Көкбауырартериясынан, a. lienalis. ұйқыбезді, асқазанды жэне үлкен шарбыны қанмен қамтамасыз ететін келесі тармақтар таралады.
) Үйқыбез тармақтары, rr. pancreatici, көкбауыр артериясының барлық деңгейінен тармақталып, без паренхимасына кіреді. Олар келесі артериялармен көрсетілген: ұйқыбездің артқы артериясы, a. pancreatica dorsalis, ұйқыбездің үлкен артериясы, a. pancreatica magna, жэне ұйқыбез құйрығының артериясы, a. caudae pancreatis
Көкбауырлық тармақтар, rr. lienales, көкбауыр артериясының 4-6 есебіндегі соңғы тармақтар, көкбауыр қақпасы арқылы паренхимасына кіреді
Қысқа асқазан артериялары, aa. gastricae breves, көкбауыр артериясының соңгы бөлімінен тармакталатын 3-7 есебіндегі ұсақ сабаулар; асқазан - көкбауыр жалғамасы қалыңдығында асқазан түбіне барып, басқа асқазан артерияларымен анастомозданады.
Сол асқазан - шарбы артериясы, a. gastroepiploica sinistra, көкбауыр артериясынан көкбауырға соңғы тармақтарының тармақталатын жерінен басталып, ұйқыбездің алдымен төмен жүреді. A. gastroepiploica sinistra асқазанның үлкен иініне жеткен соң, солдан оңға бағытталып, үлкен шарбы табақтарының арасында орналасады. Ол асқазанның үлкен иінінің сол және ортаңғы ұшы шекарасында а. gastroduodenalis-тың тармағы - a. gastroepiploica dextra-мен анастомозданады.
Жоғарғы шажырқай артериясы, a. mesenterica superior (88, 89-суреттер) - қолқаның алдыңғы бетінен, кұрсақтық сабаудан сәл томен (1-3 см), ұйқыбездің артында басталатын ірі тамыр.
Жогаргы шажырқай артериясынан келесі артериялар тармақталады.
Төменгі үйқыбез - он екі елі ішек артериясы, a. pancreaticoduodenalis inferior, жогаргы шажыркай артериясының бастапқы учаскесінің оң жиегінен басталып, ұйқыбездің алдыңғы бетімен төмен және оң бағытталады. Төменгі ұйқыбез - он екі елі ішек артериясы ұйқыбезге және он екі елі ішекке-тармақтар беріп, a. gastroduodenalis тармағы - жоғарғы ұйқыбез - он екі елі ішек артериясымен, a. pancreaticoduodenalis superior, анастомозданады.
Ішектік артериялар, aa. intestinales, жоғарғы шажыркай артериясы доғасының шығыңқы бөлігінен рет-ретпен тармақталатын 15 мөлшерінде басталатын тамырлар. Ішектік артериялар ащы және мықын ішектер ілмегі шажыркайының табақшаларының арасына бағытталып, аш ішек және мықын ішек артерияларына, aa. jejunales et aa. іlеі, бөлінеді. Әрбір тармақ өз жолында екі сабауға бөлінеді, олар көршілес ішектік артериялардың бөлуінен түзілген, сондай-ақ сабаулармен анастомозданып, догалар түзеді. Догалардан жаңа тармақтар таралып, олар қайта бөлініп, көлемі кішірек екінші қатар догалар түзеді. Екінші катар догалардан тагыда артериялар тармакталады. Олар қайта бөлініп, үшінші катар догалар жэне т.б. түзеді. Ең соңғы дисталді доғалардан жіцішке ішек ілмектері қабырғасына тікелей тік тармақгар таралады. Сонымен катар догалар шажыркай лимфа түйіндерін қанмен қамтамасыз ететін тармақтар береді.
Мықын - жиек артериясы, a. iliocolica, жогаргы шажыркай артериясының краниалді жартысынан, жіңішке ішек шажырқайы түбінен оң басталады. Ол іштің артқы қабырғасының париеталді ішастарының астымен оң және томен багытталып, мықын ішек пен соқыр ішектің соңына барып, сокыр ішекті, жиек ішектің бастапқы бөлігін және мықын ішектің соңғы болімін қанмен камтамасыз ететін екі тармаққа белінеді.
Мықын - жиек артериясынан тармақталатын келесі тармақтар:
Алдыңғы жэне артқы сокыр ішек артериялары, aa. caecales anterior et posterior, соқыр ішектің сэйкес бетіне багытталатын.
Оң жиектік артерия, a. colica dextra, жоғарғы шажыркай артериясының оң жағынан, жоғарғы үшінен, колденең жиек ішек шажырқайы түбі деңгейінде тармақталып, оңга колденең жогарылаган жиек ішектің медиалді жиегіне багытталады. Оң жиектік артерия жиек ішектің жогарылаган бөлігінен қаш ықтықта жоғарылаған және төмендеген тармақтарға бөлінеді. Төмендеген тармағы, а. іliосоІіса-ның тармағымен байланысады, ал жоғарылаған тармағы a. colica media-ның оң тармағымен анастомозданады. Осы анастомоздар, түзілген доғалар жоғарылаған жиек ішек қабырғасына, жиек ішектің оң иіліміне, flexura coli dextra, және көлденең жиек ішекке тармактар береді.
Ортаңғы жиектік артерия, a. colica media, жоғарғы шажыркай артериясының бастапқы бөлімінен тармақталып, көлденең жиек ішек шажырқайы табақтарының арасына оң жэне алға багытталады және оң, сол тармақтарга бөлінеді.