Дөңгелектілділер тұқымдасы –Discoglossidae 4 туысқа бірігетін қарапайым құйрықсыз амфибиялардың 11 түрі жатады .Қабырғалары қысқа және омыртқасы артқы жағынан ойыс,ал дөңгелектілділерді жоғары сатыдағы құйрықтыларға жақындатады.
Жұқаомыртқалылар
Lepospondyli
Олардың шығу тегі Ихтиостегиялар мен Саусаққанатты балықтардан пайда болды.Класстармағындағы отрядтар арасындағы туыстық қатынастар әлі анықталмаған.
Ambystoma opacum Bombina Bombina
Құйрықты қосмекенділер отряды
Қазіргі кезде 500-ге жуық түрі кездеседі Бұл отрядқа саламандрлар, тритондар, протейлер (олар желбезегі бар, көздері жоқ, үңгір су қоймаларында кездеседі), сирендер (желбезегі бар, бірақ артқы аяқтары жоқ) жатады. Көпшілік құйрықты қосмекенділер Солтүстік Америкада таралған. Олардың денесі бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Өмірінің көпшілік уақытын суда еткізед. Алдыңғы артқы аяқтарының ұзындығы бірдей. Бізде кәдімгі тритон және жалпы тритондар кездеседі. Күзге қарай тритондар судан шығып, ағаштың түбіне, тастың астына, жердің жарығына кіріп паналайды. Қыста құрғақ түбірлердің, құлаған ағаштардың астына қыстап шығады. Көктемде қайтадан су қоймаларына оралады. Көбеюі мен личинкаларының дамуы суда өтеді.
Triturus
Salamandra
Аяқсыз қосмекенділер отряды
Жер астында тіршілік етуіне және жерді қазуына байланысты, дене құрылысы өзгерген құрттар тәрізді кішкентай топ жануарлар. Көпшілік түрлерінің денесі жауын құрттарына (сақиналы) ұқсайды. Аяқтары жоқ, терісінде тері бездері көп болады. Құртша (червяк) деп аталатын бір ғана тұқымдасы бар. Ол Оңтүстік Америкада таралған, ұзындығы 40 см болады. Дымқыл жерлерді 50 см-ге дейін қазып, сол жерде тіршілік етеді. Аяқсыздар індерге, түбірдің түбіне 10-20 шақты жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқадан шыққан личинкалар, суға барып дамуын аяқтайды. Ұрықатануы іште болады.