Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет36/77
Дата20.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#141365
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
Байланысты:
disser ernar

мазмұндық элементі
жалпы дамыту жаттығулары арқылы 
оқушылардың өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың талаптарына жауап 
беретін білімнің мазмұнын құрайды. Мемлекеттік стандарттағы мазмұн 
тұлғаның жалпы дамыту жаттығуларын өзбетімен орындау дағдыларын 
дамытудың бастапқы деңгейін қамтиды. Жалпы дамыту жаттығуларын 
орындатудың мазмұндық элементі оқушылардың өзбетімен орындау
қабілетіндегі когнитивті, жылдамдық, эмоционалдық, эстетикалық және 
шығармашылық ерекшеліктердің құндылығын бейнелейді. Дене шынықтыру
білім мазмұны рационалдық категориясы жалпы педагогикалық негізді 
құрайтын дене шынықтырудың ұстанымы мен заңнамалығын анықтайды. 
Рационалдық емес санадан тыс және әрдайым логикалық көзқарас бойынша 
түсінік беруге қиындық тудыртады. Рационалдық емес дене тәрбиесі 
педагогикасы (интуициялық, рухтану, нұрға бөлену) әлі күнге дейін толық 
зерттелмеген. Сонымен қатар
жалпы дамыту жаттығулары арқылы 
оқушылардың өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың мазмұндық 
категориясы адамның қабылдау көзқарасындағы қызығушылықты туындатады. 
Ол дене тәрбиесінің мәнін анықтайды және жалпы дамыту жаттығулары 
арқылы оқушылардың өзбетімен орындау дағдыларын дамыту үдерісіне ықпал 
етеді.
Мазмұндық блоктың тікелей жалғасы боп оның қосымша мазмұнын 
процессуалдық
элемент құрайды. Процессуалдық элемент тиісті тұлғалық білім 
берудің бағыттылық тұжырымдамасы ұсынылатын құралдардың үздіксіз 
байланысын қамтиды. Мазмұн үдерістен тыс жүзеге асырылмайды. Мазмұндық 
кешен басыңқы ретінде анықталады, алайда ол мақсаттық және іс-әрекеттің
қатысуынсыз іске асуы мүмкін емес.
Жобаланатын модельдің мазмұны жалпы дамыту жаттығулары арқылы 
оқушылардың өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың мынадай 
ұстанымдарын 
ұстанады: 
1) ЖДЖ-ны өз бетімен орындаудың үздіксіз болу ұстанымы. 
2) ЖДЖ-ны өз бетімен орындауда физикалық жүк пен демалыстың 
жүйелі түрде алмасып отыру ұстанымы. 
3) ЖДЖ-ны 
орындауда дамыту-жаттықтырушы ықпалдардың 
біртіндеп өсіп отыру ұстанымы. 
4) Физикалық жүк динамикасының бейімделген теңгерімі ұстанымы. 


82 
5) ЖДЖ-ны өз бетімен орындаудың циклдық құрылуы ұстанымы. 
6) ЖДЖ 
кешендерін өз бетімен орындауда бастауыш сынып 
оқушыларының жас ерекшелігі ескерілу ұстанымы. 
Бұл ұстанымдар тұлғалық ойдың пайда болуына мүмкіндік жасайды. 
Осындай ұстанымдарды жүзеге асыру үшін әртүрлі 
әдістер
қолданылады 
(оқушылардың қозғалыс дағдыларын меңгертуге және олардың физикалық 
дамуына бағытталған түсіндіру, көрсету, ойын және жарыс, рефлексия және 
т.б.). Олар оқушылардың ЖДЖ кешендерін өз бетімен орындауына мүмкіндік 
жасайды. Мұндай әдістер негізінде оқушының өз бетімен орындау дағдылары 
меңгертіледі, нәтижесінде оның жеке тұлға ретіндегі болмысында өзіндік дене 
мәдениеті қалыптасады.
Жобаланатын модель жалпы дамыту жаттығулары арқылы оқушылардың 
өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың педагогикалық шарттарына сүйену
керек.
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы оқушылардың өзбетімен орындау 
дағдыларын дамытудың негізгі бағыттылығы келесі тұлғалық қызметті анықтау 
үшін қажет: 
ынталандырушылық
(жалпы дамыту жаттығуларын өзбетімен 
орындауда ішкі ынтаның пайда болу қабілеті); 
рефлексивтік 
(өзінің 
психологиялық және шығармашылық қабілетін, өзіне деген сенімділігінің 
пайда болуына көмектесу, әлеуметтік мәнін түсінуге 
көмектесу, өзін-өзі 
қадірлеуді, өзін-өзі бағалауын көтеруге талпындыру); шығармашылық-
түрлендірушілік
(жалпы дамыту жаттығуларымен танысу қызметіндегі кез-
келген тұлғаның мәнін өзбетімен орындау дағдысының қалыптасуына 
мүмкіндік жасау; 
рухани тіршіліктің деңгейін қамтамасыз ету 
(тұлғаның 
өзіндік сұранысына сәйкес жүзеге асыру).
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы оқушылардың өзбетімен орындау 
дағдыларын дамытудың моделі 
үш кезеңді
қамтиды: 
базалық, дамытушылық, 
шығармашылық. 
Базалық кезеңнің мақсаты
ынталандырушылық және когнитивті кешеннің 
дамуы болып табылады: оқушының ЖДЖ-ны өзбетімен орындаудағы ұлттық 
жаттығу элементтерінің құндылығы мен ынтасын түсінуі. Өзбетімен орындау 
дағдысын дамыту үшін ұлттық дене жаттығуы элементінің құндылығын 
түсіну, ЖДЖ-ны меңгерудегі орындаушылық қызмет, дене тәрбиесіне
қызығушылық, ЖДЖ құралдары арқылы өзбетімен орындау дағдысын
дамытудың ынтасын қолдау, түсінік бейнесіндегі қызмет, аксиологиялық. 
Өзбетімен орындау дағдысын дамытудың 
көрсеткіші:
оқушылар келесі 
жоғары дейгейлік іс-әрекетке өту үшін қажетті жағдай болып табылатын 
репродуктивті іс-әрекеттің негізіне ие болады. Репродуктивті оқу іс-әрекеті 
оқушылардың 
бағдарламаларына, 
өлшемдерге, 
қабілетіне 
сәйкес 
тапсырмаларды жүзеге асырады. Яғни, оқушы оның алған білімі, қабілеті мен 
іс-әрекетіндегі тәсілін қолданады, алайда өзгеріп жатқан жағдайға бейімделе 
алмайды. Бізді олардың дене шынықтыру іс-әрекетіндегі дене жаттығуы 
элементі құндылығын түсінуі, өзбетімен орындау дағдысын дамытуды меңгеру 


83 
және ұлттық дене жаттығуы элементіне деген қызығушылығының пайда болуы 
қызықтырады.
Дамытушылық кезеңнің мақсаты
когнитивті, эмоционалды-ерікті, 
жылдамдық-іс-әрекеттің кешенді дамуы болып табылады: оқушылардың 
ұлттық дене жаттығуы элементтерін меңгерудегі педагогикалық мәселе, ЖДЖ-
ны өзбетімен орындаудағы өзінің орнын білу, оны жүзеге асыру құралдары мен 
әдістері, ұлттық дене жаттығулары элементтері арқылы оқушының өзбетімен 
орындау дағдысын дамытудың мәніндегі білім жүйесін қалыптастыру. 
Аксиологиялық, саналық бейне, зерттеушілік, рефлексивті іс-әрекет жүзеге 
асырылады. Мұндай кезеңде оқушы ұлттық дене жаттығу элементтері арқылы 
өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың әдістемелік білімін меңгереді, оның 
ұстанымы, өзбетімен орындау дағдысы дамуының мәні, әдістері мен оны 
жүзеге асырудың құралдары,
өзбетімен орындау дағдысы даму деңгейінің 
шынайы өзіндік бағасы, рефлексивті қабілетін қалыптастыру болып табылады. 
Ұлттық дене жаттығулары элементтеріндегі өзіндік жұмыстың қабілетіне ие 
болуда 
оқушылардың 
қажеттілігі 
мен 
жекелеген 
қызығушылығын 
ынталандыруды дамыту. Мұндай кезеңде ЖДЖ арқылы оқушылардың 
өзбетімен орындау дағдысы дамуының 
көрсеткішінде:
оқушылар өзінің алдына 
мақсат қоя алады, өзін-өзі білімдендіру мен өзін-өзі дамытудың жолдары 
арқылы жетістікке жету үшін әдістер мен тәсілдерді таба алады. Оқу жағдайын 
түсіну, мәселелік-ізденушілік жағдайын ескере отырып ұйымдастыру жолдары, 
өзінің қызметіндегі аралық және соңғы нәтижесін бағалау қабілетін 
қалыптастыру қажет.
Шығармашылық 
кезеңнің
мақсаты 
жылдамдық-қызметтік 
және 
рефлексивті кешеннің жетекші рөлі рефлексивті, жылдамдық-қызметтік, 
эмоционалдық-еріктік, когнитивті, ынталандырушылық кешенді біріктіру 
белгілері мен дамыту болып табылады: ұлттық дене тәрбиесі жаттығулары 
элементтерін меңгерудегі шығармашылық іс-әрекетті түрлендірудің қабілеті 
мен мүмкіндігін дамыту; зерттеушілік, саналық бейнелік, рефлексивті іс-
әрекетті жүзеге асыру. Оқушылар ұлттық дене жаттығулары элементтері 
арқылы интеллектуалды-дамытушылық іс-әрекеттің тәжірибесін меңгеру 
мүмкіндігі мен қабілетін дамыту, қажетті базалық білімді бекітуді 
жалғастырады.


84 
Сурет 14 - Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып 
оқушыларының өз бетімен орындауы дағдысын дамытудың моделі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет