ОсөЖ №5. Тақырып: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық азаттық күресі



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата02.12.2023
өлшемі247,9 Kb.
#131919
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сроп 9

Кіші жүздің ұлт
-
азаттық қозғалысы
.
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың 
ұлт
-
азаттық қозғалысы 1783
-
1797 жылдары Сырым Датұлының басқаруында 
болған Кіші жүзінің қазақтарының қозғалысы. Көтеріліске қарапайым 
көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі, старшындар, билер және батырлар 
белсене қатысты. Көтерілісшілердің арасында сұлтандар тобынан 
шыққандар да бар. Көтеріліс аумағы Еділ
-
Арал теңізі. Көтерілісшілердің 
басты мақсаты ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін 


қалпына
келтіру, Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын 
тоқтату, Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек кою. 
Жеңілу себептері қазақ феодалары мен старшындық топтар арасындағы 
алауыздық, руаралық қайшылықтар, көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы, 
қару
-
жарақтардың аздығы, Сырымның көтерілістің әр кезеңінде 
мақсаттарын өзгертуі. Тарихи маңызы Еділдің шығысындағы ірі халықтық 
сипаттағы қозғалыс, руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор 
кедергі болатыны мен патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең 
шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді. Қазақ өлкесіндегі ең 
ұзақ
көтеріліс болып, 14 жылға созылды. Көтерілістің нәтижесі 1801 жылы 
патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға 
рұксат берді.
Старшын Жоламан Тіленшіұлының (1822
-
1824 ж.) наразылық қозғалысы.
Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс азаттық көтерілісі 1822 –
1825 
жылдары аралығында болды. 1822 жылы табын руының батыры әрі биі 
Жоламан Тіленшіұлы Ресейге қарсы шығып, Елек өзені бойындағы жерлерді 
қайтарып алу жөніндегі күреске басшылық етті. Көтерілісшілер казактардың 
станицаларына шабуыл жасады, олардың үйлері мен шөбін өртеді, 
адамдарын тұтқынға алып, малдарын айдап әкетті. Көтерілісті басу үшін 
құрамында 500 Орынбор казагы мен екі зеңбірегі бар жазалаушы 
экспедиция жіберілді. 1825 жылдың көктемінде жазалаушы экспедиция 
Бұлдырты, Шиелі және Тамды өзендерінің бойындағы жүздеген қазақ 
ауылдарына ойран салып, аяусыз қырып –
жойды. Көтерілісшілер аянбай 
қарсылық көрсетті, жазалаушы отрядтармен болған шайқастар кезінде 195 
сарбаз қаза тапты, 125 адам тұтқынға алынды. Бұлардың құрамында әйелдер 
мен жас балалар да болды. Оларды Жайық түрмесіне айдап апарып, қамап 
тастады. Түрмедегі жағдай адам төзгісіз ауыр болды. Көптеген адамдар 
ауырып қаза
тапты. Жоламан батырдың ең жақын алты бауыры Сібірге жер 
аударылды. Қалыптасқан мұндай ауыр жағдайда көтеріліс жетекшісі патша 
үкіметіне қарсыласуды уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болды. 1835 жылы 
көтеріліс көтеріліс қайтадан бұрқ ете қалды. Ол Ор және Троицк 
бекіністерінің арасындағы кең –
байтақ жерді Ресей империясының 
қазақтардан тартып алуына тікелей байланысты болды. Көтерілісшілерге Кіші 
жүз бен Орта жүздің жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын және қыпшақ 
рулары қосылды. Қазақтар шекара шебіндегі бекіністерге жүйелі түрде 


шабуыл жасап тұрды. Көтеріліске тағы да Жоламан батыр басшылық етті. 
Кейінірек олар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт –
азаттық көтерілісіне барып 
қосылды. Жоламан батыр бастаған қозғалыстың отаршылдыққа қарсы 
сипаты басым болды. Көтерілістің әр жерде шашыраңқы жүруі мен оған 
қатысушылар
санының аздығы оның жеңіліске ұшырауына жеткізді. Солай 
бола тұрса да ол Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты көтерілістің пісіп –
жетілуіне елеулі ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет