«Қостанай ауданы әкімдігінің Владимиров орта мектебі» мм


Тапсырма №5 Берілген өлең мен мәтінді мәнерлеп оқып, өздік есімдіетерін сөз құрамына талда. Үлгі



бет10/27
Дата23.04.2023
өлшемі0,93 Mb.
#85857
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
қазақ тілі бойынша грамматикалық тапсырмалар

Тапсырма №5
Берілген өлең мен мәтінді мәнерлеп оқып, өздік есімдіетерін сөз құрамына талда.
Үлгі: өзіме: өз – түбір, -ім – тәуелдік жалғауының I жағы, - е – барыс септігінің жалғауы.
1. Өзім – тәңірі, табынамын өзіме.
Сөзім – құран, бағынамын сөзіме!
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе!
(М.Жұмабаев)

15
2. – Мен де сені сырттан естіп едім, - дедеі Мадияр өзін Асқарға аға тұтып.


- Бір үйге түсіп жайланыңыз,- деді Асқар Мадиярға, - содан соң сөйлесерміз. Осы ауылда Итбай дейтін байымыз бар. Өзі болыс. Содан басқа үйге түссеңіз, жағдайыңыз келмес. Өзім де сол үйе түскен едім.
(С.Мұқанов)
Тапсырма №6
Оқып шығып, жалпылау есімдігін табыңдар.
Панасыз балалар үйін қазына түел өз мойнына алды. Қазақ жерінде жатқан байлықтарға жеке-дара көңіл бөліп қалған Александр Рязанов тақайтыс болды. Енді ол үшін бүкіл дүние тас қараңғы, барлығы мәңгілік сөнді де тынды. Ол енді байлыққа да, кедейлікке де ортақ емес. Бүкіл тіршілікте жұмысы жоқ, үн-түнсіз жалғыз жататын болады. (Ғ. Мүсірепов)


Тапсырма №7
Суреттен қай қаланы көріп тұрсың? Қала туралы небілесің. Есімдіктерді қатыстырып, 3 сөйлем құра.



16
Етістік


Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? Не қылды?қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.
Етістік жасалуына қарай негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып екіге бөлінеді.
Негізгі түбір етістіктер: кел,бар, жүр, көр,бер,ал, қойды, айтты, жайды, үйіп, көріп, алған, салған т.б.
Туынды түбір етістіктер сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: ойна, шегеледі, қарайып, көгерген, басқарса, күшейіп т.б.
Етістіктер құрамына қарай дара және күрделі етістіктер болып екіге бөлінеді.
Дара етістіктер бір ғана сөзден тұратын негізгі етістіктерді айтамыз.Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды.(салғызды –дара етістік).
Екі я одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, сір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Ол теледидар көріп отыр ( көріп отыр – күрделі етістік).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет