ОсөЖ №5. Тақырып: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық азаттық күресі


- 1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата02.12.2023
өлшемі247,9 Kb.
#131919
1   2   3   4   5   6   7   8
1868-
1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. 
Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.
1868 
жылы патша үкіметі Қазақстанды отарға түпкілікті айналдыруды көздеген 
«Жаңа ереже» қабылдады. Жер үкімет меншігі болып жарияланды. Қазақтар 
пайдаланған жері үшін түтін басы бұрынғы 1 сом 50 тиынның орнына 3 сом 
50 тиын төледі, түрлі алымдар көбейді. Бұл көшпелі халықтың жаппай 
наразылығын тұғызды. 1868 жылы желтоқсандағы «Жаңа ережеге» сәйкес 
Кіші жүз екі облыс, 8 уезге бөлінді. Оның батыс жағы Орал казак
-
орыс 
әскерлерінің жерлеріне қосылып, Орал облысы, ал шығысында Торғай 
облысы құрылды. 1869 жылдың басында елге ұйымдастыру комиссиялары 
шықты. Комиссия халық санағын жүргізіп, салық жинауға, жергілікті әкімдер 
«сайлауын» өткізуге, болыстар құруға кірісті. Бұл халық наразылығын 
күшейтіп, көтерілістің шығуына тікелей түрткі болды. Табын, Кете, Адай, Таз, 
Ысық, Шеркеш, Есентемір руларының қарулы көтерілісшілері 1868 жылы 21 
наурызда Гурьев қаласындағы ұйымдастыру комиссиясына шабуыл жасап, 
10 көлік пен 900 сомның бағалы затын қолға түсірді,
комиссия мүшелері 
қашып кетті. Қаракөлдегі Ысық және Беріш рулары «Ережені» қабылдамады, 
ұйымдастыру комиссиясын кейін қайтарды. 1869 жылы қаңтарда барлық 
уездердегі ұйымдастыру комиссиялары «Ережені» жүргізуді тоқтатты. 1869 
жылы ақпанда ұйымдастыру комиссиялары бұрынғы сұлтан
-
әкімдері 
(М.Баймұхамедов, Сейдалин. Б.Кейкин) ертіп елге қайта шықты. «Ережеге» 
күшті қарсылық көрсеткен руларға «ықпал» ету үшін зеңбіректермен 
қаруланған 700 әскерді қырдағы бекіністерге жіберді. Елек өзен бойында 200 
әскер күзеткен азық тартқан отрядқа 600
-
ге тарта көтерілісші қазақтар 
шабуыл жасап, арбаларын қиратып, бірнеше адамын өлтіріп жарақаттады. 
1869 жылы наурызда ұйымдастыру комиссиясына қарсы көтеріліс ішінара 
Торғай облысын, ал Орал облысын түгел қамтыды. Көтеріліс дүмпуінен 


қорыққан
ірі феодалдар (сұлтандар, билер, дін басылары) мал
-
мүлкін айдап 
оңтүстікке, одан Хиуаға өтіп кетті.Шаруалардың бұл көтерілісі нашар 
ұйымдастырылды, стихиялық түрде өтті, сондықтан жеңіліске ұшырады. 
Солай бола тұрса да, Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс қазақ 
шаруаларының отарлау саясатына, қанаушыларға қарсы қозғалысының 
ерекше бір көрінісі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет