ОсөЖ №5. Тақырып: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық азаттық күресі


Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата02.12.2023
өлшемі247,9 Kb.
#131919
1   2   3   4   5   6   7   8
Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт
-
азаттық қозғалысы 
(1837-1847):
қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс 
себептері. Тарихи әдебиеттегі Кенесарыхан. Көтерілістің алғышарттары. 
Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шегаралық 
аймақтарда жаңа бекіністер салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды 
одан әрі жалғастыруы және қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың 
шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт
-
азаттық көтерілістің шығуына 
себеп болды. ХVІІІ
-
ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен 
салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт
-
азаттық күрестің басты 
ерекшелігі оған үш жүздің толық қатысуында болды. Көтеріліс кең қанат 
жайып, бүкілхалықтық сипат алды. Көтерілістің мақсаты Ресейдің отарлау 
саясатына шек қою,патша үкіметінің құрамына кірмеген өңірлердің 
дербестігін сақтау, қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салынуын 
тоқтату, қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету. 
1837-
1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске 
Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары сұлтан (1802
-
1847 жж.) басшылық жасайды. 1837 жылы қараша айында Кенесары 
Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі казак отрядына шабуыл 
жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің бастауы 
болды. 1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір генерал
-
губернаторы князь 
Горчаков пен I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде 
Кенесарының қойған алғашқы талаптары мынандай болды: Қазақ жеріндегі 
округтік бұйрықтарды жою; Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін 
қалпына келтіру; Салық жинауды тоқтату. Көтерілістің жеңілу себептері:Қазақ 
феодалдарының біразы Кенесарыны қолдамады, қазақ халқы арасында 
рулық алауыздық пен руға бөліну болды, Ресей билеушілерінен жеңілдіктер 
алған ақсүйектердің бір бөлігі орталықтанған феодалдық мемлекет құруға 


мүдделі болмады, көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты 
жаза қолданды, қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған 
шайқастарда Кенесарыны қолдамады. Бұхар, Қоқан феодалдарымен 
соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Ресейге қарсы тұра алмады. 1841 
жылдың қыргүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары 
Қасымұлы
хан сайланды. Кенесары Қасымұлы –
үш жүздің басын қосып, 
Ресей империясына қарсы тұра білген, қазақ жерінің біртұтастығын сақтап 
қалуға
тырысқан, қазақтың соңғы ханы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет