133
2) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асыру көлемін жоспарлау;
3) түсуі мүмкін ақша (кіріс) көлемін есептеу;
4) жоспарлы кезеңде күтілетін ақшалай шығындарды бағалау;
5) ақшалай сальдоны анықтау (жоспарлау кезеңіндегі түсімдер мен
шығындар арасындағы айырма);
6) қорытынды шығару.
Көптеген кәсіпорындарда төлем күнтізбесімен қатар салықтық күнтізбе
құрылады, онда кәсіпорын қандай салықтарды және қашан төлейтіні
көрсетіледі. Бұл мерзімді өткізіп алудан және өсімақы төлеуден сақтайды.
Төлем күнтізбесінен басқа кәсіпорында
кассалық жоспар құрылу керек.
Ол – касса арқылы қолма-қол ақшаның түсуін және төленуін көрсететін қолма-
қол ақшалай қаражат айналымының жоспары. Қолма-қол ақшалай қаражатпен
уақытылы қамтамасыз ету кәсіпорын мен оның жұмыскерлері арасындағы
қаржылық қарым-қатынастардың жағдайын, яғни кәсіпорынның төлем
қабілеттілігінің бір қырын сипаттайды. Кассалық жоспар кәсіпорынға қолма-
қол ақшанын түсуін және шығындалуын бақылау үшін қажет.
Жедел қаржылық жұмыстың маңызды бөлігі
несиелік жоспарды
құрастыру болып табылады. Несиелік жоспар – несиелердің түсу және оларды
келісім-шартпен белгіленген мерзімдерде төлеу жоспары. Егер кәсіпорын қысқа
мерзімді қаржыландыруға мұқтаж болса, онда ол коммерциялық банкке
қайтару қажет пайызды есепке ала отырып сомманы белгілеп, сұрап отырған
несие мөлшерін негіздеу керек, несиелік іс-шараның тиімділігін есептеп,
банкпен несиелік қызмет көрсету жөнінде келісім-шарт жасасу керек.
Қаржылық жоспарлаудың қорытынды кезеңі
жиынтық аналитикалық
жазбахат құрастыру болып табылады. Онда жылдық қаржылық жоспардың
негізгі көрсеткіштеріне (кірістердің, шығыстардың көлемі мен құрылымына,
бюджетпен, коммерциялық банктермен, контрагенттермен өзара қарым-
қатынастарға) сипаттама беріледі. Инвестицияларды қаржыландыру көздерін
талдауға ерекше рөл бөлінеді. Кірісті бөлуге үлкен көңіл бөліну керек.
Аналитикалық
жазбахаттың
соңында
кәсіпорынның
қаржылық
ресурстармен жоспарлы қамтамасыз етілуі және олардың қалыптасу көздерінің
құрылымы туралы қорытындылар шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: