«Қостанай ауданы әкімдігінің Владимиров орта мектебі» мм



бет9/27
Дата23.04.2023
өлшемі0,93 Mb.
#85857
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
4. Өздік есімдігі (өз,өзім,өзің,өзіөздіміз,өздері)
5. Жалпылау есімдігі
(бәрі,барлық,бар,барша,бүкіл,күллі,бүтін,түгел,тегіс)
6. Болымсыздық есімдігі (ештеңе,ештеме, ешкім,ешбір,ешқашан,ешқандай,ешқайда,ешқайсысы,дәнеңе)
7. Белгісіздік есімдігі
(біреу,кейбіреу,әркім,әлдекім,кейбір,кімде-кім,әрбір,әлдеқайда,бірнеше,әлденеше,біраз,әрқашан).


Тапсырма №1
Өлеңді оқып,белгісіздік есімдіктерін тап.
Жазушының қанағаты

Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,


Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдап,
Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белі қалар.
(А.Байтұрсынұлы)
Тапсырма №2
Мақал-мәтелдерді дауыстап оқып, мазмұнын түсініп, орыс тіліндегі баламасын тауып,есімдіктерді белгіле.

  1. Біреуге ор қазба.

Ол қазсаң, зор қаз:
Өзің түсеріңе жақсы.
2.Біреудің бұзауына дегенің,
Өзіңнің өгізіңе болады.

3.Біреуге өлім тілегенше,өзіңге өмір тіле.


4.Жақсылық біреуден қайтпаса, біреуден қайтады.

14

Тапсырма №3


Сөз тіркестерінен сөйлем құрастырып,белісіздік есімдігіне септік жалғауларын кестеге қарап анықта.
Үлгі:
Атау септік септік :кім?не? – біреу
Ілік септік: кімнің?ненің? – біреудің
Барыс септік : кімге?неге? – біреуге
Табыс септік:кімді?нені? – біреуді
Жатыс септік :кімде?неде? – біреуде
Шығыс септік : кімнен?неден? – біреуден
Көмектес септік : - кімнен?немен? – біреумен
Тапсырма№4
Мәтінді оқып шығып, жіктеу есімдіктерін теріп жазыңдар және қай септікте тұрғанын көрсетіңдер.
Үлгі:сен – жіктеу есімдігі, II жақта, атау септігінде тұр.
Сен тұтас жер болып келдің, жер ана. Біз сені метрлеп өлшегеніміз де жоқ едік. Біздің мейірімді халық сені бөлшектемей-ақ, тұтасынан пайдаланбап па еді? Сен де біздібауырыңа тартып, алалап көрмеп едің. Сен бізге ұмытылмас тәтті өмір беріп едің.Біздер, жастар, тағдырымыз сенімен байланысты екенін білеміз, туған жер!біз сенің топырағыңда ғана бақытқа бөленбекпіз.біз сенің үстіңде тудық, сенен өстік, керек болса, сенің үстіңде өлеміз де. Бірақ жауға беріп қоймаймыз сені!Біз осыған ант етеміз, ізгі ана!
(Б.Бұлқышев)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет