Обручпен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары топтамалары 1. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, обруч тігінен алға. 1- обруч жоғары
көлденең; 2- бастапқы қалыпқа келу; 3 - обруч жоғары көлденең; 4- бастапқы
қалыпқа келу. Осыны 4-6 рет қайталау.
2. Бастапқы қалып – аяқты алшақ қойып тік тұру, обруч тігінен артқа. 1 –
денені солға бұру; 2 – бастапқы қалыпқа келу; 3- денені оңға бұру; 4 – бастапқы
қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет қайталау.
3. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, обруч жоғары. 1- оң жаққа аяқ ұшына
қарай еңкею; 2- бастапқы қалыпқа келу; 3- сол жаққа аяқ ұшына қарай еңкею;
4- бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет қайталау.
Сабақтың соңы. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Бағалау. Үй тапсырмасына өз бетімен дұрыс және сауатты орындауды қайталау беріледі. Келесі – 4-сыныпта өткізілген эксперименттік сабақтың эпизоды.
«Сабақ №1 4-сынып. Пән – Дене шынықтыру. Тақырып – «Гимнастикалық қабырғада орындалатын ЖДЖ», (жалпы
дамыту жаттығуларын) орындату.
Мақсаты – «Гимнастикалық қабырғада орындалатын ЖДЖ» орындауға
деген қызығушылығын арттыру және оқушылардың қозғалыс, ойлау, сөйлеу-
коммуникативтік тәжірибесі арқылы түрлі қабілеттерін жетілдіру.
Білімдік міндеттері: – «Гимнастикалық қабырғада орындалатын ЖДЖ» жалпы дамыту
жаттығуларын үйрету;
– ЖДЖ жүйесіндегі гимнастикалық элементтер бар жаттығуларды өз
бетімен орындауға дағдыландыру.
Дамытушылық міндеттер: – 4-сынып оқушыларының сабақтан тыс кезде жеке өзі немесе достарымен
бірігіп, гимнастикалық қабырғада орындалатын жаттығуларды өз бетімен
орындауға дағдыландыру;
– «Гимнастикалық қабырғада орындалатын ЖДЖ» өз бетімен орындауға
ерік-жігерін, есте сақтау қабілетін дамыту;