын ареоланың кейбір жерлері жаралана бастады және қабыршақтар пайда болды. Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Қандай ауру туралы ойлауға болады:
А. мастит тәрізді рак
В. ісік шекаралары анық емес
Г. пальпация кезінде қатты ауыру+
Д. лимон қабығы белгісінің болуы
7. Сүт безі рагының бейинвазивті 1 сатысын қалай емдеу қажет?
А. Холстед бойынша түбегейлі мастэктомия