Қосымша материалдар, қалдықтар. Жалпы технология бұл табиғи ресурстарды адам өміріне пайдалануға қажетті өнімдерге дейін өңдеудің тиімді жолдары. «Технология»


Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптар. Шикізат



Pdf көрінісі
бет7/44
Дата28.03.2023
өлшемі1,26 Mb.
#76777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
8. Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптар. Шикізат 
ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасы.
 
Химиялық-технологиялық процестерде қолданылатын шикізат келесі 
талаптарды қанағаттандыру керек: Соңғы өнімге өңдеу сатыларының 
санын азайту; Шикізатты химиялық өзгеріске дайындауға және процесті 
жүзеге асыруға энергетикалық, материалдық шығындарды аз жұмсау; 
Бастапқы энергияның максималды шығынсыз жұмсалуы; Әрекеттесуші 
заттардың агрегаттық күйінің өзгеруіне төмен температура, қысым және аз 
энергия жұмсау; Реакциялық қоспада мақсатты өнімнің концентрациясын 
арттыру. Шикізатты кешенді пайдалану қазіргі химиялық технологияның 
маңызды міндеттерінің бірін шешуге жол ашады, шикізатты және өндіріс 
қалдықтарын толықтай пайдалануға жақындатады. Бұл шикізат қорын 
кеңейтуге, шығаратын өнім көлемін ұлғайтуға, шикізат пен энергия шығынын 
азайтуға және сондай-ақ қоршаған ортаны өндірістік қалдықтармен ластауды 


да азайтады. Шикізатты кешенді пйдалану өндіріске жұмсалатын күрделі 
қаржы мөлшерін азайтады, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді және өндірістің 
техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсартады. ШКП-дың экономикалық 
тиімділігін былайша есептеуге болады: 
 
9. Шикізатты дайындау және байыту. Байыту процестері.
Шикізатты өңдеуге дайындау 
Шикізаттың агрегаттық күйі негізінен оның тасымалдану және өңдеуге 
дайындау әдістерін анықтайды. Жер қыртысынан өндірілетін шикізат 
құрамында мақсатты компоненттен басқа пайдасыз (бос жыныс) және 
зияндыбөгде заттар болады. Көп жағдайда зиянды бөгде заттардың мөлшері 
жоғары болғандықтан, шикізатты байыту үдерісі жүргізіледі. Шикізатты 
өңдеуге дайындаудың маңызды әдістерінің бірі – оны байыту 
Байыту операциясы – шикізатты өңдеуге жұмсалатын шығынды азайту, 
өнімнің сапасын жақсарту және шикізатты өндіріске тасымалдауға 
жұмсалатын шығынды азайту үшін қажет. Байыту нәтижесінде құрамында 
пайдалы заттардың мөлшері аз шикізаттың орнына концентрленген шикізат 
алынады. Байытылған шикізатты қолдану барысында шикізаттың химиялық 
өзгеру жылдамдығы жоғарылау нәтижесінде өнімнің өзіндік құны төмендейді, 
сапасы, техникалық үдерістердің интенсивтілігі артады, отын шығыны 
төмендейді. Байытуға қатты материалдар – әртүрлі тау жыныстары; сұйық 
материалдар – ерітінділер; газдар ұшырайды. Олар шикізат компонентінің 
физикалық, химиялық, физикалық-химиялық қасиеттерінің әртүрлігіне 
негізделген.
Шикізатты байыту. Шикізатты байыту – концентраттағы негізгі компоненттің 
мөлшерін арттыру және бос жынысты бөлу үшін минералды шикізатты 
өңдеудің физикалық және физикалық-химиялық әдістердің жиынтығы. 
Шикізатты байыту принциптері: 
1.Гравитациялық байыту (ылғалды және құрғақ) ауа немесе сұйық ортада 
ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу жылдамдығының бөлшек 
тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тәуелділігіне негізделген. Бұл әдіспен 
негізінен қаттылығы немесе тығыздығы әртүрлі минералдарды бөледі. 
Көбінесе, ылғалды байыту сулы ортада орындалады. 
2.Электрмагниттік байыту ұсатылған заттардың магнитке тартылу қасиетіне 
негізделген. Ұсатылған шикізат магнит сепараторынан өткенде магнитке 
тартылатыны және тартылмайтыны екі фракцияға бөлінеді. Электрмагниттік 


байыту әдісі көбінесе темір кендерін – магнитті темір (магнетит) қызыл темір 
тас, қоңыр темір тас, темір колчедан және т.б. байытуға қолданылады, осы 
әдіспен шикізатты ұсақтағанда сырттан қосылған темірлерді, темір жаңқасын 
қоладан бөліп алуға болады. 
3.Электрстатистикалық байыту – ұсақталған шикізат құрамындағы әртүрлі
бөлшектердің 
электр 
өткізгіштігінің 
өзгешіліктеріне 
негізделген. 
Электрстатистикалық сеператорларда магнит өрісінің орнына жоғары вольтты 
ток түзеткіштерінің теріс полюсіне жалғасқан электродтар орнатылады. 
Электр өткізгіштігі жоғары минерал бөлшектері теріс зарядталады да, тебіліп 
алыстағы бункерге түседі, ал диэлектриктер транспортер лентасының 
астындағы бункерге жиналады. Осылай электр тогын өткізетін кендерді 
өткізбейтіндерден айырып алады. Флотация - физика-химиялық байыту әдісі, 
әрі көп қолданылатын әдіс. 
4.Термиялық байыту ұсатылған шикізатқ ұрамындағы компоненттердің балқу 
температураларының айырмашылығына негізделген. Мысалы: гипс 
құрамындағы сап күкірт шикізаты 150-200 С қыздырғанда элементарлы 
күйінде бөлінеді. 
5.Химиялық байыту шикізат құрамындағы компоненттердің химиялық 
реагенттермен әрекеттесулерінің айырмашылығына негізделген. Химиялық 
реакциялар нәтижесінде қоспа құрамындағы компоненттер тұнбаға тұнуы, 
газға айналуы, балқыған күйінде, т.б. құбылыстарға ұшырауы мүмкін 
6.Сұйық материалдарды байыту. Сұйық материалдарды байыту: еріткішті 
буландыру, ерітіндіге пайдалы компонентті үстемелеп қосу, ерітіндіден бөгде 
заттарды тұнбаға түсіру немесе оларды газ күйіне ауыстыру (бөгде заттарды 
буландыру – десорбция) сияқты әдістерге негізделген. 
7.Газдарды байыту белгілі бір газды бөліп алу олардың қоспа құрамындағы 
газдардың қайнау, сұйыққа айналу температураларының, ерігіштігінің 
айырмашылығына негізделген. Газдарды байыту әдістерінің көп қолданатын 
екінші түрі - сорбциялық әдісі газдардың сұйыққа немесе қатты заттарға 
(белгілі жағдайда-төменгі температура және жоғарғы қысымда) таңдамалы 
сорбциялануына негізделген. Әртүрлі заттардың қайнау температураларының 
айырымына негізделген әдіс ректификация. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет