8 - тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:
XIX ғасырдағы айтыстың дәстүрлі сипаты. Айтыстың түрлері. Жанрлык ерекшеліктері. XIX ғасырдағы айтыс ақындарының өзіндік мәнер-машығы, айтыстағы әдіс-тәсілі.
Сабақтың мақсаты:
Қазақ әдебиеті тарихындағы айтыс өнерінің ауыз әдебиетіндегі үлгілері мен XIX ғасырдағы ақындық айтыс өнерінің өзіндік ерекшеліктерін саралау, XIX ғасырдағы айтыстың дәстүрлі суырыпсалма ақындык, айтыспен бірге жазба түрде де өрістеуін талдау, айтыстың зерттелуіне әдеби сараптама жасау.
Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:
1. Айтыстың түрлері. Әлеуметтік сипаты. XIX ғасырдағы айтыстың дәстүрлі суырыпсалма ақындык, айтыспен бірге жазба түрде де өрістеуі. XIX ғасырдағы айтыс ақындарының өзіндік мәнер-машығы, айтыстағы әдіс-тәсілі. Әдіс-тәсілдер арқылы талдау. (1 топ). 7 минут
2. XIX ғасырдағы ақындық айтыс өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Жанрлык ерекшеліктері. (Ұйымдастырушы топ) Слайд (заманауи форматта) 2-топ. 10 минут.
3. XIX ғасыр әдебиетіндегі айтыс өнерінің жиналып, зерттелуі. Ғалымдардың айтысты теориялық жағынан зерттеуі. М.Әуезов, А.Байтұрсынұлы, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедұлы, т.б. ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбектері. Хронологиялық кесте ұсыну. (3 топ) 7 минут.
4. XIX ғасырдағы әйгілі айтыс ақындары Шөже Қаржаубайұлы, Кемпірбай ақын, Орынбай Кертағыұлы әдеби мұрасына сараптама жасау. 5-7 минут. (4 топ).
5. Сүйінбай Аронұлы, Сара Тастанбекқызы, Қашаған Күржіманұлы айтыстарының тақырыптық-идеялық мазмұнына сипаттама. 4 бет(жазбаша нұсқада), слайд. (5 топ), 7 минут.
6. Бақтыбай, Түбек, Нұрым Жаршағұлұлы, Марабай ақындардың айтыстары. «Ер Тарғын» жырының, «Қобыланды» жырының Марабай нұсқасы. (6 топ). 10 минут.
Соңы. Рефлексия. 5 минут. Кері байланыс. Әр топ өз қалауынша жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |