ӨСӨЖ 4 Глоссарий Ұлыс – Шыңғыс ханның жаулап алған жерлерін ұлдарына бөліп берген еншісі.Кейбір деректерде інжу деп аталады.
Найман- монғол тілінен аударғанда «сегіз» деген мағынаны білдіреді.Алайда, көне түркі жазулары бойынша бұл тайпалық бірлестік түркіше-«сегіз оғыз»деп аталған.
Гурхан-қарақытай мемлекетінің билеушісінің титулы(хандардың ханы)
Темучин-Ұлы монғол империясын құрған боржігін руынан шыққан монғол билеушісі.Бізге «Шыңғыс хан» деген атпен белгілі.
Қыпшақ -екі түрлі пікір бар:Әбілғазы «Түркі шежіре» еңбегінде-қыпшақ сөзін шіріген ағаштың ортасы деп, аңыз әңгімемен байланыстырады.С.Г.Кляшторный қыпшақ сөзін «бақытсыз»,өз жерінен айрылып, қоныссыз қалғандар деп баяндайды.
Сегіз ірі тайпа-қыпшақтардағы ең ірі ауқатты адамдар кірген тайпалар.
Тархандық құқық-үлестік жер иелерінің мемлекет пайдасына жиналатын салықтан босатылып,өз пайдасына салық жинауы.
«Яса»-Шыңғыс ханның заңдар жинағы.Екі бөлімнен тұрды.1)елдің жағдайы.2)соғыс жоспары.
Плано Карпини-(1245-1247) Папа IV Инокентидің Күйік ханға жіберген елшісі.Оңтүстік,Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы шапқыншылық зардаптары туралы жазған.
Кешіктен-Шыңғыс ханның жеке басын қорғайтын жасауылдары.
Схемалар, тапсырмалар, ситуациялық жағдаяттар 1.Кестені толтырыңыз: