Отамалы (әңгіме)


Тоқтаңдар, иттер... — дегендей болды да, жалаңаш денесімен қарға құлап түсті



бет35/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
OTAMALY

Тоқтаңдар, иттер... — дегендей болды да, жалаңаш денесімен қарға құлап түсті.

Басы желге қарсы қалды...

 *  *  *



Міне, аңыз осы жерден бітеді. Халық мұны былай жалғастырады:

Сол Отамалы «Тоқтаңдар, иттер!» деп айқайлап құлап түскенде, кәрлі боранның омыртқасы күрт сынғандай, жерге құлап түсіпті де, тұншығып өліпті. Жел бойындағы бар күшінен айрылып, сай-салаға сіңіп кетіпті. Аспандағы бұлттар төбелердің баурайына соғылып қирап, етекке су болып сусып түсіпті. Күн қайта шығып, қарларды әп-сәтте ерітіп жіберген. Ал түнде Жетіқарақшы мен Темірқазық қайтадан орындарына келіп, бұрынғыдай селкілдемей, берік тұрып алыпты. Қойлар баурайда өскен қызғалдақтарға қозыларын жайып, кең даланың төсінде мәңгі бақи қалып қойыпты. Оларды қасқырдан ит қорғапты.



Ал бес күн соққан боранды халық «Отамалы» немесе «Бесқонақ» деп атап кеткен. Бұл қазақтың даласында сонан бері жылда сол уақытта бір соғып тұрады екен.

Қазақтың көне даласы осы аңызды жыл сайын қар еріп, жер аяғы кеңігеннен кейін ызғырақ қайта соққанда бір естиді. Сонда осы анызды кәрі жусандар зарлап айтқанда, байғұс қияқтар мұңға тұншығады екен. Сонда төбелер егіліп, ашуға булыққан өзен кемерінен асады екен, — деседі қариялар.

Тобық Жармағамбетов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет