1.Кіріспе
Жобаның өзектілігі
Көп жерде, әсіресе, Тобыл және Әйет өзендері бойында кейбір микроэлементтердің концентрациясы белгіленген норма шегіне тақау, кейде одан да асып кетеді. Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының қалдықтары әртүрлі жолдармен өзен суына қосылып, суды ластап отыр, оның құрамында металдардың көптігі белгілі. Лисаковта боксит өндіріледі, оның қалдықтары да өзенге ағызылады. Тобыл өзені жағасында орналасқан қалаларда жауын суына арналған арналар жоқтықтан тұрмыстық қалдықтар да өзенге құйылады. Ал өзен жағалаулары өте лас. Сүйтіп, өздері ішетін суын адамдар өздері былғап отыр Мамандардың пікіріне қарағанда, қазіргі уақытта қолданылып отырған суды тазарту технологиясы бүгінгі күн талабына сай емес.
Мақсаты: Су қоймаларының сапасы жайында зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу мақсаттары
1.Осы тақырып бойынша әдебиеттер мен интернет-ресурстарды зерттеу.
2.Судың запасын зерттеу.
3.Проблеманы шешу шараларын қарастыру.
Гипотеза
Қазақстанда су сапасы қырыққа жуық көрсеткіш бойынша анықталады екен. АҚШ-да бұл сан 150-ден асып жығылады. Батыс ғалымдары кейбір ата-аналардың қанынан табылған диоксин суда да кездесетінін айтқан болса, Қазақстанда оны анықтау үшін білікті мамандармен қатар арнаулы преператтар керек.
Достарыңызбен бөлісу: |