«Қостанай ауданы әкімдігінің Владимиров орта мектебі» мм



бет4/27
Дата23.04.2023
өлшемі0,93 Mb.
#85857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Тапсырма №1
Өздерің білетін жалқы есімдерді естеріңе түсіріп, дәптерлеріңе жазыңдар.
4


  1. Кісі аттары;

  2. Мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл, атаулары;

  3. Ұйым, мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары;

  4. Жер, су аттары;

  5. Газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма аттары;

  6. Жылқыға, сиырға, түйе, итке, т.б. хайуанаттарға қойылатын аттар.

Тапсырма №2
Берілген сөздерді орыс тіліне аударып, дара зат есімдерді бір бөлек, күрделі зат есімдерді бір бөлек топтап жазыңдар және олардың қайсысы жалпы есім, қайсысы жалқы есім екенін ажыратыңдар.
Ақпан, бойтұмар, Жасұлан, қала, Анар, ел, Отан, ата-ана, жайлау, тау, өзен, алтыбақан, көл, бала, әке, туған-туысқан, жұмыс, парта, қалам, кітап, дәптер, ауыл, Айша, Амангелді, Серік, Асқар, жолбарыс, Бекболат.
Тапсырма №3
Жұмбақтарды көшіріп жазып, зат есімдердің астын сызыңдар.

  1. Аспанда бір анабар,

Маңы толған балалар.
(Ай мен жұлдыз)


  1. Ұшып жүрген үл көрдім,

Қонғанда ұстап үлгердім.
(Көбелек)


  1. Басып озып құсты,

Қанатын қақпай ұшты.
(Ұшақ)
Тапсырма №4
Төмендегі мәтінді орыс тіліне аударып, жалқы есімдердің астын сызыңдар.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсарин. Балалардың көркем әдебиеті Сапарғали Бегалиннен, Өтебай Тұрманжановтан, Сейітжан Омаровтан басталады. Мұзафар Әлімбаев, Бердібек Соқпақбаев, Сансызбай Сарғасқаев, Мұқан Иманжанов, Әнуарбек Дүйсенбаев, Қастек Баянбаев, Сұлтан Қалиев, Әдібай Табылдиев, Марат Қабанбаев, т.б. шығармаларын балалар сүйіп оқиды. «Жыл он екі ай» альманахы, «Мөлдір бұлақ», «Айгөлек» т.б. журналдар беттерінде балалар үшін қызықты шығармаларжарияланады.
Тапсырма №5

Төмендегі берілген сөздерге тиісті -шы, -ші, -тық жұрнақтарын жалғап жазып, жасалу жолдарын анықта.Орыс тіліне аудар.

Ән, күй, домбыра, аң, кітапхана, азпаз, құрылыс, дүкен, оқыту, хат, мал, дос, жазу, би, жұмыс, бас, мүсін, балық, жүрізу.
5

Тапсырма №6

Зат есімдерді оқып, жалқы есімді бір бағанға, жалпы есімді бір бағанға көшіріп жазыңдар. Сұрақ қойыңдар.


Үлгі: Жалқы есім: Жалпы есім:
Абай (кім?) дәптер (не?)
Асан, Құрманғазы, Ажар, Баян,мұхит,Каспий теңізі, Омбы, Қызылорда, үл, дәрі, өзен, көше, түлкі, қайың, су, қарағай, жылқы, от,дала, мұғалім, Ахмет Байтұрсынов, сынып, кітап, дүкен, оқушы, Ыбырай Алтынсарин, Ертіс өзені, домбыра, орман, журнал, тау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет