Осыєан орай, жасґспірімдердіѕ психологиялыќ денсаулыєын саќтауєа баєытталєан мидыѕ оптималды кїйін саќтау тјсілдерін жасау жјне туындаєан дисфункцияларды коррекциялау, ќазіргі кездегі ґзекті мјселелердіѕ бірі болып табылады



Дата06.01.2022
өлшемі183,5 Kb.
#14817
Байланысты:
курсавая


Кіріспе
Қоғамда болып жатқан күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, әскери құрылымдағы өзекті мәселелерді шешу үшін интелектуалды және қаржылық қорлардың рационалды бөлінуін және тиімді шоғырландыруды қажет етеді. Әскери оқуларға және әскери оқу бөлімдеріне кандидаттарды таңдау кезінде зерттеудің психофизиологиялық әдістерін қолдану, соңғы кезде кеңінен таралуда.

Әскери қызметке шақырылу бойынша алынғандарды, шартқа отыру негізінде келгендермен алмастыру концепциясына байланысты, әскери қызметке келушілерді дене сапасы жағынан және моральді дайындықпен келген контингентпен толықтыру өзекті мәселе болып табылады [1]. Алайда, әскерге шақырылғанға дейінгі және шақырылған жастардың денсаулық жағдайындағы жағымсыз қырлары берілген мәселенің орындалуын қиындатады.

Психофизиологиялық көрсеткіштер, адамның мамандық бойынша іс әрекетін есепке ала отырып, оның потенциалдық мүмкіндіктері жөніндегі көзқарасты кеңейтеді. Қазіргі кездегі әскери техника жинақтала білуді, зейіннің тұрақтылығы мен тез арада басқа жаққа ауысуын, есте сақтаудың жақсы болуы мен ақыл ой ширығуын қажет етеді. Бұл орталық жүйке жүйесінің функционалды жағдайларының көрсеткіштерін зерттеуді, яғни жасөспірім организміндегі психофизиологиялық ерекшеліктерді анықтауды қажет етеді [2-3].

Сонымен қатар, қазіргі кездегі маңызды проблемалардың бірі жас ұрпақтың әлеуметтік денсаулығы, бұл мәселе көп жақты психология-педагогикалық, медициналық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және комплексті болып табылады [4]. Когнитивтік процестер, әсіресе ойлау, адамдарда кезеңділікпен дамиды, бұл кезеңдердің өтпеуі мүмкін емес, себебі олардың әрқайсысы келесілерінің түзілуінде маңызды болып табылады.

Жасөспірімдік кезеңде өзін-өзі ұстауының күрделенуі ерекше қызығушылықты тудырады. Көптеген зерттеушілер осы жас кезеңіне ерекше көңіл бөледі. Жасерекшелік психологиясы мен физиологиясының мамандарының айтуынша, 17-19 жас аралығындағы адамдарда өзін-өзі ұстаудың саналы реттеу қабілеттілігі толық дамымаған. Негізделмеген тәуекелдер, үнемі лайықты себептер бола бермейтін, өз қылықтарының зардаптарын болжай алмайтындар аз емес [5].

Кейбір авторлардың болжамдары бойынша, жасөспірімдік шақтағы өзіндік реттелудің нәтижесі, жасөспірімдер психикасы дамуының өзара байланысқан және өзара әсер еткен факторлары мен дамудың әлеуметтік жағдайына әсер етуі ретінде көрініс береді.

Жасөспірімдік шақ балалық пен ересектік аралығындағы үшінші әлем сияқты, себебі олар биологиялық-физиологиялық және жыныстық жетілу аяқталған, алайда әлеуметтік жағынан есеймеген дербес тұлға болып табылады.

Осыған орай, жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын сақтауға бағытталған мидың оптималды күйін сақтау тәсілдерін жасау және туындаған дисфункцияларды коррекциялау, қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

1 Жасөспірімдердің қызметтік күйін бағалаудың өзекті мәселелері

1.1 Тұлғаның қоғамдық өмірге бейімделе білуінің негізі психофизиологиялық ерекшеліктері

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының ерекше әлеуметтік-экономикалық жағдайларында жаңаша ойлайтын, өмірлік ұсанымдары мен тұлғалық бағыттылығымен ерекшеленетін ұрпақ түзілді. Республикамыздың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайында ұлттық мектептің барлық сатысында білім мен тәрбие мазмұнын қайта құру қажеттілігі арта түсуде. Себебі қоғамның алға басуы көп ретте бүгінгі ұрпақтың қандай дәрежеде білім алып тәрбиеленуіне тікелей байланысты. Сондықтан да ұлттық мектептерде оқыту мен тәрбиелеу барысында этикалық-мәдениетті тұлғада ұлттық сана сезімді қалыптастыру қажет. Этикалық-мәдениетті тұлғада ұлттық сана мектептегі оқыту процесінің негізінде қалыптасады.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Республика Білім және Ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі – шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін, жеке тұлғаны мәдениетті, рухани биік деңгейде тәрбиелеу болып отырғандығына баса назар аударды [6].

Осыған байланысты жалпы адамзаттық қадір-қасиеттерінің мән-маңызын түсінетін білімді, ізгі ұрпақ тәрбиелеу мәдениетін тәрбиелеудегі ең негізгі мәселе жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие процесін ұлттық негізге құру болып отыр.

Ұлттық сана сезім өте күрделі рухани қайта құрылым. Бұл мәселе Ю.В.Бромле, В.И.Кузлов, П.И.Кушнер, Л.Н.Чебоксаров, Л.М.Дробижева, А.К.Қылмырзаева, О.Б.Мұхамедбердиева, А.К.Уледова және т.б. еңбектерінде қарастырылған [7, 8, 9].

Қалыпты психиканы зерттейтін ғылым психовалеология немесе пихофизиология – адамның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлығын, олардың физиологиялық негіздерін және табиғатын зерттейтін, психология мен физиологияның үндестігінен туындаған ғылыми пән.

Психофизиология ұғымын ХІХ ғасырдың басында француз философы Н.Массиас ұсынған. Психофизиология физиологияның нақты обьективті әдістеріне (сенсорлық жүйелердің табалдырық күшін анықтауға жауап реакциясының уақытын және т.б бағалау) сүйене отырып психиканың көптеген қасиетін зерттеуден басталған, жаратылыстану саласына да, әлеуметтік гуманитарлық цикліне де енетін ғылым. Пән ретінде білім беру бағдарламаларды жоғарғы, орта және арнайы оқу орындарындағы психология, биология, педагогикалық мамандар даярлайтын бөлімдеріне болашақта барлық мамандықтарға да қажетті, әрі бүгінгі ғылым енген білім саласында өз орнына да ие болатынына толық сенуге тұратын кешенді теориялық-эксперименталдық ғылым.

Психофизиологияның және физиологиялық психологияның да зерттейтін обьектісі де, қолданатын әдістері де физиологияның енгізінде болғандықтан, В.Вундтың ХІХ ғасырдың аяғында ұсынған физиологиялық психологиясы да немесе Н.Массиастың психологиялық физиологиясы да біртұтас мақсаттағы үндес ғылымдар.

Физиологиядан орталық нерв жүйесіне, жоғарғы нерв әрекетіне нерв жүйесінің интегративтік іс-әрекетіне, әрі психологияның жалпы және жеке қолданбалы тарауларына қысқаша тоқталғанда ғана, психофизиологиялық интегративтік ғылыми пәннің толық сипатын түсінуге жол ашылады. Әсіресе, П.К.Анохиннің функционалдық жүйелер (ФЖ) теориясы немесе организмнің функционалдық жүйесі ұғымы организмнің әртүрлі жағдайдағы белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттік реакцияларының психологиялық мәнін, олардың механизмдерін түсіндіреді. Бұл И.П.Павловтың рефлекторлық теориясының негізінде мазмұны одан әрі дамыту, нақтылау, тереңдету, кеңіту нәтижесінде пайда болған. Демек, ФЖ теориясы рефлекторлық теорияның жаңа сапалы деңгейі деп саналады [38].

Жас ерекшелік психологиясының көптеген зерттеулерінде атап өтілгендей, жоғарғы жасөспірімдік кезең тұлғалық қалыптасу процесінің қиындығымен, психологиялық дамудың жаңа түзілулерімен, өзімшілдігімен ерекшеленеді. Нақ осы кезеңде дүниетанымы, өзіндік – ойлауы, тұлғалық бағыттылығы белсенді түрде қалыптасады.

Л.И.Божовичтің пайымдауынша, [37] жасөспірімдік шақ ересектікке өтумен сипатталады және оның өту ерекшеліктері болашақта өз ізін қалдырады.

Автор сана-сезімнің дамуына байланысты, жасөспірімдік шақты екі кезеңге бөледі. Бірінші кезең 12-15 жас аралығында, мұнда өмірлік ұстанымның қалыптасуына әкелетін сана-сезім мен өзіндік айқындалудың дамуы, бұл кезде оқушы өзінің жеке өмірін бастайтын. Екінші кезең 15-17 жас аралығын қамтитын бастапқы жасөспірімдік шақ.

Өтпелі кезеңді зерттеушілердің көптеген жұмыстарына қарамастан, ересек өтпелі шақтан алғашқы жасөспірімдік шаққа дейін, қазіргі кезеңге дейінгі зерттеулер әлі толық зерттелген жоқ.

Ересек өтпелі шақтан алғашқы жасөспірімдік шаққа өту кезеңі терең рефлексиядан тұлға аралық қатынастар басымдылығына ауысуымен сипатталады.

Осы жастағыларға қарама-қарсы жынысты адамдармен тіл табысу өте қиынға түседі, ал үшіншілер үшін бұл қатынастар қиын аймақ болып табылады.

Бүгінде ересек өтпелі шақтан алғашқы жасөспірімдік шаққа өтетін тұлғаның бағыттылығы әлеуметтік дамудың жағдайын бейнелейтін сапалы өзіндік бейнелермен, сонымен қатар психофизиологиялық өзгерулермен сипатталады.

Л.С.Выготскийдің әлеуметтік-мәдениет теориясына сәйкес өтпелі, кезең ерекшеліктері мен жасөспірімдік кезең ұзақтығының түрленуі қоғамның даму деңгейіне тәуелді. Бұл процессте тұлға бағыттылығы маңызды роль болып табылады.

Ғалымның айтуы бойынша, «Жасөспірім педологиясы» жұмысында жасөспірімдік түсінік психологиясының шешімі бағыттылық проблемасында, қозғаушы күш проблемасында, баланың жұмылдыру және ұмтылу бейнесінде берілген.

Бұл жұмыста көпшілік қызығушылықтардың ішіндегі арманға ұмтылу белгісінде жүзеге асырылатын негізгі қызығушылық таңдап алынса, одан кейін жасөспірімнің өмірлік ұстанымымен байланыстырушы тұрақты реалистік тәжірибелік қызығушылық таңдап алынады. Ғалым жасөспірімдерде басымдылық көрсететін қызығушылықтардың бірнеше негізгі топтарын атап шықты. Оларға:"эгоцентрлік-басымдылық", "жігердің басымдылығы" және "арманның басымдылығы" жатады.

Сонымен, ғалым жасөспірімдік шақтағы жаңа түзілулердің негізгісі – тұлғаның бағыттылығы мен рефлекстік сезінулері негізінде өзіндік ойлау деп таныды.

Психиканың реттеу функциясын зерттеу, психологияның негізгі проблемасының бірі болып табылады.

Бұл көптеген іс-әрекет жиындарының түрлері, қылықтары, адамның белсенді бейімделуі кезіндегі қарым-қатынасы мен бірлескен физикалық, заттық, әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы және де туындаған проблемалары психиканың реттеуіштік функциялары арқылы жүзеге асырылуымен байланысты.

Тұлғаның өзін-өзі реттеу жүйелерінің параметрлерін есептеу арқылы тұлғаның белсенділігінің болашақтағы реттегіштік тенденцияларын, нақты жағдайын бағалауға болады [10].

Жастық шақ адамның болашақтағы өмірін анықтайтын жауапты шешімдерді қабылдау кезеңі, мамандықты және өмірдегі өз орынын таңдауы, дүниетанымы мен өмірлік ұстанымның түзілуі, өмірлік серік таңдауы, өз жанұясын құруы.

Тұлғаның сана-сезімі, өзіндік тұрақтылығы, Мен бейнесінің қалыптасуы жасөспірімдік шақтың маңызды психологиялық процесі болып табылады.

Идеал Менге ұмтылу жасөспірімдерде жоғары мотивтер мен сезімдерді, ерлік жасауға ұмтылуға тәрбиелеуге жақсы мүмкіндіктер туғызады. Жоғарғы сынып оқушыларында қоғам өміріндегі өз орны туралы түсініктері, өзін тұлға ретінде тану белсенді түрде қалыптасады, бұл өз кезегінде өзін-өзі танудың жоғарғы деңгейін құрайы.

П.Я.Ярмоленконың пайымдауынша, жасөспірімдерде өзін-өзі танудың қалыптасуының негізгі шарттары олардың қоғамдық өмірдегі, мектептегі, жанұядағы орнының өзгеруі, қоғамдық пайдалы және еңбек әрекетіне жұмылдыра бастау және осыған байланысты оларға тәуелсіздікке жол ашу. Жасөспірімдер өз кезегінде, жеткіншектерге қарағанда өздерінің қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершіліктерін сезіне отырып, пайдаға жарамды болуға тырысады. Осының барлығы жасөспірімдерде өмірлік бағытының қалыптасуының негізгі болып табылады.

Геккель-Мюлллердің биогенетикалық заңы бойынша онтогенез бұл филогонездің қысқаша қайталануы, ол тұлғаның социогенезі негізіне де тән, адамдық ойлауының дамуы пәндік ойлаудан басталады, ол жоғары ұйымдасқан жануарлар мен қазіргі адамдардың арғы аталарына тән; одан өз дамуын адамзат бастаған және одан өз жолын әрбір жеке адам бастайды [11].

Пәндік қызметте ойлаудың маңызды қасиеті оның қиындығы қалыптасады: өйткені тәжірибе бір жағынан қазіргі кездегі негіздік теорияларды толықтырушы білім шыншылдығының, екінші жағынан эмпиризмдік тәжірибенің белгісі.

Ойлау қиындығы жасөспірімдік кезеңдерден біліне бастайды, алайда қандай да іс-әрекетіне шек қойылған жасөспірімдер мен жас адамдардың қиындығы, өмірлік тәжірибеден айырылулары, сынаушылыққа және дәлелсіз скептицизмге айналуы мүмкін [12].

Психологтардың бағалауынша, өзін біреулерге ұқсату ие болудың маңыздылығын сонша, кейде тіпті адамдар заңды бұзуға дейін баруы мүмкін, яғни тек ұқсастықсыз қалмау үшін қоғамның жабыстыратын ұқсастыққа қарама қарсыны таңдап алуы мүмкін.

Шетелдік психологияда ұқсастық мәселесін Э.Эриксон кеңінен өңдеді. Эриксон эго-ұқсастық сезімін индивидтің өзінің ішкі тепе-теңдігін және ұқсастығын сақтауға қабілеттілігі өзгелердің тепе-теңдік пен ұқсастыққа берген бағасымен сәйкес келуіне сенімділігінің жоғарлауы ретінде анықтайды. Оның айтуынша, жасөспірімдік шақта сәтті ұқсастыққа қол жеткізудің негізі балалық шақта қаланады. Алайда жеке бастың ұқсастығы идентификациялайтын әлеуметтік топтың үлкен ықпалмен дамиды. Жастардың әлеуметтік, саяси және технологиялық өзгерістерге байланысты болатын стрестерге әлсіздігін Эриксон ұқсастықтың дамуына айтарлықтай кедергі келтіретін фактор ретінде қарастырады. Мұндай өзгерістер мазасыздық пен белгісідікті күшейтеді.

Жасөспірімдік кезеңде тұлғаның өзін-өзі бағалауында да жыныстық ерекшеліктер көрініс табады. Осыған орай В.Н.Кузницаның алған мәліметтерін келтіруге болады. Ол сыртқы келбеттің және тұлғалық сапалардың мәнді белгілерін анықтауда жыныстық ерекшеліктердің болатынын анықтады: қыздар өз сыртқы келбетін бағалауда бет әлпеттеріне көп көңіл бөледі, ал жігіттер бойы мен физикалық күшіне, оларда қыздармен салыстырғанда бет әлпеттің әсемдігіне қойылатын талап төменірек.

М.И.Пикельникованың зерттеулері бойынша, қыздардың өзін-өзі бағалаудағы негізгі сапалар қарым-қатынастық, кейде интелектуалды, ал жігіттерде интелектуалды және еріктік сапалар. өзін-өзі бағалаудың адекваттық деңгейі қыздарда жігіттерге қарағанда жоғары.

Жасөспірімдік кезеңде өзін-өзі танудағы тағы да бір маңызды ерекшелік, ол жасөспірімдердің алдымен өз денесінің, бет-әлпетінің ерекшеліктерін, содан соң барып қана адамгершілік – психологиялық, интелектуалды, еріктік сапаларын тануы.

Зерттеулер көрсеткендей, 11-сынып оқушыларының орта есеппен алғанда, өзін-өзі бағалаулары төмен, Мен күші әлсіздеу, ата-аналарының ықпалына әлі де болса тәуелді, өздерін өзгелерден ерекшеленбейтін, өзгелерге ұқсас ретінде және топтан бөлінбейтін, соның бір мүшесі ретінде таниды. Ата-аналарына көп ұқсағысы келеді. Эгоцентризм жоқ.

1-курс студенттерінің орта есеппен алғанда, өзін-өзі бағалаулары жоғарғы, Мен күші басымырақ, жоғарғы достары шығады, ата-аналарын өздерімен теңестіреді, өздерін өзгелерден ерекшеленетін адам ретінде таниды, ұстаздарына ұқсағысы келеді. Бұл біздің ойымызша, 1-курс студенттерінің кәсіби мамандықтарына байланысты оқу процесінде ұстаздарына еліктеуден туады. Эгоцентризм көрініс табады. 1 курс студенттерінің өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарының арту іс-әрекеттің күрделенуіне және қарым-қатынас шеңберінің кеңейе түсуіне байланысты болады.

Шетелдік және отандық әдебиеттерде көрсетілгендей, бұл объектілер сырттан келген қобалжулар негізінде тұлғаның ішкі жағдайы болып табылады.

Қобалжуы жоғары деңгейдегі адамдардың стресстік жағдайлар кезінде әрекеттерге қабілеттіліктері төмен болатынын Н.В.Имедадзе зерттеуі дәлелдеді [13].

Уоллок адамның комммуникабельдік деңгейі мен оның басқа адамдардың қатысына бейімделгіштіктігін зерттеді. Қобалжудың жоғары деңгейі, қоршағандармен қарым-қатынас құруына кедергі келтіретінін оның тәжірибелерінің нәтижесі көрсетті.

З.А.Агеева жүргізген бейімделгіштіктің психологиялық факторларының зерттеулері анықталғандай, қобалжуы жоғары және нерв жүйесі төмен тұлғаларда басқа балаларға қарағанда ағымдағы бақылау білімдерінің нәтижелерін сирек көрсетеді [14].

Емтихандық жағдай типологиялық фоны әртүрлі тұлғаларды аттестациялау кезінде, оларға біркелкі шарт болып табылмайды.

Л.Шеховцова мен оның бірлескен авторлары қарама-қарсы тұжырым жасады. Авторлар фондық қобалжудың жоғарғы деңгейі психологиялық құрылымы бойынша жұмыстың соңында мотивациялық алаңдаушылықтың басымдылығы ретінде, жоғарғы жауапкершілік сезімдері ретінде, мақсатқа жету қажеттілігі ретінде, қосымша ынталандырушы фактор болып табылады [16].

Т.В Середа стресс-факторларға бейімделудің ерекшеліктерін зерттей келе, дәстүрлі сұрақнама шакалаларымен анықталған тұлғалық қобалжу деңгейі, оқушылардың оқуға бейімделулерінің сенімді көрсеткіші бола алмайды, себебі мұндай қобалжу оқумен қатар, әлеуметтік және тұрмыстық факторлармен байланысады деп көрсеткен [15].

Қазіргі кезде, қобалжу мәселесі өтпелі және терең құбылысты болып келеді. Бірте-бірте қобалжу үйрету теориясында, динамикалық психологияда, психоталдауда, психотерапияда орталық орынға ие бола бастады.

Балалардың қобалжу мәселесіне көптеген ғалымдар көңіл бөлген. Ол әсіресе Рооло Мэйдің "Қобалжу проблемасы" жұмысында толық зерттелген [17]. Ол дәл осы проблемаға С. Хохл, О.Х.Мареро З.Фрейд, К.Ю.Юнг, Г.С.Салван көзқарастарын қарастырған.

Отандық психологияда бұл салаға А.И.Захаров, [18, 19] О.В.Хухлаева [20, 21] А.М.Прихожан [22, 23, 24] зерттеулер жүргізді.

Отандық психологияда көпшілік зерттеушілер төменгі мектеп жасындағы қобалжуға көп көңіл бөлген.

О.В.Хухлаева-ның пікірі бойынша, В.И.Габузов балалардағы невроз концепциясын жасап шығарды. Балалардағы үрей мен қобалжу ерекшіліктерін талдай келе, бала қобалжуының ар жағында түйсінетін және түйсінбейтін өлім үрейі тұрады деп есептеді.

Зейін – қазіргі танымдық үрдістер психологиясында жиі зерттелетін, әрі көптеген пікірталас туғызатын мәселелердің бірі. Барлық психологиялық бағыттар бұл ұғымда не жасырылғанын білу үшін түрлі құбылыстарды сипаттап және олардың механизімін ашуда зейін мәселесіне шығып отырған [25].

Зейінді зерттеуде шетел тұжырымдарында бірнеше ағым байқалады. Алғашында бөліп көрсетуге болатын тұжырым, зейінді айрықшы блоктың жұмысымен қамтамасыздандырылатын ақпаратты сүзгіш (фильтрация) немесе оларды асылдандыру (селекция) туралы.

Селекция блогын айырып көрсету зейінді бөлек психикалық үрдіс ретінде танылады. Зейінді белсенді алдын ала сезіп қоятын және ақпаратты қайта өңдейтін барлық жүйесінің жұмысы ретінде қарастыратын бағыттар да бар. Зейінді сенсорлы немесе ойлау жайттарын ақыл-ойдың күшін шоғырландыру ретінде талқылайтын теория ерекше орында [26]. Д. Канеманның моделі бойынша зейінді шектелген энегетикалық ресурс ретінде қандай да бір мәселені шешуге болады. Зейіннің үрдістері және күйлері әр түрлі негіздерге байланысты жіктеледі (классификацияланады): функцияларымен нәтижелері шығу тегі және механизмдері, себептері, шарттары мен қасиеттері.

Зейінде зерттеуге әдістемелік қатынастарды талдай, М.Позднер [27] үш бағытты көрсетеді: орындаушы және когнетивті іс-әрекеттерді әртүрлі сипаттауға бағдарланған зерттеу әдістемелері; субьективті сезімдерді талдауға негізделген әдістемелер, және саналы тәжірибе мен нейрональды механизмдердің байланысын зерттеуге арналған әдістемелер. Бірінші бағыт когнетивтік психология мен әртүрлі қолданбалы аумақтарда көбірек құрастырған. Көрсеткіші ретінде практикалық әрекеттердің нәтижелі әрі қатесіз, жылдам және нақты орындалуы, материалдарды қайта бейнелеу және тану, қабылданатын шешімдердің жылдамдығы мен қатесіздігі және т.с.с. Бұл жерде зерттеушілер [28] зейін үрдісінің обьективті түзетушісін табуға әрекеттенеді. Мысалы, көздің қозғаласы және басқа да бағдарлану реакциясының компоненттері.

М.Познердің пікірінше, [27,68] зейінді зерттеуде бұл әртүрлі үш бағыттар міндет қоюда да категориялық аппаратты пайдалануда да бір-біріне сәйкес келмейді. Ол көрсетілген бағыттарды ақпараттарды өңдеудің деңгейлі парадигмасын пайдаланып біріктіруді ұсынады. Мұндай қатынас отандас психологияның кейбір бағыттарымен сәйкес келеді. Зейін үрдістерін деңгейлі талдаудың әртүрлі қатынастарын ұсынған ғалымдар А.Р.Лурия, Б.Ф.Ломов, А.Н.Леонтьев.

Соңғы жылдары когнитивтік психологияда, психологиялық үрдістерді деңгейлі ұйымдастыруға байланысты еңбектер маңызды орын алады. Зейін үрдістерін талдауда әсіресе көп жоспарлы және көпдеңгейлі қатынастар: сана, іс-әрекет және физиологиялық үрдістер негізінде қарастырудың келешегі басым болып танылуда.

Зейінді ырықты және ырықсыз деп айыруды психологияның тарихшылары Аристотельден бастайды. Соны жалғастыра ырықты мен ырықсыз зейіннің қасиеттерін толық және жан-жақты сипаттау жүргізілген. «Ырықты зейінді барлық уақытта апперцептивті болады. Біздің қызығуымызбен сәйкес келсе зейінімізді белгілі обьектіге саналы күш жұмсай бағыттаймыз. Ырықсыз зейін, қандай да бір қабылдау обьектісіне тікелей бағытталғанда, сезімнің кездейсоқтығы мен көлемі және қарқындылығы стимул болады». Ырықты зейін алдын ала қойылған және орындауға қабылданған мақсатқа жету үшін қызмет атқарады. Ырықсыз зейін жағдайында адам жақын және алыс немесе оларға тәуелсіз зейінде болады.

Н.Ф.Добрынин [40] осы түрлердің сапалы ерекшеліктерінің іс-әрекетінің әртүрлі деңгейлерінде өзара ауыспалықтың мүмкіндіктерінде болатыны жайлы айтты. Негізгі ырықты зейіннен кейінгі бөлінулер мен оның әртүрлі нұсқауларына және көріністеріне Н.Ф.Довыдовтың өзі ұзақ жылдар бойы зерттеулер жүргізілген және оның оқушылары мен ізбасарларының жұмыстарында одан әрі жалғастыруда.

П.Я.Гальперин [36] зейін концепцияларын ұсынады. Ол зейінді іс-әрекеттің ішкі бақылауы сияқты қарастырды. Оның бойынша зейінді осы түрде қарастыру зейінді өзіндік көрініс сияқты елестетуге мүмкіндік береді, яғни бұл зейін феномендерінің өз бетінше өмір сүру формасын табуға мүмкіндік береді. Зейін жайлы мұндай елес оның ақыл-ой әрекетінің кезеңдік қалыптасуының жалпы теориялық контексінде дамыды.

Мектептегі қобалжу баланы психологиялық комфорт пен оқудағы қуаныштарынан айырумен қатар, балалар невроздарының дамуына ықпал етеді [22,98].

Мектептігі невроз себепсіз ашуланғаннан, мектепке барудан қорыққаннан, тақта алдында жауап берудені, көбінесе мектептегі қобалжу жағдайында көптеп байқалады.

Оқушы жайлы білу, оның психикалық ерекшеліктерін есепке алу, олармен корекциялық жұмыстарды дұрыс жүргізуге көмектеседі. Мектептік неврозбен күрескенде және коррекциялауда кешенді шаралар қажет: бала тұлғасының ерте даму диагностикасын жүргізу, оның жасқа сай және дербес ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, ата-аналар мен мұғалімдермен үнемі жұмыс істеуі.

Психикалық денсаулық – кең құбылысты элементтердің бірі, психологиялық денсаулықта адам тұлғасының жоғарғы көрсеткіштерімен тығыз байланысты тұлғалық денсаулық қарастырылатынын атап өту қажет. Медициналық терминдердің энциклопедиялық сөздігінде «денсаулық» термині физикалық жетіспеушіліктер мен аурудың туындамауы ғана емес, толық жан дүниесінің, физикалық және әлеуметтік қамтамасыз етілуі жағдайын білдіреді. Психосоматикалық медицинада соматикалық бұзылыстар психикалық жағдайдың өзгерістеріне байланысты қарастырылады.

Бірақ кардиологтар қазіргі заманғы апараттармен зерттеулер жасай отырып, мүлде бөлек жағдайды көрер еді. Табиғат бәрін де үйлесімді етіп жатқан. Бала ағзасы да бір қалыпты, біртекті, үйесімді түрде дамиды. Мысалы, жүректің митральды клапаны алып қарайтын болсақ, оның бүкіл өмір бойына дамиды. Ал, жүректің нитральды клапонын алып қарайтын болсақ, оның бүкіл өмірі бойына дамитынын, өсетінін көрер едік. Демек, себеп тез өсуге байланысты емес, жеткіліксіздігінен пайда болады. Карнитин – клеткалардың энергетикалық жүйесіне азық жеткізуді қамтамасыз ететін зат. Жасөспірімдерде дәл осы карнитиннің кемдігі себепті тез шаршау, жүйкелеп тұру пайда болып, жұмысқа қабылеті нашарлайды.

Ал карнитин негізінен еттің құрамында болады. Онда да тауықтың, балықтың етінде емес, біз (қызыл ет) деп атайтын сиырдың, қойдың етінде болады. Карнитин сүттің де құрамында болады. Ал балалар қазір сүттің орнына түрлі газдалған сусындар ішетін болды. Егер олар етті ағзаға жеткілікті мөлшерде қабылдайтын болса мұндай мәселе туындамай, бала қайратты да қажырлы, сергек болар еді. Сонымен, балалар денсаулығының мәселелері, балалар мен үлкендердің маңызды мәселелерінің бірі болуға тиісті. Балалар мен үлкендер арасындағы қарым-қатынастар әдістерінің формалары мен құрылымдары мынадай психологиялық ерекшеліктермен тікелей байланысады: баланың әрбір өзіндік даму кезеңдерін анықтайтын, өзінің денсаулығы жөніндегі көзқарасы өзінің денсаулығының қалыптасу процесін негіздейтін, денсаулыққа лайықты қарым-қатынас негізінле тұлғалық өсу мен құндылықтар қалыптасады [30].

Психологияның осындай маңызды жұмысын айта отырып, ол психологиялық әрекеттің өзіндік мақсаты емес және балалар дамуында нақты маңызды құрал болатын тәуекел топтарын айқындау екенін атау маңызды. Оның тұлғалық және психологиялық дамуындағы көптеген қиыншылықтар мен ауытқушылықтардан құтылуға мүмкіндік береді және баланың жаратылыс дамуын психологиялық сауаттылықпен жүргізгенде барлық мүмкіндіктер максималды жүзеге асады.


1.2 Жасөспірімдік шақтағы тұлғаның өзін-өзі тануының психофизиологиялық ерекшеліктері

Құндылықтардың психологиялық категориясы мотивациялық құбылыстардың класына жатады. Адам психогиясында құндылықтар позитивті немесе негативті эмоциялардың нақтылы бір-бірімен үйлесіп жүруінен туындайды, ал бұның негізінде адам өз жүріс-тұрысының немесе іс-әрекетінің белгілі вариянттарын таңдай алады. Құндылықтар бағдары интеграциялайтын, координациялайтын, тұрақтандыратын, стимулдық, танымдық, бейімдеушілік және реттеуші функцияларын анықтайды. Осы функциялардың жүзеге асуы тұлғаның тұтастығын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге құндылықтар бағдары сыртқы өзгерістерге обьективті тұрақтандырады, тұлға дамуының ішкі негізін активизациялайды.

Сонымен, құндылықтар бағдары өзіндік сана-сезім мен ұлттық сана-сезімнің құрылымының негізгі бөлшегі болып табылады, себебі ол адамның психикасының барлық деңгейлерін – қажеттіліктерден бастап идеяларға дейін-қамти отырып, адамның реалды жүріс-тұрысын реттейді.

Егер де ғалымдардың пікірлерін жалпылайтын болсақ онда ұлттық сана дегеніміз ұлттық идеялардың, көзқарастардың, сенімдердің жиынтығы болып табылыды.

Адамның психологиялық дамуы, тұлға ретінде құрылуы сана-сезімінің қалыптасуымен байланысты, яғни физикалық, рухани және қоғамдық ағза ретінде өзіне көңіл бөлуі мен ұғынуы.

Сана-сезім адам дамуының азығы, оның өміріндегі білімі болып табылады.

Ол баланың қоршаған ортамен белсенді іс-әрекеті барысында дамиды. Тұлға қалыптасуының бірінші кезеңдерінде, өзін-өзі бағалау генезисіндегі баланың ересектермен қатынасы шешуші мағынаны білдіреді [31].

Жасөспірімдік шақтағы өзін-өзі танудың қалыптасуы мәселесі осы кезеңде мұндай көпфакторлы, көпжоспарлы процесстің жаңа деңгейімен жаңа сипатқа ие болуына байланысты ерекше маңызды. Ол жасөспірімдердің қабылеттері мен индивидуалдық ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл әрекеттерін жүйелі түрде мақсатқа бағыттап, ұйымдастыруға да байланысты анықталады. Жасөспірімдердің өзіне-өзі жауапкершілік түсінігінің артуы, олардың өзін-өзі тануының сипатты белгілерінің бірі. «Өзін-өзі ересектерге ұқсатқысы келетін жеткіншекке қарағанда жасөспірім өзін-өзі шынайы ересек ретінде түсінуге тырысады» және «Мен қандай ересекпін?» деген сұраққа жауап іздейді.

Жасөспірімдік шақта өзін-өзі тану жаңа сипатқа ие болды, яғни «Мен» бейнесінің қалыптасуы кезінде зейін өз жеке тұлғасын бағалауға аударылады: «Мен қандаймын» және өзін-өзі танудың дамуы жасөспірімдердің өзіне, өз мінез-құлқына, өзінің істері мен іс-әрекеттеріне жауапкершілігінің артуымен анықталатындықтан, осы процеске ықпал ететін тәрбиелік шаралар ерекше мәнге ие бола бастайды.

Жасөспірімдік шақта «өзін-өзі табуға» ұмтылу алдыңғы қатарға шығады. Бұл «өзін-өзі табу», «үнемі принцпке сүйеніп отыру», басқа түскен қиындықты жеңу кезінде ересектердің пікірі мен кеңестеріне де қарамай «тәуелсіз» болу сияқты түсіндіріледі. Осыған орай Е.А.Шумилин былай деп жазады: «Мақсатты анықтап алып, оған жетуде кездескен бөгеттер мен қиындықтарды жеңу керек, сонда ғана сен «өзіңді-өзің табасың» жасөспірімдер жалпы осылай өздерінің өмірлік ұстанымдарын анықтайды». Жасөспірімдер айналасында болып жатқан оқиғалардан тыс қалғысы келмейді. Оларға «басқалардан қалып қалмау», «өмірдің мәнін сезіну» және т.б маңызды .

И.С.Конның пікірінше, [5,173] жасөспірімдік кезең өзін-өзі танудың негізгі кезеңі болып табылады. «Жасөспірімдік кезеңде адам алғаш рет өзі туралы шындап ойлана бастайды және өзін-өзі тануға ұмтылады».

Көптеген авторлардың пікірінше, жасөспірімдік кезеңде тұлға өзін-өзі іс-әрекет және қарым-қатнас субьектісі ретінде таниды. Жасөспірімдер өзіндік-әрекет субьектісі ретінде тани отырып, олар өздерінің өміріндегі орнын да таниды. Осыған орай, И.С.Кон былай деп жазды: «Жасөспірімдер өзі туралы мен кіммін? Деген сұрақты қоя отырып, ол тек өзінің жеке қасиеттері мен қоғамдағы орнын сипаттап беруді ғана талап етпейді, ол сонымен қатар мен кім бола аламын, менің мүмкіндіктерім мен перспективаларым қандай, осы өмірде мен не істедім және не істеуім керек? Деген сұрақтарға жауап іздейді. Ал бұл сұрақтарға адамның іс-әрекетіне қатыссыз обьективті түрде жауап беру мүмкін емес».

Жасөспірімдік шақтағы өзін-өзі танудағы қызмет әрекеттің жетекші түрін анықтау процессінің ішкі жағдайы болып табылады. Осыған орай, жасөспірімдік шақта оқу-кәсіби іс-әрекет барысында жүзеге асатын қоғамның құндылықтарын меңгерумен байланысты болатын іс-әрекеттің ерекше түрі жетекші болады.

Кеңес психологиясында жасөспірімдердің өзін-өзі тануы олардың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өз орынын белсенді түрде анықтауы ретінде түсіндіріледі. Л.И.Божович, И.С.Кон осы құбылыстардың негізгі белгісі ретінде жасөспірімдердің ересек адамдардың ішкі позициясын ұстануға, өзін қоғамның мүшесі ретінде сенінуге, өзінің өміріндегі орнын анықтауға, яғни өзін және өз мүмкіндіктерін тануға қажеттіліктерін көрсетеді [37,48; 5,173].

Л.И.Божовичтің пікірінше, жоғарғы сынып оқушыларында оқу әрекеті жетекші болып табылады [37,52].

И.С.Конның психикалық даму кезеңдерге бөлуінде жасөспірімдік шақта құнды бағдарлау іс-әрекеті жетекші болып табылады [5,175].

М.С.Каганның пайымдауынша, жасөспірімдерге жоғарғы доминантаның өзгеруі тән, алдыңғы қатарға сананың құнды бағдарлық іс-әрекеті, өмірдің мәнін іздеу және барлық өнегелік, саяси, эстетикалық идеяларды өздігінен анықтау шығады.

И.С.Кон жасөспірімдер өздерін басқалармен салыстыру барысында ғана тани алады деп есептеді. Оның пікірінше, жасөспірімдердің өзін-өзі тануға деген қызығушылықтардың артуы, олардың іс әрекетінің күрделенуі мен оларға ықпал ететін басқалар, яғни өзінің жүріс тұрысы мен өзін-өзі бағалауында еліктейтін адамдар мен топтар санының өсуіне байланысты.

Ж.И.Намазбаева [цит.54;5] өзін-өзі танудың бірнеше жолдарын таңдай келе, соның ішінде басқаларды тану арқылы өзін-өзі тануды ерекше бөліп көрсетеді. «Қарым-қатынас үрдісінде адамдар бірін-бірі танып, бірін-бірі баға береді». өзгенің осылай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады. Демек өзгелердің берген бағаларын ескере отырып, адам өзін-өзі бағалайды, таниды.

Қазіргі кездегі маңызды проблемалардың бірі жас ұрпақтың әлеуметтік денсаулығы, бұл мәселе көп жақты психология-педагогикалық, медициналық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және комплексті болып табылады [4,19].

Жасөспірімдер, әсіресе ұл балалар, ағзасы жылдам өсіп келе жатқан кезде спорт жаттығуларынан немесе белсенді ойындардан кейін кейде себепсізден тез шаршайтынын, кеуде тұсының ауыратынын айтып шағымданатыны бар. Үлкендердің бұл шағымға қайтаратын жауабы біреу ғана: «Сенің ағзаң біртекті өсіп келе жатқан жоқ. Жүрегің, қан тамырлардың дененің өсуіне үлгере алмай жатыр. Сондықтан орнынан тұр да, сабаққа кіріс» деп жатады [30,7].

Когнитивтік процестер, әсіресе ойлау, адамдарда кезеңділікпен дамиды, бұл кезеңдердің өтпеуі мүмкін емес, себебі олардың әрқайсысы келесілерінің түзілуінде маңызды болып табылады.

Затты-әрекеттік және көрнекі-бейнелік ойлаулар сөздік-логикалық ойлардың алдында дамиды, әрі олар пәндік іс-әрекет барысында қалыптасады.

Бұл іс-әрекет барысында қабылдау қасиеттері, кең ойлау, творчествалық елестету қалыптасады.

Ата-аналар мен мұғалімнің бала қылықтарын мақұлдайды ма деген оймен байланысты жайсыз сезінулер мен қорқыныштар мектептегі балаға үлкен ықпалын жасайды.

Ал А.И.Захаров, балалық жастағы үрейді тұлғаның невротикалық дамуының негізгі қозғаушы күші деп есептеді [18,127].

Нақты бейнелік қорқынышты үрейлердің азайғанымен төменгі сыныптағылардың түстерінде ғана көріне алатын қараңғы күштердің фантастикалық үрейлері, сиқырлы ағзалар, айдаһарлар, келімсектер, роботтар яғни әлеуметтік бейнелік үрейлер артып, үлкен орынға ие болды [21,208].

И.В Гарбузов, А.И.Захаровтардың айтуынша 7-11 жас аралығындағы балаларға эгоцентризмнің төмендеуі мен әлеуметтік бағыттылықтың артуы тән

[19,201].

Сонымен қатар, төменгі мектеп жасы-инстинктивті және әлеуметтік үрейлердің қиылысатын кезеңі болып есептелінеді.

Көрнекті-бейнелі ойлау дегеніміз заттарды лайықты негізбен ауыстыруы және оларды өңдеуі, ал сөздік-логика және түсініктемелер дегеніміз ұғымдарды өңдеуі яғни заттарды кескіндейтін олардың кең көлемдегі өзара байланыстары мен өзара тәуелділіктері. Пәндік іс-әрекет когнитивті процестердің пирамидаларының даму негізі.

Абстрактылы ойлауға бейімділік, ең алдымен, бозбалаларға тән. Осы жастағы қыз балалардың ұл балаларға қарағанда жақсы оқып, үлгерімдері басым болғанымен, олардың танымдық қызығушылықтары нақты айқындалмаған және дифференцирленбеген, олар абстрактты тапсырмаларға қарағанда нақты тапсырмаларды тез шешеді. Оларда ғылымиларға қарағанда, көркем-гуманитарлық қызығушылықтары басым келеді. Ал арманшылдық, интелектуалды ерекшеліктерге қарағанда, мінездік ерекшеліктермен тығыз байланысты.

Жастық шақтағы интелектуалды қызығушылықтардың кеңдігі шашыраңқылығы, жүйе мен әдісінің болмауымен ерекшеленеді. Көптеген жасөспірімдер өздерінің білім деңгейлерін, әсіресе ақыл ой мүмкіндіктерін арттырып қорытуға бейім.

Жоғарғы сыныптағылардың ақыл-ойының дамуы, қор түрінде жинақталуы мен тұлғаның қандай да бір қасиетінің өзгерісі ғана емес, сонымен қатар тұлғалық ой-әрекетінің ерекшелігінің қалыптасуы болып табылады.

Жасөспірімдік кезеңде өзін-өзі ұстауының күрделенуі ерекше қызығушылықты тудырады. Көптеген зерттеушілер осы жас кезеңіне ерекше көңіл бөледі.

Жас ерекшелік психологиясы мен физиологиясының мамандарының айтуынша 17-19 жас аралығындағы адамдарда өзін-өзі ұстаудың саналы реттеу қабілеттілігі толық дамымаған.

Негізделмеген тәуекелдер, үнемі лайықты себептер бола бермейтін, өз қылықтарының зардаптарын болжай алмайтындар аз емес [5,178].

Кейбір авторлардың болжамдары бойынша, жасөспірімдік шақтағы өзіндік реттелудің нәтижесі, жасөспірімдер психикасы дамуының өзара байланысқан және өзара әсер еткен факторлары мен дамудың әлеуметтік жағдайына әсер етуі ретінде көрініс береді.

Оқушыларды бағалауда әртүрлі эмоциялық жағдайлар туындайды, солардың бірі-қобалжу азықтық әрекетке әсер етеді. Қобалжу адамның эмоционалды күйі, психологиялық мазасыздану жағдайының жоғарылауы. Жасөспірімдердегі өзінің жолдастарымен табысты қатынасқа сенімсіздігі, сол қатынасқа қанағаттанарлықсыздығы тұрақты қобалжуды талап етеді. Қобалжу қарым- қатнасындағы эмоционалды қанағаттанарлықсыздығы нәтижесінде пайда болып, ортақ қобалжуды тудырады, ол басқа қатынастарға тарап, тұлғалық қасиетке айналуы мүмкін. Қобалжу қасиеттерінің әр түрлі түрлері: тұлғалық және жағдайлық болатыны дәлелденген [32].

Қобалжу ол тұлғалық қасиет. Қобалжу деңгейі ең алдымен әлеуметтік жағдайларға тәуелді болады.

Курсанттардың жаңа қызметті табысты игеруін, бейімделу процессінің нәтижелілігі анықтайды

Курсанттардың оқу-қызмет әрекеттерінің спецификалық ерекшелігі, күн тәртібінде қатал талаптардың белгіленуі, қызметтік міндеттердің орындалуының оқу әрекетімен сәйкестелуі, топталған әрекет түрлерін бағындыру мен субординация басымдылығы болып табылады.

Оқудың алғашқы жылында, жеке ерекшеліктеріне байланысқан көптеген қиындықтар кездеседі: жоғарғы оқу орнына түскенге дейінгі оқу жөніндегі көзқарастың сәйкес келмеуі және қызметтің нағыз шарттарының азаматтық оқу орындарындағы оқыту және тәртіптік талаптармен сәйкес келмеуі.

Әлеуметтік ортада тұлғаның қажеттілігі мен ұмтылуының орындалуына мүмкіндік берілуі және оның дербес ашылуы мен дамуына жағдайдың жасалуы бейімделудің табыстылығы деп есептелінеді.

Қобалжудың түзілуі мен пайда болуына орта мен әлеуметтік жағдайлар үлкен ықпалын тигізеді [33].

Кез-келген дамудың жастық кезеңі және оқушылардың тұлғалық қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан кез-келген жастық кезеңде зейінді ерекше қажет ететін жағдайларды бөлек айту керек [34].

Ю.Б.Гиппенрейтер бойынша: «зейін әртүрлі іс-әрекетпен байланысты сананың феномені сияқты». Ол-іс-әрекетті ұйымдастырудың көрінісі, салдары және ол тек кейінгі талдау арқылы түсінікті болуы мүмкін. Дегенмен зейінде іс-әрекетінің барлық жүйелері бейнелене бермейді, тек оның алдыңғы деңгейінің жұмысы ғана бейнеленеді [35].

Таңдамалықпен байланысты зейіннің қасиеттері мен көріністері негізгі факторы мақсат болып табылатын, ұйымдастыру түрімен анықталады, ал осы түрдің пайда болу мәні ерікті зейін деп аталуы мүмкін. Мұнда мотивация фактор сияқты емес, қажетті ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтаушы шарт сияқты көрінеді. Осы жағдайды келесі бір бірдей формулаға енгізуге болады.

Оқушылардың зейіні оқу әрекеті барысында қалыптасады: ерікті зейіні өте жедел дамып, кейін жетекші роль атқарады; зейінің негізгі қасиеттері қалыптасады: шоғырлану, тұрақтылық, бөлінуі, ауысуы, көлемі; жағымсыз жағдайларда да зейінді болу қажеттілігі қалыптасады. Осы қажеттілік негізінде зейінділік оқушылардың жеке басының қасиеті ретінде тәрбиеленеді.

Зейінділік ерікті және еріксіз зейіндердің өте жоғары даму дәрежесін және зейінді шоғырландыру мен аударудың жоғары сатыда болуын талап етеді. Еріксіз зейіннің сәйкес обьектілері соғысты, саяси қастандықтарды, махаббат, ата-ана қатынасын, ойындарды, аң аулауды, алкогольді ішімдіктерді белгілі бір іс-әрекетінің сабағы, барлық адамзат үшін пайдалы және мәнді өнімдер болып табылады [36].

Жасөспірімдік шақ балалық пен ересектік аралығындағы үшінші әлем сияқты, себебі олар биологиялық-физиологиялық және жыныстық жетілу аяқталған, алайда әлеуметтік жағынан есеймеген дербес тұлға болып табылады.

Л.И.Божович жасөспірімдік шақты сипаттай отырып, бұл кезеңде баланың өзіне және қоғамға деген бастапқы қатынасы үзіліп қайта құрылады және оқушыда өзінің дербес өмірін бастайтын өзіндік сезіну мен өзіндік айқындалу процестері дамиды деген [37]. Тұлға бағыттылығы деп, ең алдымен оның мотивациялық құрылымын түсінген.

Нақ осы кезде жасөспірімдік шақтағы өзгерістер қалыптасады: дүниетанымның қалыптасуымен, болашақ өмірдің жоспарларымен байланысқан себептері бірінші жоспарға енеді.

Осы кездегі сенімнің дамуы өнегелі дүниетанымды қалыптастырады және жасөспірімнің ұмтылулары мен қажеттілік жүйелерінде сенімдер жүйесін дамытады.

Қалыптасушы дүниетаным ықпалында иерархизация түзіліп, ондағы талаптар жүйесінде өнегелі себептер маңызды орын алады.

Мұндай иерархияны құру тұлғалық сапаларды тұрақтандырып, оның бағыттылығын анықтауға, айқындалған өмірлік жағдайларда жасөспірімге өзіндік ұстанымға ие болуға мүмкіндік береді.

Жасөспірімдік шақтың соңғы кезеңінде қоршаған әлемге бейімделуде және өзіндік ұстанымда маңызды роль атқаратын жаңа түзілу-өзіндік айқындалу қалыптасады. Бұл субективтік көзқарас негізінде өзін қоғамның мүшесі ретінде танылуымен сипатталады және жаңа әлеуметтік-маңызды ұстаным ретінде айқындалады.

Өтпелі кезең соңындағы дамудың жоғарғы деңгейі, өзін, мүмкіндіктерін және құлшынысын түсініп қана қоймай, сонымен қатар, қоғамда, өмірде өзінің орынын түсінумен сипатталады [37,55].

Ересейген жасөспірімдік шақта тұлға бағыттылығы анағұрлым қалыптаса бастайды: кейбір жасөспірімдер алдағы қызметтеріне бағдар алып, өмірдегі мақсатын тез таңдаса; кейбірлері қиял әлемінде өмір сүреді; ал үшіншілерінде мотивация қалыптаспай олар «бүгінгі күнмен» өмір сүріп, өздерінің пайда болуын жақын жағдайлық мотивтермен негіздейді.

Мектеп өмірінің соңғы кезеңі болашаққа бағыттылығымен ерекшеленеді және «өзіндік айқындалу» сияқты тұлғалық жаңа түзілулердің дамуымен байланысты.

Жоғарғы сыныптағылардың өзіндік айқындалуы мамандық таңдауды болжау ғана емес, сонымен қатар басқа адамдар арасында өзіндік өмірлік орнын табуы. Жасөспірім шақта жоғарғы сыныптағылар оқу әрекетін басты болашақ көзқарасы ретінде бағалайды. Оқуға ынтасы және бейімділігі айқындалады, анық білдіріледі.

Қазіргі кездегі оқу шарттары мынаны талап етеді: Мемлекеттік емтихан; Мемлекеттік аралық бақылау; ҰБТ т.б тапсыруы, бұл өз алдында ішкі ыңғайсыздық пен қобалжуды туғызады. Осы кездері жасөспірімдер қобалжулы күйде болады. Осы жағдайлар өте жақсы оқитын, сабағына, қоғамдық өмірге, мектеп тәртібіне жауапкершілікпен қарайтын оқушыларды вегетативтік реакцияларға әкеледі [32,63].

Болашақ өмір және мамандықты таңдау, денсаулық және оған деген қарым-қатынаспен тығыз байланысады. Мамандандырылған өзіндік айқындалу денсаулық құндылықтарымен әртүрлі байланысады, себебі кейбір мамандықтар денсаулықтың мықты болуын талап етеді, ал кейбір мамандықтар денсаулықты мүлде негізге алмайды. Алайда жұмысқа қабылеттіліктің қажетті шарты ретінде және іс-әрекеттің кез-келген түрінде, денсаулық маңызды екенін балаға ұғындыру қажет. Жоғарғы сыныптағылардағы өзіндік айқындалу мамандық таңдауды болжаумен қатар, өмірде басқа адамдар арасындағы өзінің орнын анықтайды. Осы жасқа жеткен көпшілік оқушылар отбасылық бақыт, ұжым мен қоғамдағы орны, іс-әрекеттегі үлгерімі осылардың барлығыда денсаулыққа тәуелді екенін біледі. Ал денсаулықтың маңызды аспектлері: болашақ балалардың денсаулығы, жыныстық және психологиялық денсаулықтар.

Осы жас шамасында үлкендермен қарым-қатнастың қажеттігі артып, құрдастар арасындағы қатынас деңгейімен теңеседі, ал өзіне деген қызығушылық арта түседі. Диагностикалық зерттеулер ерекше қызығушылықтарды тудыртады, ал диагностика нәтижелерін жоғарғы сыныптағылар үлкен жауапкершілікпен талдайды. Сонымен бірге, бір затты өзгертуге және жақсартуға деген үлкен ниеті байқалады, яғни мектеп жасындағы жоғарғы сынып оқушыларында өзіндік айқындалудың маңызды компоненті ретінде–денсаулыққа қатынасы анықталады.

Денсаулықтың негізгі бір критерийі, әрі аспектісі психикалық саулық, оның негізін қалыптастыру салауатты өмір сүрудің үйден баланың өмірге келерінен басталады. Ал, ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басы ғаламшарымыздың өздерінің қоғамдық саулық көрсеткіштерінің төмендеуімен, демографиялық кризиспен, өмір сүрудің қысқаруымен, халық саулығының психикалық жағдайының нашарлауымен мазалайды. Медицинаның мүмкіндігіне қарап отырмастан, барлық ғылым, мамандар бүгін әрі тиімді, нәтижелі және жеңіл әдістерді іздестіруде. БДДҰ мәліметтеріне сүйене отырып, денсаулық көрсеткішінің деңгейі 50-55%-өмір сүрудің салты мен жағдайына байланысты. Ол адамның өмір сүру салты, оның бағалы жақтары, қойған мақсаты, үйлесімділік деңгейінің ішкі және сыртқы ортаға қатынасы, әрбір азаматтың өз денсаулығына өзінің жеке тұлғалық көзқарасы. Қоғамда әрбір адам денсаулығын нығайтуды және дамытуды қажеттілікке, әрі міндеттілікке айналдыруы керек. Демек әрбір қоғам мүшесінің негізгі алғашқы мақсаты-денсаулық деңгейін күшейту болса, ол үшін саналы, әрі белгілі бағытта, өмірлік резервтерін, ресурстарын қалпына келтіріп және дамытып, салауатты өмір сүруге міндеттімін деп санауы керек. К.В.Динейка сөзімен айтсақ: «Деннің сау болуы-адамның табиғи ұмтылысы», - демекші, деніміздің саулығын сақтау үшін емделу емес, жемісті дамыту керек, әрбір индивидті сол мақсатта тәрбиелеу керек. Демек, бұл жерде дәрігер мен педагогтың бірлескен түрде еңбектенуі қажет, екеуінің де денсаулыққа көзқарасы сабақтас, дәйекті болғаны дұрыс [38].


1.3 Тұлғадағы өзін-өзі тануына, ақыл-ойына, қобалжуына, зейініне әртүрлі жүктемелердің әсер етуінің байланыстарын зерттеудің кейбір аспектілері

Тұлғаның бейімделгіш сипаттарын зерттеуде сыртқы факторлар стимулдары мен ішкі құбылыстар қарастырылады.

Оқу барысындағы сыртқы фактор-оқу процесі болып табылады. Оқу процесінің динамикасынан басқа, сыртқы стимудеуші факторларға, тұлғаға әсер ететін оқу орнының оқытушыларын, студенттер тобын, бағдарламалық материалдардың әсер етуін жатқызады.

Ішкі факторлар ретінде субьекттің сыртқы стимулдық дауға қайтарған жауабының себебі қолданылады.

Барлық жоғарғы сыныптарда жауапсыз, өз беттерімен жүрген оқушылар саны артып, олардың қиялындағы шынайы өмірмен салыстырғанда оқу қажетсіз, парықсыз көрінеді. Бұл көбінесе, мектептегі оқу процессінің ескіріп, қайталана беруімен, оқушылардың тұлғалық қабілеттіліктері мен ынтасының дамуына жол бермеуімен түсіндіріледі.

Сонымен қатар, күрделі оқу бағдарламалары кейбір оқушылардың мүмкіндіктеріне сай емес, сондықтан олар оқуды қаламайды, тек сабақтарда жай отырып қайтады. Зейін дамуының ішкі қайшылықтары да көрініс береді.

Зейін көлемі, оның бір заттан екіншісіне ауысу қарқындылығын ұзақ сақтау қабілеті, жас ұлғайған сайын күшейе түседі. Сонымен қатар зейін таңдамалы болып, қызығушылық бағытына тәуелді болады.

С.Л.Рубинштейннің пайымдауынша, зейін-танымдық іс-әрекет ағымының динамикалық сипаты: психикалық іс-әрекеттің нақты бір белгілі обьектімен байланысын, яғни соған шоғырлануын көрсетеді. Зейін-қандай да бір обьектіге таңдап бағытталу және оған шоғырлану, танымдық іс-әрекеттін бағытын тереңдету [39]. Осындай көзқарасты Добрынин Н.Ф [40] және Гиппенрейтер Ю.Б [28,165] ұстанды. П.Я.Гальперин зейінді айрықша ақыл ой әрекеті, және тұйықталған (автоматтандырылған) бақылау әрекеті ретінде қарастырады [41].

Зейін-бұл адамдардың іс-әрекет процесі мен олардың өзара қатынасының шоғырлауына бағытталған. Сондай-ақ адам іс-әрекетінің қай түрінде болмасын алғы шартты болып табылатын зейіннің бір түрі-оның тұрақтылығы. Ол зейіннің шоғырлануының ұзақтығымен анықталады. Зейіннің тұрақтылығының көрсеткіші болып берілген уақыт аралығындағы іс-әрекетінің өнімділігі болып табылады. Шоғырлану ұзақтығы бірнеше шартқа байланысты болады: зейіннің түріне байланысты іске асатын іс-әрекет түрі мен мазмұнына, зейін обьектісіне деген көзқарасқа, берілген іс-әрекет пен затқа деген қызығушылық дәрежесіне. Зейіннің орталық феномені ретінде С.Л.Рубенштейн (1989) психикалық іс-әрекеттің таңдамалылығын, мақсатқа бағыттылығын, шоғырлануын бөледі.

Зейінннің шоғырлануы дегеніміз адамның сол сәтте меңгерген немесе қабылдаған, басқаның барлығынан бас тартқан, қандай да бір нәрсеге шоғырлану процесі. Ал психологияда зейінннің көлемі адамның бір уақытта олардың қабылдауының зейініне бағытталған обьектісінің саны сияқты анықталады.

Көлем мен шоғырланудың функционалдық өзара қатнасының сипаты өте күрделі болып келеді. Зейін полясының обьектілірі бір-бірімен өзара мәні бойынша байланысқанда зейіннің көлемі ұлғаяды да, өнімділігі сол деңгейде тұра беруі немесе жоғарлауы мүмкін. Зейіннің тұрақтылығы адам зейінінің шоғырлануын бір әрекет обьектісінде ұзақ уақыт сақтаудан тұрады, бірақ зейін процесінің үзілісі болып табылмайды [42].

Зейінді аудару дегеніміз бір мезгілде екі немесе одан да көп іс-әрекетпен шұғылдана білу. Мұны қазіргі замандағы мамандықтардың көбі талап етеді. Бір мезгілде бірнеше іс-әрекетпен шұғылдану, кейде іс-әрекеттің бір түрінің жартылай немесе толық жойылуына әкеп соғуы мүмкін. Әдетте зейін аударуды зерттеген кезде зерттелуге бөлек және бір уақытта орындалатын екі есеп беріледі, олардың шешілуінің сәттілік дәрежесін сандық мөлшерде шығарып алуға болады.

Психологиялық зерттеулер көрсеткендей зейіннің қалыптасуы адамның өнімді психикалық іс-әрекетінің реакциясы сияқты адамның онтогенезіндегі жастық кезеңдермен өзара байланысатын бірнеше қатарлармен сипатталатын күрделі де, ұзақ даму жолынан өтеді [43].

Сондай-ақ зейін-адамның әртүрлі сенсорлық ақпаратты пайдалану мен қайта өңдеудің, қабылдаудың танымдылығымен қамтамасыз ететін, және адамдардың басқа адамдармен қарым-қатнасындағы іс-әрекеттің мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған танымдық психологиялық процесі.

Әрекет обьектісі мен әрекеттің өзі өзгеруі мүмкін, ал іс-әрекеттің жалпы бағыты сақталады. Зейін тұрақтылығының басқа ерекшелігі зейін тұрақтылығы мен шоғырлануының өзара байланысы болып табылады. «Зейінннің тұрақтылығы зейіннің шоғырлануы сақталатын, яғни оның уақытша экстенсивтілігінің ұзақтығымен анықталады».

Сондықтан да зейіннің қасиетттері психикалық іс-әрекет процесінде бір-бірімен байланысып, белгілі бір функционалдық бірлікте болады. Зейін қасиетттерін олардың даму деңгейі әртүрлі болған жағдайда ғана тәуелсіз қарастыру маңызды. Адамның зейіні басқа да барлық психикалық функциялар сияқты, сананың туа біткенфункциясы болып саналмайды, ол адамның индивидуалды дамуының процесінде дамып, қалыптасады. Зейінде адам психикасының реттеуші жағы көрініс береді: зейінсіз бағытталған іс-әрекетінің жүруі мүмкін емес. Әр түрлі өмірлік мақсаты, сұрақты шешу адамның зейінін аударуды талап етеді. Зейін материялдық әлемнің қандай да бір спецификалық формасы болып табылмайды, керсінше адамның маңызды психикалық іс-әрекетінің шарты, оның мақсатқа бағыттылығы мен артықтығы ретінде алға басым, адам-іс-әрекетінің өнімділігі мен жемісті ағымына себепші болады.

Яғни, оқушылардың іс-әрекетінде әртүрлі зейін қасиетттері көрінеді: тұрақтылық, көлем, шоғырлану, орналасу, ауыспалық. Олардың әрқайсысы өзінше маңызды. Мысалы, тұрақтылық пен шоғырлану оқушыға сыртқы ортадан кедергі болса да ұзақ уақыт өз жұмысына шоғырлануға мүмкіндік береді [44].

Оқушыларда зейін және оның қасиеттерінің қалыптасуы олардың тұлғалыққа, ерікке, еңбек қатынасына бағыттылығының өзара әрекетін болжайды. Ол үшін оларға алдыларында тұрған кәсіби міндетін анықтап алғызу керек. Оқушыларда зейін мен зейінділік барлық сабақтарда ұйымшылдық пен дисциплинаны сақтауына байланысты белсенді оқу іс-әрекет процесінде қалыптасады.

Жасөспірімдер мен жастар ойларының шоғырланбауына және алаңғасарлықтары мен ұзақ уақытқа созылған зерігулерге шағымданады.

Зейінді шынықтырмау, шоғырлана алмаушылық, кейбір стимулдар мен тітірккендіргіштердің әсерінен көңілді басқа жаққа аудару, сонымен қатар маскүнемдік, нашақорлық, ұстамсыз рахат сезімдерді қуумен бірге, жастық шақтың эмоционалды проблемалары мен үлгерімдерінің төмен болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Көптеген психологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, творчествалық жетістіктер мектептегі үлгеріммен байланысты емес.

Көптеген атақты тұлғалар мектептік және студенттік өмірлерінде нашар оқып, қабілетсіз деп есептелген.

Мектеп бағдарламасы қатал тәртіппен берілетіндіктен, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылықтары сыныптан тыс уақыттарда, ғылыми үйірмелер мен жеңіл ойын түрінде өтетін жерлерде айқын байқалады.

Жоғарғы сыныптағылардың творчествалық бағыттылықтарын дер кезінде танып, оның дұрыс бағытта дамуын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігі болып табылады.

Америкалық психологтар Мелвин Кон, Карен Миллер және Карми Скулердің адамға еңбек ықпалының әсері негізіндегі лонгитюдтік зерттеулерінде еңбектенген ересектермен бірге 200-ге жуық жасөспірімдерді қарастырды [5,181].

Ең қиын және жеке орындалатын, ұсақ-түйек әсер етпейтін дербес оқу әрекеті ойлаудың творчествалық стилін және оқу әрекетінің қажеттілігінен тыс ортақ дамудың өз бетімен орындалуы, эмоциялық бұзылуларды төмендетеді.

Еркіндік ұстанымы дамыған оқушылар, оқудағы өзіндік басқаруға жоғары талап қояды.

Яғни, оқу кезінде жоғары сынып оқушыларына да ересектердің іс-әрекетіндегідей психологиялық заңдылықтар әсер етеді.

Ересектердің жұмыс жасау атмосферасында өмір сүре отырып, және ересектік кезеңге бір қадамдары ғана қала тұра, жасөспірімдер қоғамдық жұмыстарға ұмтылады. Олар үшін қоғамдық жұмыс тәжірибе және өзін-өзі анықтауға мүмкіндік. Жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы жұмыстарға жұмылдыру әлеуметтік-педагагикалық және психологиялық міндет. Сөзіміз дәлелді болуы үшін П.Я.Ярмоленконың өндірістік тәжірибесі бар және мұндай практикадан өтпеген жоғарғы сынып оқушыларын салыстыру мақсатымен жүргізілген зерттеу жұмысын келтірейік. Арнайы бақылаудың нәтижесі көрсеткендей өндірістік ұжым жағдайында жоғарғы сынып оқушылары өз күшіне деген сенімсіздікті, жұмыс барысында кездесетін қиындықтар алдындағы қорқынышты жеңеді, өзінің халыққа қажеттілігін сезінеді. Олардың өнегелік идеалдары мен түсініктері, өмірдегі талпыныстары мен жеке өмірін жоспарлауы өмірдің талаптары мен қоғамдағы өз орнын тереңінен түсінуге қарай өзгереді. Осының барлығы зерттеушігі жоғары сынып оқушыларының қоры туралы мүмкіндік береді.

В.В.Давыдов [54,4] жасөспірімдердің жетекші іс-әрекетіне қатысты келесідей пайымдау жасады: «Оқу–кәсіби іс-әрекет процесінде жоғарғы сынып оқушыларында белгілі бір танымдық және кәсіби қызығушылықтары пайда болады, зерттеу білігінің элементтері өмірлік жоспардағы құруға және өнегелік идеяларды өңдеп шығаруға қабылеттері пайда болады.

Жасөспірімдік шақта баланың ересектермен өзара қарым-қатынасының күрделене түсуіне байланысты, өзін-өзі тану жаңа қасиеттерге ие болады және сапалы өзгерістерге ұшырайды. Жасөспірімдік кезеңде бұл өзгерістерді С.Л.Рубинштейн былай деп түсіндірді: Жасөспірімдік кезеңге қарай өзін-өзі танудың дамуы бірнеше сатылардан өтеді, «аңғырт хабарсыздықтан тереңірек өзін-өзі тануға қарай өзгере бастайды». Өзін-өзі танудың сапалық өзгерістері жасөспірімдік кезеңде соншалықты үлкен және мәнді, сондықтан кеңес психологтары жасөспірімдік шақтың ерекшеліктерін суреттей отырып, осы кезеңнің басты өзгерісі ретінде өзін-өзі танудың дамуын есептейді.

ЖОО-на түсу және онда оқу, тұлғааралық қатынастар, әлеуметтік мәртебе, өмір стереотиптері, қоршаған ортада орнаған қарым-қатынас арасындағы өзгерістерге және қалыптасқан жағдайды, қарым-қатынасты, әлеуметтік рөл жөніндегі көзқарасты қарастыру керектігін қажет етеді, олар жаңадан қалыптасқан жағдайларға сәйкес келуі керек.

В.В. Плотниковтың пайымдауынша, қобалжу деңгейі жоғары оқушылар ЖОО-ғы оқу процесіне тұрақсыз және ЖОО-ның психологиялық қызметкерлерінің арнайы бақылауына мұқтаж болады [16,131].

Авторлардың қорытындысы бойынша, тұлғалық қобалжу іс-әрекеттің табыстылығына кері ықпалын жасай бермейді.

Г.С.Никифорованың зерттеулері көрсеткендей, тұлғалық қобалжудың әсері мен сипаты іс-әрекеттің табыстылығы мен нәтижелілігіне обьективтік шарттармен байланысқан.

Оның тәжірибесінде қобалжуы жоғарылар, қобалжуы төмендерге қарағанда, жұмыс уақытпен шектелмегенде, жұмысты үш жағдайда табысты жасайды. Уақыт тапшылығы кезінде, қобалжуы төмен тұлғалардың табыстылығы жоғары болды.

Кеттел атап көрсеткендей, қобалжу деңгейі мен оқудағы табыстылық арасындағы кері байланыстың болуы, жоғарғы деңгейге қарағанда, қобалжудың төмен деңгейі оқу табыстылығына аз әсер етіп, оқудағы жоғарғы көрсеткіштерге ие болуына әкеледі [17,432].

Бірақ, сонымен қатар, Кеттел өте маңызды және қызықты ойын білдірді: қобалжу мен оқудағы табыстылықтың арасындағы байланыстылықтың көлемі мен бағыты оқудың кез келген әрекеттеріне өте сезімтал: тұлғаның басқа сипаттарына, оқу әрекеті жүргізіліп отырған жағдайларға және т.б.

Оның ойынша бұл тәуелділіктің түрі мен сызық қисығы қобалжудың жоғарғы және төменгі деңгейлерінен тарайды.

Қобалжуы жоғары зерттелушілер қобалжуы төмендерге қарағанда танымайтын жаңа ортада өздерін ұстауларымен ерекшеленетінін көптеген жұмыстардың зерттеулері көрсетті.

Мысалы қобалжуы жоғары адамдарда жаңа, күтпеген жағдайларда іс-әрекетінің табыстылығы төмендеуі мүмкін [23,191].

Қобалжу іс-әрекеттің табыстылығына біркелкі әсер етпейді, тұлғаның қандай да бір сипаты кейде іс-әрекеттің биік дәрежесіне жетуге көмектессе, басқа кездері қарама-қарсы жүреді.

Т.П.Симсон балалардағы қобалжудың туындауында кенеттен пайда болған факторлар үлкен мәнге ие екенін атап өтті. Кенеттен пайда болған әсер, қобалжудың туындауының негізі деп есептеді [44].

Ғалымдардың қорытындысы бойынша, қобалжу оқушының мектептегі оқу әрекеті мен сыныпта өзін ұстауына кері әсер етеді [42].

Көбінесе жақсы, тіпті өте жақсы оқитын, оқуға, қоғамдық өмірге жауапкершілікпен қарайтын оқушылар қобалжулы күйде болады, себебі олар бұл жетістіктерге жүйкенің бұзылуы мен үлкен еңбекпен жетеді.

Мұндай оқушыларда вегетативтік, невротикалық және психосоматикалық бұзулар байқалады.

Балаларда қобалжудың пайда болу проблемаларын ашу, оқу әрекетіндегі кейбір психологиялық ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Н.С.Жуковская қобалжуды үрей синдромымен байланысты топтардың реактивті жағдайы деп есептейді [45].

Ал В.А.Гурьева жаралайтын жағдайлардың әсер етуінен туындап, [41] өткір аффекттік естен тандыратын реакциялардан дамитын қобалжудың неврозын негізге алды.

Ата-аналар мен мұғалімдердің өктемшіл, жаңалау түрінде тәрбиелеуінен балалар фрустрацияны (ықғайсыздықты) сезінеді, ауыр эмоционалдық қобалжуынан сәтсіздік, алдына қойған мақсатына жетуге үмітінің үзілуі мен тығырыққа тірелуі, махаббаты, қарым-қатынасы, үлкендер арқылы қоғамды тануы және т.б психологиялық ыңғайсыздыққа балалық неврозға әкеледі. Кейінгі кездері анық байқалып жүрген жүректің жауы ол гиподинамия, яғни аз қозғалу, төмен дене белсенділігі. Жүрек бұлшықеттері өзге де бұлшықеттер тәрізді шынығуды талап етеді. Ал қазіргі балардың өмір салтын байқап отырсақ-түске дейін оқу партасынан, түстен кейін компьютердің немесе телевизордың алдынан табжылмайды. Таза ауада ойнау, серігу, спортпен айналысу, шынығу бірте-бірте ұмыт болып келеді. Бүгіндері балалар кардиологиясында тіпті жүрек талмасымен ауыратын балалардың өзі дене шынықтыру мен айналысуы керек деген көзқарас қалыптасып отыр. Ал дені сау балалар үшін дене шынықтыру, спорт үйірмелеріне қатысу өмір сүру салттарының айнымас бір бөлігіне айналуы керек.

Ф.Перлз адамды біртұтас психикалық саулық пен жетілген бірлігі деп сипаттаса, БДДҰ жарғысы денсаулықты, толық әлеуметтік пен рухани сәйкестіліктің көрінісі дейді. Сонымен денсаулықты тұлғаның интегративтік қасиеттерінің сипаты, оның ішкі дүниесі, сыртқы ортамен қарым-қатынасы, соматикалық, психикалық, әлеуметтік пен рухани аспектілері, тепе-теңдік күйі, қоршаған ортамен организмнің бейімделу мүмкіндігінің балансы.

Дегенмен И.И.Брехман организмді қоршаған ортамен тепе-теңдікте болуы мүмкін емес дегендей, бұл салыстырмалы тепе-теңдік, әйтпесе организм дамымас еді. О.С.Васильева денсаулықтың құрамдас бөліктерін жіктей келе, [33] олардың әрқайсысына әсер ететін факторларды қарастырады. Психикалық денсаулыққа әсер ететіндері бірінші кезекте адамның өзіне деген көзқарасы, басқа адамдарға қатынасы, өмірге көзқарасы, өмірдегі мақсаттары мен құндылықтары, жеке бас тұлғалық ерекшеліктері деп түсінуіміз қажет.

Кейбір кездері психикалық жағдай аурудың басты себебіне айналса, басқа кездері ауруға жетелеуші болып табылады, кейде психикалық ерекшеліктері аурудың өтуіне әсер етсе, кей кездері психикалық қобалжулар психологиялық ыңғайсыздыққа әкеледі.

Көпшілік балалардың өсуінің әр түрлі кезеңдерінде белгілі бір жағдайлардың әсер етуі эмоциялық бұзылу, әртүрлі қорқулар, астың қорытылмауы мен ұйқының бұзылуы, бас аурулары, мінез акцентрациясы әлеуметтік дезадаптацияға әкелуі мүмкін.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымындағы мәліметтерде берілгендей, мектептегі қалыптысқан түсіністік, ең алдымен мемлекетттік ұйымдардағы қызметтестердің балалармен ара қатынастарының сипатына байланысты [45,5].

Қорытынды

Жастық шақ адамның болашақтағы өмірін анықтайтын жауапты шешімдерді қабылдау кезеңі, бұл мамандықты және өмірдегі өз орынын таңдауы, дүниетанымы мен өмірлік ұстанымның түзілуі, өмірлік серік таңдауы, өз жанұясын құруы. Тұлғаның сана-сезімі, өзіндік тұрақтылығы, «Мен» бейнесінің қалыптасуы, жасөспірімдік шақтың маңызды психологиялық процесі болып табылады. Жоғарғы сынып оқушыларында қоғам өміріндегі өз орны туралы түсініктері, өзін тұлға ретінде тану белсенді түрде қалыптасады, бұл өз кезегінде өзін-өзі танудың жоғарғы деңгейін құрайы.

Қобалжу адамның эмоционалды күйі, психологиялық мазасыздану жағдайының жоғарылауы. Жасөспірімдердегі өзінің жолдастарымен табысты қатынасқа сенімсіздігі, сол қатынасқа қанағаттанарлықсыздығы тұрақты қобалжуды талап етеді. Қобалжу қарым-қатнасындағы эмоционалды қанағаттанарлықсыздығы нәтижесінде пайда болып, ортақ қобалжуды тудырады, ол басқа қатынастарға тарап, тұлғалық қасиетке айналуы мүмкін. Қобалжу қасиеттерінің әр түрлі түрлері: тұлғалық және жағдайлық болатыны дәлелденген [32,65]. Қобалжу ол тұлғалық қасиет. Қобалжу деңгейі ең алдымен әлеуметтік жағдайларға тәуелді болады.

Жасөспірімдік шақтың соңғы кезеңінде қоршаған әлемге бейімделуде және өзіндік ұстанымда маңызды роль атқаратын жаңа түзілу – өзіндік айқындалу қалыптасады. Бұл субективтік көзқарас негізінде өзін қоғамның мүшесі ретінде танылуымен сипатталады және жаңа әлеуметтік – маңызды ұстаным ретінде айқындалады. Өтпелі кезең соңындағы дамудың жоғарғы деңгейі, өзінің мүмкіндіктерін және құлшынысын түсініп қана қоймай, сонымен қатар, қоғамда, өмірде өзінің орынын түсінумен сипатталады.

Қарулы күштер қатарындағы қызмет, әскерге шақырылушылардан әлеуметтік-мамандыққа жоғары дәрежеде бейімделуді талап етеді, оған тек денсаулық сақталған жағдайда ғана қол жеткізуге болады.

Әскердің мемлекетті қорғауға қабылеттілігі мен қарулы күштерінің жағдайы әскерге шақырылған жастардың денсаулық сапасына байланысты. Қазіргі кездегі әскери қызмет, ақпараттың жоғарылауымен және дене жүктемесінің шамадан тыс болуымен, жүйке психикасының ширығуының артуымен және ағзадағы функционалдық қорлары шығынының көбеюімен сипатталады. Әскери қызметте, эмоционалдық және жоғарғы дене жүктемелеріне төзімділік көрсете алатын және еріктік ширығудың жоғарғы деңгейін жеңе білетін, психикалық денсаулығы жоғары азаматтар болуы шарт.

Жасөспірімдерде байқалған төмен белсенділік кезіндегі психологиялық жағдай, әскерге бейімделудегі әлеуметтік жағдайының өзгеруіне себеп болады.

Әскерге шақырылғандардың тұлғалық сапалары – белсенділігі мен немқұрайлылығы, бейімделудің спецификалық ерекшеліктерін көрсетеді.

Қазіргі әскери талаптар, бұл – мамандық қызметтерін өтей алатын әлеуметті белсенді тұлғаны дайындау мен қалыптастыру. Бастапқы әскери мамандандырылған дайындық, шақырылушылардың әскери мамандықты меңгерудегі дайындығын ескеруі тиіс.

Шақырылушылардың әскери – мамандықтарда іс-әрекеттерді орындау негізінде қызығушылығын ояту, психологиялық мәртебенің негізгі ережесі болып табылады.

Қазіргі уақытта әскери техника қатары ақпараттық технология құралдарымен жабдықталған. Қарулардың сапалы жаңа жүйесі пайда болды, олар шешім қабылдауда уақытты үнемдеуді талап етеді.

Әскерге шақырылған жасөспірімдер үшін компенсаторлы қайта құрылулар негізінен тапсырмаларды орындау мен концентрацияның сапасына емес, зейін көрсеткішіне байланысты болды.

Зейін – қазіргі танымдық үрдістер психологиясында жиі зерттелетін, әрі көптеген пікірталас туғызатын мәселелердің бірі. Барлық психологиялық бағыттар бұл ұғымда не жасырылғанын білу үшін түрлі құбылыстарды сипаттап және олардың механизімін ашуда зейін мәселесіне шығып отырған [25,107].

Жасөспірімдерде ақыл-ой жұмысына қабілеттілік көрсеткішінің жоғарғы мәндеріне зейін тұрақтылығы сәйкес келеді. Денсаулық топтары бойынша бағалау көрсеткендей, тесттік тапсырмаларды орындау кезінде денсаулық деңгейлері орташа, жоғары топтарда жұмыс қарқындылығы қабылдау (жылдамдық), зейін (концентрация) көрсеткіштерімен қамтамасыз етіледі.

Есте сақтау көрсеткіштерінің төмендеуі, мидың арнайыландырылмаған жүйесінің белсенді қызмет етуін көрсетеді. Кейбір авторлардың пайымдауынша, бұл жүйе мидың интегративті – талдау жүйесін басқарып, олардың жоғарғы қыртыс бөлігінде орналасқан үлкен ми сыңарлары кортико-фугалды проекциялар болып табылады. Бұл жолдар бойынша ОЖЖ белсенділігінің мөлшерін анықтайтын басқарушы импульс таралады. Нәтижесінде, мидың іс-әрекетінің оптималды жүйесі және қоздырғыш–тежегіш процестердің қажетті арақатнасы қамтамасыз етіледі. Бұл кезде ми қыртысы маңызды болып табылады, себебі онда белгілердің иетегративті талдау механизмдері мен генерациялық жүйелер және мидың арнайыландырылмаған белсенділігін басқару жүйелері орналасады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Генрих К.Р. Оценка состояния здоровья призывной молодежи крупного промышленного города (1981-1995 гг.): Автореф. Дис.канд.мед.наук. –Н.Новгород,1996 – 21 С

2 Захаров А.В. и др. //Военно-медицинский журнал. 1992. №9. – 45-47 С

3 Шостак В.И., Яньшин Л.А. // Военно-медицинский журнал. 1992. №11 – 54-56 С

4 Кле М. Психология подростка – М. Просвещение 1991г – 19 С

5 Кон И.С «Психология юношеского возраста» - М, 1979. – 173-185 С

6 Президент Республики Казахстан - Верховный Главнокомандующий Вооруженными Силами Назарбаев Н.А. Приоритетные направления развития вооруженных сил //Казахстан сарбазы. 2004.-№5. – 3-5 С.

7 Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. – М, 1983 – 193 С

8 Әмірова Б.А. Этикалық танымдар іс-әрекеттерді тиімді қолданудың оқыту процесіндегі ролі //Ұлағат. 2002. №1, – 9-13 Б

9 Әмірова Б.А. Мәдениет ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы әлеуметтену факторы ретінде //Вестник КазГУ. Сер. Психология и социология. 2001. №2 (7) – 56-59 Б

10 Сарсенбаева Л.О, Фирсова О.В Самопознание как когнитивная основа саморегуляции личности / Вестник серия «Психология» №1 (8) 2006, – 10-19 С

11 Прученков А.С. Восхождение к себе – М. Просвещение 1995 – 44-46 С

12 Родионов В.А, Ступницкая М.А, Каданников О.В – Я и другие. - Ярославль. 2001 – 325 С

13 Н.В. Имедадзе «К методу исследования уровня тревожности» – Тблиси Мецинера 1971 – 61-62 С

14 А.Агеева «О некоторых психологических аспектах контроля знаний» Внедрение достижений психологий и педагогике в практику работы вуза: Тезисы конференции – Новосиберск 1983

15 З.Середа «Особенности характеристик общения в процессе адаптации к стресс-факторам учебного процесса» – Л.,1987 – 212 С

16 Н. П.Левитов «Психологическое состояние беспокойства тревоги» 1969 –

131-138 С

17 Мэй Р. Проблема тревоги. М,:ЭСКМО-Пресс, 2001. – 432 С

18 Захарова.А.И. Как предупредить отклонения и поведении ребенка. – М,: Просвещении, 1086 – 127 С

19 Захарова А.И. Неврозы у детей и подростков. СПб,: Союз: Лезиндат. 1998 – 201 С

20 Хухлаева О.В. Лесенка радости. – М,:Академия, 1998. – 170 С

21 Хухлаева О.В. Основы психологического консультирования и психологической коррекции. – М,: Академия, 2001. – 208 С

22 Прихожан.А.М. Диагностика линостной тревожности и некоторые способы ее преодоления. – М,: Академия педагогических наук, 1987. – 98-116 С

23 Прихожан.А.М.Психология неудачника. – М:Т Сфера, 1999. – 191 С

24 Прихожан.А.М. Причины, профилактика и преодоления тревожности // Психологическая наука и образование. 1998, №2. –25-31 С

25 Ланге.Н.Н. Теория волевого внимания (1893) // Хрестоматия по вниманию. – М, 1976. – 107-143 С.

26 Сосло.Р Когнитивная психология. – М, 1996, – 108 С

27 Posner M., Cumulative development of attentional theori // Amer. Psihol. 1982. V. 37, № 2. P.1 – 68-179 С

28 Гиппенрейтер Ю.Б Деятельность и внимание // А.И.Леонтьев и современная психология. – М,1983. – 165-177 С.

29 Джемс У. Внимание (1905) //Хрестоматия по вниманию. – М, 1976. – 50-65 С

30 Сафарметова Н.В Валеология дене тәрбиесі спорт. –А., 2004 №11 – 7-8 Б

31 Столин В.В. Самосознание личности. – М. 1983, – 639 С

32 Куликов В.В., Сабанин Ю.В.,Тарасов А.А. и др. К вопросу эпидемиологии нервно-психической заболеваемости контингентов призывного возраста //Военно-медицинский журнал.-1998. – Т.319, №4. – 63 С

33 Васильева О.С Радишевская Я.Б «Влияние агрессивности курсантов на уровнь их социально-психологической адаптации» Вопросы психологии, №1, 2005г, – 29-37 С

34 Комекбаева.Л.К Практическая психология 2006 №4 – 10-13 С

35 Гиппенрейтер Ю.В Введение в общую психологию. Курс лекции. – М.,1988 78-96 С

36 Гальперин П.Я Экспериментальное формирование внимания. – М, 1974 59-77 С

37 Божович Л.И Личность и ее формирование в детском возрасте – М 1968, 48-115 С

38 Қасыбаева.Қ, Бабашев.Ә Валеология дене тәрбиесі спорт. – А., 2005 №1,2 – 13-14 Б

39 Рубинштейн С.Л Основы общей психологии. – М,1989

40 Добрынин.Н.Ф О селективности и динамике внимания //Вопр. Психоло-гии. 1975. №2. – 68-80 С

41 Гальперин.П.Я К проблеме внимания // Доклады АПН РСФСР. 1958. Т. – 333 С.

42 Рубенштейн С.Л Основы общей психологии СПБ, - Питер, 2004, – 143-149 С

43 Дормашев Ю.Б Романов В.Я. Психология внимания. – М, Флинта, 2002, – 166-170 С

44 Джакупов С.М Эксперименттік психологияның негіздері. – Алматы, 1998, – 88-117 Б

45 Комекбаева.Л.К Практическая психология – А., 2006 №3 – 5-7 С

46 Елисеев О.П. Конструктивная типология и психодиагностика личности, Псков, 1994, 280 с.

47 Захаров А.В и др. //Военно-медицинский журнал. 1992. №9. – 45-47 С






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет