Оспанкулов ернар ерланович


Кішкентай доптармен жасалатын жаттығу топтамалары



Pdf көрінісі
бет63/77
Дата20.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#141365
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77
Байланысты:
disser ernar

Кішкентай доптармен жасалатын жаттығу топтамалары 
1. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп алға. 1 – оң аяққа ұмтылу, доп 
жоғары; 2 – бастапқы қалыпқа келу; 3 - сол аяққа ұмтылу, доп жоғары; 4 – 
бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет қайталау.
2. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп төмен. 1 – орнында тұрып секіру, 
доп кеудеге; 2 – орнында тұрып секіру, доп жоғары; 3- орнында тұрып секіру, 
доп кеудеге; 4 – секіріп бастапқы қалыпқа келу. Осыны 4-6 рет қайталау.
3. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп төмен. 1 – доп алға, оң аяқты алға 
сермеу; 2 - негізгі тік тұру, доп төмен; 3 – доп алға, сол аяқты алға сермеу; 4 - 
негізгі тік тұру, доп төмен. Осыны 6-8 рет қайталау. 
4. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп төмен. 1 – допты жоғары 
лақтырып, жүрелей отыру, отыра бере допты қағып алу; 2 – бастапқы қалыпқа 
келу; 3 – допты жоғары лақтырып, жүрелей отыру, отыра бере допты қағып алу;
4 – бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет қайталау. 
Секірмекпен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларының 
топтамалары 
1. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, секірмек алда. 1 – секірмектен алға оң 
аяқпен аттау; 2 – секірмектен сол аяқпен аттау; 3 - секірмектен артқа оң аяқпен 
аттау; 4 – секірмектен артқа сол аяқпен аттау. Осыны 6-8 рет қайталау. 
2. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, секірмек артта төмен. Секірмекті 
айналдырып, одан оң аяқпен, сол аяқпен кезек-кезек секіру. 30-40 рет секіру. 
3. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, секірмек артта, оң аяқтың өкшесінің 
астында, тартылған. 1 – оң аяқты секірмекпен бірге көтеріп, алға еңкею, тепе-
теңдік сол жақта; 2 – бастапқы қалыпқа келу; 3 – сол аяқты секірмекпен бірге 
көтеріп, алға еңкею, тепе-теңдік оң жақта; 4 – бастапқы қалыпқа келу. Осыны 4-
6 рет қайталау. 
4. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, секірмек артта. Қос аяқтап секіру
секірмекті алға қарай айналдыру. 30-40 рет секіру.


124 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет