Құрсақтық сабау truncus coeliacus үш тармақ шығады:
Сол асқазан артериясы, a. gastrica sinistra Сол асқазан артериясы ең қысқа тармақ, құрсақтық сабаудан тармақталған соң, кішкене жоғары солға көтеріліп, асқазанның кардиалді бөлігіне жеткен соң, өңешке - өңештік тармақтар, rami esophagei, береді және өзі асқазанның кіші иіні бойымен оң жаққа түсіп, жалпы бауыр артериясыныц тармағы - оң асқазан артериясымен, a. gastrica dextra, анастомозданады. Сол асқазан артериясы асқазанның кіші иіні бойымен асқазанның алдыңгы жэне артқы қабырғаларына ұсақ тармақтар береді.
Жалпы бауыр артериясы, a. hepatica communis екі тармаққа: меншікті бауыр артериясына және асказан - он екі елі ішек артериясына бөлінеді.
Меншікті бауыр артериясы, a. hepatica propria тармақтары:
оң асқазан артериясын, a. gastrica dextra, береді, ол кейбір жагдайда a. hepatica communis-тан тармақталуы мүмкін; оң асқазан артериясы асқазанның кіші иініне жоғарыдан төмен багытталады, асқазанның кіші иінінде оңнан солга жүріп, a. gastrica sinistra-мен анастомозданады
Меншікті бауыр артериясыныц оң тармағы, r. dexter, бауыр қақпағында бауырдың құйрықты үлесіне - a. lobi caudati, және бауырдың оң үлесі сегменттеріне сәйкес артериялар: алдыңгы сегментке - a. segmenti anterioris, жэне артқы сегментке - a. segmenti posterioris, береді
Сол тармак, r. sinister, құйрықтық үлес артериясын, a. lobi caudati, және бауырдың сол үлесіне - медиалді жэне латералді сегмент артерияларын, a. segmenti medialis et a. segmenti lateralis, береді.
Асқазан - он екі елі ішек артериясы, a. gastroduodenalis тармақтары
Ол екі тамырға: жоғарғы ұйқыбез - он екі елі ішек артериясына, a. pancreaticoduodenalis superior, және оң асқазан - шарбы артериясына, a. gastroepiploica dextra, бөлінеді.
Жоғарғы ұйқыбез - он екі елі ішек артериясы, a. pancreaticoduodenalis superior, он екі елі ішектіц томендеген бөлігінің медиалді жиегі мен ұйқыбез басы арасында доғаланып орналасып, төмен бағытталады және ұйқыбез тармақтарын, rr. pancreatici, жэне он екі елі ішек тармақтарын, rr. duodenales, береді; он екі елі ішектің горизонталді бөлігінің төменгі жиегінде төменгі ұйқыбез - он екі елі ішек артериясымен, a. pancreaticoduodenalis inferior, (төменгі шажырқай артериясының тармагы, a. mesenterica inferior) анастомозданады.
Оң асқазан - шарбы артериясы, a. gastroepiploica dextra, асқазан - он екі елі ішек артериясының, a. gastroduodenalis, жалғасы, үлкен шарбы табақшаларының арасында асқазанның үлкен иінімен солга бағытталып, асқазанның артқы жэне алдыңғы беттеріне тармақтар, сонымен қатар үлкен шарбыға шарбылық тармақтар, rr. еріріоісі, береді. Ол асқазанның үлкен иіні тұсында сол асқазан шарбы артериясымен, a. gastroepiploica sinistra (кокбауыр артериясының тармагы, a. lienalis) анастомозданады