Отамалы (әңгіме)



бет1/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
OTAMALY


ОТАМАЛЫ

(әңгіме)

Бұл аңыз көктемде қар еріп, жер жалаңаштанғаннан кейін кенеттен ызғырықтың қайта соғып,  боран қақап кеткенінде еріксіз еске түседі. Сондағы соққан долы жел солтүстіктегі мәңгі мұз тауларының арасында ұмыт болып қалған аңызды сары далаға қайта айдап әкеледі. Сондағы қаптай жауған қар қиыршықтарының әрқайсысында осы аңыздың мұз боп қатқан түйіршіктері ұшып жүреді. Сол кезде аңыздың әлсіреп жеткен мұң-зары кең даланы тұмандай бүркеп кетеді. Бұл мұң біресе жусан басына соғылып, біресе қияқты тұншықтырады. Біресе жазыққа жайылып, біресе бұлтқа сіңеді. Биік құздың басынан жел болып құлап, сай-салаға тығылады. Өзен бетінде шыны толқын болып ойнайды. Жер үсті, аспан асты жүрек зарына толып, төбелердің баурайын қайғы шарбысы қоршап алады.

Сол кезде қазақтың көне даласындағы қартамыш жусандар бұл аңызды тағы бір естиді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет