5. «Экономикалық дамудың кластерлік принципі» - елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында жоба әзірлеу.
Тапсырма: жоба әзірлеу.
Әдістемелік нұсқау: Әлемдік дамуда Қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі-кластерлік жүйеге көшу.Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы аясында Қазақстан кластерінің негізі-2005 жылы салынды. Кластердің мақсаты – Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Студент «Экономикалық дамудың кластерлік принципі» - елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында жоба әзірлеп, өз ұсыныстарымен бөліседі. өтеді. Презентация, жоба, контент-талдауларыңызды, эссе, баяндамаларды электрондық почтаға жібере аласыздар және ОСӨЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.
6. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру» тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу.
Тапсырма: Бағдарлама немесе жоспар әзірлеу.
Әдістемелік нұсқау: Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері әлеуметтік реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді.Әлеуметтік реформалардың бағыты кедейшілікті еңсеру, халықты еңбекпен қамту, жастарды, студенттерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, зейнетақы, жәрдемақыны арттыру реформалары және т.б. ҚР-да әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға байланысты әр студенттің пікірі, ұстанымы, жоспарлары маңызды болып табылады. Студенттің жеке ұсыныстары жұмыс барысында көрініс табуы қажет.. Презентация, жоба, контент-талдауларыңызды, эссе, баяндамаларды электрондық почтаға жібере аласыздар және ОСӨЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.
: монография / Ә. С. Бейсенова. - Алматы-Астана : Қазақ университеті, 2017. - 385 бет.
7.«Мемлекеттік бағдарламалар-Қазақстанның болашақ дамуының кепілі» тақырыбы бойынша эссе жазу.
Тапсырма: эссе жазу.
Әдістемелік нұсқау: «Болашақ», «Мәдени мұра», «Нұрлы көш», «Қолжетімді баспана», «Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту», «Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы», «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» және т.б. бағдарламалар Қазақстаннның болашақта дамуының кепілі. Сондықтан осы бағдарламалар жөніндегі студенттің пікірі, көзқарасын эссе түрінде жазады. Презентация, жоба, контент-талдауларыңызды, эссе, баяндамаларды электрондық почтаға жібере аласыздар және ОСӨЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.