Суды жұмсартудың ең тиімді әдістерінен бірі әкті-содалы әдісті фосфатты
әдіспен үйлестіру болып табылады. Жұмсарту процесі төмендегі процестерге
негізделген:
1) уақытша кермектілікті жою, темір иондарын жою және СО2 байланыстыру
үшін сөндірілген әкпен өңдеу:
Са(НСО3)2 + Са(ОН)2 -> 2СаСО3¯ + 2Н2О
Мg(НСО3)2 + 2Са(ОН)2 -> 2СаСО3¯ + Мg(ОH)2¯ + 2Н2О
FеSО4 + Cа(ОH)2 -> Fе(ОH)2¯ + CаSО4¯
CО2 + Cа(ОH)2 -> CаCО3¯ + H2О
2) тұрақты кермектілікті жою үшін кальцилендірілген содамен өңдеу:
3) Cа2+ және Мg2+ иондарын толық тұндыру үшін тринатрийфосфатпен
өңдеу:
3Са(НСОз)2 + 2Nа3PО4 -> Cа3(РО4)2¯ + 6NаHCО3
3МgCl2 + 2Nа3PО4 -> Мg3(PО4)2¯ + 6NаCl
Кальций және магний фосфаттарының ерігіштігі өте төмен болғандығы,
фосфатты әдістің тиімділігін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: