«Қостанай ауданы әкімдігінің Владимиров орта мектебі» мм


Сөз таптары Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары



бет3/27
Дата23.04.2023
өлшемі0,93 Mb.
#85857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
қазақ тілі бойынша грамматикалық тапсырмалар

Сөз таптары
Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды.
Қазақ тілінде 9 түрлі сөз табы бар. Олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.
Зат есім
Заттың атын білдіріп, кім?, не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), оқушы (кім?), әнші (кім?), тау (не?),ауыл (не?), ақыл (не?),құс (не?) т.б.
Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі, адам деген жалпы адам атаулыға тән болса, Марат, Анар дегендер адам атаулының бәріне емес, жеке кісілерге ғана қойылған. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, зауыт, фабриканың жеке аттары, географиялық(жер, су, т.б.) атаулар, әр түрлі шығарма (газет, журнал,кітап, ән,күй,би, т.б.) аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнайы қойылған (Тайбурыл, Құлагер, Құтжол т.б.) аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріппен жазылады.
Туынды зат есімнің жасалуы
Зат есімдер негізгі, туынды және күрделі зат есім болып үшке бөлінеді. Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: күй- ші, ел-дік (зат есімнен), жақсы- лық ( сын есімнен), біл-ім, аялда- ма, мақтан-ыш (етістіктен) парс- ыл (еліктеу сөзден) ,қырқы (сан есімнен) , т.б. Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалады. Олар күрделі зат есімдер деп аталады. Мысалы: өнеркәсіп, белбеу, ашудас, Көкшетау, Сарысу,аяқ- табақ, азық –түлік, ауыл- аймақ, қант қызылшасы, қызыл отау, Арал теңізі.
Деректі және дерексіз зат есімдер
Айналадағы заттар мен құбылыстардың адамға танылуы әрқалай. Олардың бірін қолмен ұстап, көзбен көруге болады, ал енді бірін оймен, ақылмен ғана сезіп білеміз. Осындай ерекшелігіне байланысты олардың өзі деректі және дерексіз болып бөлінеді.

Нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі зат есім деп аталады. Олар мектеп, қағаз, ағаш, қалам және т.б.


Көзе көрінбегенімен, адамның ойлауы нәтиежесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары дерексіз зат есімдер деп аталады. Мысалы: адамгершілік, ақыл, қуаныш, парасат, сезім және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет