Төменгі шажыркай артерия, a. mesenterica inferior , құрсақтық қолқаның алдыңғы бетінен, III бел омыртқа тұсында тармақталып, ішастар артында сол және төмен жүріп, үш тармаққа бөлінеді.
Сол жиектік артерия, a colica sinistra, сол шажырқайлық қойнауда, ішастар артында, сол несепагар мен сол атабез артериясыньщ (анабез артериясыныц), a. testicularis (a. ovarica) sinistra, алдында жатып, жогарылаган және төмендеген тармақтарга бөлінеді. Жоғарылаған тармағы ортаңғы жиектік артерияның сол тармағымен анастомозданып, жоғарыда көрсетілген доганы (Риолан) түзеді; ол колденец жиек ішектіц сол болігін жэне жиек ішектіц сол иілімін, flexura coli sinistra, қанмен қамтамасыз етеді. Томендеген тармагы сигматәрізді артериямен байланысып, томендеген жиек ішекті қанмен қамтамасыз етеді.
Сигматәрізді артерия, a. sigmoidea (94-сурет), бастамасында ішасгар артында, кейін сигматэрізді жиек ішек шажырқайы табақтарыныц арасында жатады; ол сол жиектік артерияныц тармақгарымен, жогаргы тік ішек артериясымен анастомозданып, догалар түзеді, догалардан сигматәрізді жиек ішекті канмен қамтамасыз ететін тармақтар кетеді.
Жоғарғы тік ішек артериясы, a. rectalis superior, төменгі шажыркай артериясының соңгы тармагы болып саналады; томен багытталып, екі тармакка болінеді, екі тармақтың біреуі сигматәрізді артерияның тармақтарымен анастомозданып, сигматәрізді жиек ішектің төменгі бөлімдерін қанмен камтамасыз етеді, екіншісі кіші жамбас астауына багытталып, a. iliaca communis sinistra-ны алдынан кесіп өтіп, сигматэрізді жиек ішектіц жамбастық болімі шажырқайында тік ішектің кей жерін (ампуласын) канмен қамтамасыз ететін оң жэне сол тармақтарга бөлінеді.
2 қадам - Құрсақ сабауының тармақтарын схема түрінде сызып көрсетіңіз.
№ 14 тапсырма
Дәрі-дәрмектердің ауыз арқылы жылдам әрекеті және сіңуі қажет болған кезде (ұйықтататын таблеткалар, стенокардия кезінде нитроглицерин) таблеткалар тілдің астына орналастырылады, олар бір минуттан аз уақыт ішінде сіңеді. Қандай тамырлар есебінен бұл мүмкін болады?
Достарыңызбен бөлісу: |