Негізгі құрал-жабдық –еңбек құралына жатқызылатын материалдық-
мүліктік құндылықтың жиынтығына салынған қаражат. Негізгі құрал-жабдықтың
құны олар тиімді пайдаланылатын мерзім бойы ай сайынғы амортизациялық
аударым арқылы бірте-бірте өтеледі. Амортизациялық аударым тиісті есепті
кезеңдегі өндіріс немесе айналыс шығынына енгізіледі. Амортизациялық
аударым өнімнің, жұмыс пен қызметтің өзіндік құнын құрайтын негізгі
элементтің бірі болып табылады. Амортизациялық аударым істен шыққан
негізгі құрал-жабдықты қайта жаңартуға жұмсалады. Сондықтан жұмыс істеген
бүкіл кезеңдегі амортизациялық аударымның жалпы мөлшері оларды
таратудан түсетін таза пайданы қоспағанда олардың бастапқы құнына тең
болуға тиіс. Амортизациялық аударым амортизацациялық нормасы бойынша
жүргізіледі.
Негізгі құралдардың ұлғаймалы өндірісінде тікелей инвестициялар
негізінде жүзеге асырылады. Тікелей инвестициялар негізгі капиталдың жаңа
объектілерін құруда, кеңейтуде және техникалық қайта жарақтандыруда өзіне
шығындарды білдіреді. Экономикалық жағынан жабдықтар үлесінің басым
шығыстарын құрылымы барынша тиімді болып табылады.