Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет49/77
Дата20.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#141365
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77
Байланысты:
disser ernar

1-тапсырма.
Жаттығуды орындау барысында жүргізушімен бірге санау 
жүргізу. Өзіндік санау жүргізе отырып, оған орындалған қимыл-қозғалыстың 
сәйкестілігі бағаланады.
2-тапсырма.
Жаттығуды орындату барысында нұсқаушы жіберген 
қателіктерді жіктеу. Қай жерде, яғни түсіндіруде, көрсетуде, санауда қателіктер 
кеткенін көрсету.
3-тапсырма.
Нұсқаушы ретінде өз бетімен жаттығуларын түрін іріктеп 
алу және топпен орындау. Бағалауда қалай түсіндірілгені, бастапқы қалыпты 
көрсетуі, бұйрықты қаншалықты ырғақпен дұрыс бергені ескеріледі. 
Нұсқаушылық бағыттағы тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың 
жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындауына аса қажетті білім мен 
дағдылар жүйесі қалыптастырылады.
Осы жұмыстың жалғасы ретінде оқушылардың ЖДЖ-ны өз бетімен 
орындау 
дағдыларын 
қалыптастырудың 
тиімді 
жолы 
ретінде 
дифференциалдық оқыту /саралай оқыту/ және жеке тапсырмаларды 
орындауға басым орын беріледі. 
Дифференциалдық оқыту – оқу үдерісін ұйымдастыру формасы, мұнда 
мұғалімнің белгілі бір ортақ қасиеті бойынша бір топқа біріктірілген оқушылар 
тобымен (гомогенді топпен) жұмыс жасауы. Дифференциалдық оқыту жүйесі 
оқушылардың түрлі топтары үшін арнайы оқу үдерісін қамтамасыз етеді. Негізі 
дифференциалдық оқытуда мына ерекшеліктерге назар аударылады: 
– жас ерекшелігі құрамына қарай; 
– ер бала, қыз бала болып бөлінуіне қарай; 
– қызығушылығының салаларына қарай; 
– ақыл-ойы даму деңгейіне қарай; 
– денсаулығының деңгейіне қарай. 
Дифференциалдық оқытудың теориясын зерттеген ғалымдар Е.А. Ямбург 
[142], В.Д. Шадриков [143] т.б. ғалымдардың пікірінше, оқушылардың жеке 
басы ерекшеліктері дифференциалдық оқытудың негіздемесі болады және ол 
ерекшеліктер баланың оқытылуы мен оқуына, жұмыс істеу қабілетіне, ойлау 
типіне байланысты көрініс береді.


109 
В.М. Монаховтың [144], Ж. Қараевтың [145], Г.Д. Глейзердің [146,с. 430] 
айтуынша, сынып ішіндегі дифференциациялауға оқушылардың түрлі 
қабілеттері мен ерекшеліктері тірек болады. Дифференциалдық оқыту әдістерін 
қолдану арқылы ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға дағдыландыруда 
оқушылардың дене мәдениеті туралы білімі жақсарады, пәнді игеру деңгейі 
өседі, балалар жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындауға 
ықыластанады, қимыл-қозғалыс дағдылары жетілдіріледі, мектеп бойынша 
спорттық жарыстарға қатысушылар саны артады. Әзірленген арнайы жалпы 
дамыту 
жаттығуларының 
жүйесінен 
алынған 
дифференциалдық 
тапсырмалардан кесінділер келтіреміз. 
Төмендегі дифференциалдық тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларына 
арнайы әзірленген ЖДЖ жүйесінен алынып, жас ерекшелігіне сай іріктелінді.
Мысалы, мына тапсырмалар ер балалар мен қыз балалар болып бөлінуіне 
байланысты берілетін тапсырмалар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет