60
оларды өз бетімен орындауға дағдыландыруда жалпы дене тәрбиесімен
байланысын үзіп алмауды қадағалау керек. Ол байланысты кеңейтіп отыру
дұрыс болады.
ЖДЖ жүйесін өз бетімен орындатуға дағдыландыру үдерісінде дене
тәрбиесі
құралдарының, атап айтқанда, ЖДЖ жүйесін, табиғат күшін,
гигиеналық факторларды, техникалық ортаның мол арсеналын пайдалану
қажет. Осындай күрделі үдерісте жалпы педагогикалық және ЖДЖ-ны
орындауға байланысты түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану керек.
Бастауыш сынып
оқушыларының зейінін шоғырландыра отырып, оларды шаршатпау не
зеріктірмеу үшін ЖДЖ-ны үйретуде мазмұн жағынан, сабақ формасы жағынан,
түсірілетін физикалық күш жағынан түрлендірулер жасап отыру өте дұрыс
болады. Түрлі қозғалыс әрекеттерінің санын көбейте отырып,
олардың
орындалу техникасының негіздерін қалыптастыру керек.
2.
Дене тәрбиесінің өмірлік тәжірибемен байланысын сақтау немесе
қолданбалылық ұстанымы.
Бұл ұстаным бойынша дене тәрбиесі сабақтарының,
оның ішінде ЖДЖ үйретудің бастауыш сынып оқушыларын жемісті және ұзақ
өмірлік әрекетке дайындайтын мақсатты бағыты анықталады. Осы ұстанымды
ұстану бойынша бастауыш сынып оқушыларына ЖДЖ-ны меңгерту және өз
бетімен орындау дағдыларын қалыптастыру
арқылы жақсы физикалық даму
жолына түсіру және сол арқылы өмірге бейімдеу мүмкіндіктері мол болады.
ЖДЖ-ны сабақта ғана емес, өз бетімен де үздіксіз орындауға қалыптасқан
оқушының қозғалыс дайындығы жоғары деңгейде қалыптасып, оның жаңа
қозғалыс әрекеттерін тез әрі сапалы үйреніп
алу дағдыларын қалыптасуына
ықпал етеді. ЖДЖ өз бетімен орындауға дағдыландыру арқылы бастауыш
сынып оқушыларының барлық пәндер бойынша жоғары үлгірімге жетуінің
сатылары қаланады.
3.
Дене тәрбиесінің сауықтыруға бағытталған ұстанымы.
Дене
шынықтырудың оқушының денсаулығына пайдалы немесе зиян болуы да
мүмкін екені белгілі. Осы ұстаным бойынша дене шынықтыру сабақтары,
ЖДЖ-ны меңгерту барысы дәрігерлік және педагогикалық бақылауда болады.
ЖДЖ кешендерін топқа бөліп орындатуда оқушылардың медициналық топтары
баса ескеріледі.
ЖДЖ-ны орындатуда, құралдар таңдауда олардың балаларды
сауықтыру құндылығы қаншалықты деген сұраққа жауап берілуі керек. Тек
дене шынықтыруға арналған құралдардың негізгілерін өзара үйлестіре қолдану
арқылы ғана көзделген мақсатқа жетуге болатынын есте сақтау қажет. Жалпы
дамыту жаттығуларын бастауыш сынып оқушыларына өз бетімен орындауға
дағдыландыру әдістемесінің базалық дидактикалық ұстанымдарын осылай етіп
анықтадық.
Ендігі міндет –
дене шынықтыру әдістемесінің ұстанымдарын
жүйеге
түсіру. Дене шынықтыру ұстанымдары дегеніміз – дене тәрбиесі үдерісін
құруға, іріктелінетін білім мазмұнына, әдістеріне
және дене шынықтыруды
ұйымдастыру формаларына қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын
ғылыми-тәжірибелік қағидалар. Ол ұстанымдар, біздің ойымызша, мынадай
жүйеде келеді.
61
Сурет 11 – Дене шынықтыру әдістемесінің ұстанымдары
Осы ұстанымдардың мазмұнын талдау
барысы зерттеу жұмысымыздың
дидактикалық тұғырын берік етеді деп санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: