8.Қазақстан Республикасының халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы
Тапсырма: презентация әзірлеу.
Әдістемелік нұсқау: Қазақтанның Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен, Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі Кеңесті, Еуразиялық Экономикалық Одақ, Шанхай ынтымақтастық Ұйымымен, «Ислам ынтымақтастық Ұйымы» және т.б. ұйымдармен ынтымақтастығы, нәтижелері туралы баяндалуы тиіс. (студенттің таңдауы бойынша) Презентация, жоба, контент-талдауларыңызды, эссе, баяндамаларды электрондық почтаға жібере аласыздар және ОСӨЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.
9. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі Қазақстанның өткені, бүгіні және келешегі туралы» тақырыбы бойынша презентация әзірлеу.
Тапсырма: презентация әзірлеу.
Әдістемелік нұсқау:Тәуелсіз елдің тұңғыш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының қаламынан туындаған еңбектерінің тарихи маңызы өте зор. Елбасы кітаптарында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы ең алғашқы күндерінен бастап, барлық қырынан дерлік бейнеленген, мемлекеттігімізді қалпына келтіру барысындағы алғашқы нақты іс-шаралардан бастап, ел өміріндегі елеулі оқиғалар жан-жақты баяндалған.Елбасы Н.Назарбаевтың тарихи тұрғыда құнды еңбектерінің ең үздігі – «Қазақстан жолы » атты кітабы. Еңбекте тәуелсіздіктің тарихи орны, заңдық-құқықтық іргетастың қалыптасуы, экономикалық жетістіктердің жүйелілігі, әлемдік бәсекедегі Қазақстан жолы жан-жақты байыпталып, соңғы жылдардағы қол жеткізген табыстарымыз баяндалады. Студент Елбасы еңбектерінде Қазақстанның өткені, бүгіні және келешегі туралы» тақырыбы бойынша презентация әзірлейді. Презентация, жоба, контент-талдауларыңызды, эссе, баяндамаларды электрондық почтаға жібере аласыздар және ОСӨЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.
10. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы
Тапсырма: Эссе жазу.
Әдістемелік нұсқау: «Мәңгілік ел»- ұлттық идеясының мәні мен маңызы. «Мәңгілік ел»- ежелгі түркілердің мұраты болғандығы, «Мәңгілік ел»-бабалардан мұраға қалған қазақ халқының арманы. Мәңгілік ел идеясының негіздері, негізгі кезеңдері және Мәңгілік елдің құндылықтары жұмыста көрініс табуы керек. Презентация, жоба, контент-талдауларыңызды, эссе, баяндамаларды электрондық почтаға жібере аласыздар және ОСӨЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.