Биотехнологияның даму тарихы. Биотехнология ежелгі заманнан басталды. Биотехнологияның даму тарихы
негізгі бес кезеңге бөлінеді:
1.Пастер эрасына дейінгі (1865 жылға дейін). Бұл периодта
биотехнолгиялық тәсілмен вино, қымыз, нан, айран, қатық сияқты
ферментативті тағамдар жасалған.
2.Пастер эрасы (1865-1940ж.ж). Продуцент микроорганизмдері белгілі болып
этанол, бутанол, ацетон, глицерин, лимон қышқылы, вакциналардың өндірісін
жүргізуге, ағынды суларды аэробты микроорганизмдер арқылы биологиялық
тазарту процестерін ұйымдастыруға мүмкіндік туды.
3.Антибиотиктер эрасы (1940-1960ж.ж). Пеницилин, стрептомицин және т.б.
антибиотиктер ашылып, жануарлардың клеткаларын культивациялау
технологиясы тағайындалып вирустық вакциналар алынды және стероидты
гормондардың биотрансформация технологиясы ашылды. 4.Постантибиотикалық эра (1960-1975ж.ж). Аминоқышқылдардың,
микробиологиялық белокты мұнай парафиндерін алу, кір жуатын ұнтақтарда
пайдаланылатын ферменттердің технологиялары ашылды. Глюко-жемістік
сироптарды алу үшін ферменттерді алып, оларды тасымалдаушыларға бекіту
технологиясы тағайындалған. Ағынды суларды аэробты өңдеу, биогаз алу,
қатты қалдықтарды анаэробты өңдеу ашылды. В2 және В12 витаминдерін,
сонымен қатар етті айырбастай алатын микроскопиялық саңырауқұлақты
микробиологиялық алыну тәсілі ашылды. Осы периодта биометаллургия-
рудалардан цинк пен мысты бактериалды сілтілеу туды.
5.Жаңа биотехнологиялық эрасы (1975 жылдан кейін). Микроорганизмдердің генін өзгертуге, оларға өсімдіктер мен жануарлардың
жақсы қасиеттерін көшіруге мүмкіндік беретін гендік инженерияның
дамуымен сипатталады. Бұл адам инсулинінің, интерферонның, соматропты
және өсіру гормондарының микробиологиялық технологиясын тудыруға
мүмкіндік берді.