132
Перспективалық жоспарлау кәсіпорынның қаржылық стратегиясын
әзірлеуден және қаржылық қызметін болжаудан тұрады.
Қаржылық стратегия қаржылық қызметтің ұзақ мерзімді мақсаттарын
анықтауды және оларға жетудің аса тиімді әдістерін таңдауды көздейді.
Қаржылық стратегия мақсаттары жалпы даму стратегиясына бағыну керек және
кәсіпорынның нарықтық құңын барынша көбейтуге бағытталу керек.
Қаржылық стратегия негізінде кәсіпорынның қаржылық қызметтің нақты
бағыттары
бойынша
қаржылық
саясаты
анықталады:
салықтық,
амортизациялық,
дивидендтік, эмиссиялық және т.б.
Перспективалық жоспарлау негізін болжау құрайды, ол нарықта
компанияның стратегиясын жүзеге асырады. Болжау кәсіпорынның ұзақ
перспективаға бағытталған мүмкін қаржылық жағдайын зерделеуден тұрады.
Жоспарлауға қарағанда болжау міндеті әзірленген болжамдарды тәжірибеде
жүзеге асыру болып табылмайды, өйткені олар мүмкін өзгерістердің алдын ала
болжауы ғана болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: