Географиялық орта деп - адамзаттың тарихи даму кезеңіне және кәсіптік әрекетіне тікелей қатынасатын жер табиғатының бөлігін айтамыз.
Дүние жүзінің табиғат байлықтары туралы: Қоршаған орта деп –қоғамның барлық тіршілік пен әрекет ету ортасын, адамды қоршаған табиғи және антропогендік ортаны қоса есептегендегі дүниені айтамыз.
Адамдардың игілігі үшін табиғаттан алынатынның бәрін – табиғат байлығы деп атаймыз. Оның түрлері: Жер ресурсы, Су ресурсы, Био ресурс, Пайдалы қазбалар, Дүниежүзілік мұхит ресурсы, Рекреациялық ресурстар.
Әлемдік жер қорының ішінде ауыл шаруашылығына жарамды жер бөлігінің көлемі жөнінен Аргентина,Франция, Үндістан, АҚШ алдыңғы орында