Отаршылдық дәуірдегі әдебиет пәнінен тәжірибелік(семинар)



бет17/24
Дата08.04.2022
өлшемі42,56 Kb.
#30359
түріСеминар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
9 - тәжірибелік сабақ

Тақырыбы:

ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарынның қалыптасуы.



Сабақтың мақсаты:

ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарынның қалыптасуын зерттеу, сол кезеңдегі ақындар мұрасын саралау, талдау, әдеби сараптама жасау.


Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:

1. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарынның қалыптасуы. Қоқан хандығының әлеуметтік саяси жағдайы. Әлеуметтік сипаты. Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармашылығының мәні, зерттелуі. Ақпарат-мәліметтерді тарихи-әдеби тұрғыда жинақтау. (Ұйымдастырушы топ) Слайд (заманауи форматта), (1 топ). 7 минут

2. Майлықожа Сұлтанқожаұлының ақындық мұрасы. Мысалдары. Термелері. Айтыстары. Назирагөйлік дәстүрмен аударылған шығармаларын ПОПС формуласы арқылы саралау. (2-топ). 10 минут.

3. Құлыншақ Кемелұлы шығармалары. «Келбайға», «Дүйсенбайға» атты арнаулары. Айтыстары. Жазба айтыс үлгісін қалыптастырып, дамытуы. Әдеби сипаттама. (3 топ) 7 минут.

4. Бұдабай Қабылұлы шығармашылығы. «Әйекені жоқтау» деп аталатын жоқтау жыры. Айтыстары. Өлеңдерінің біріне әдеби-теориялық талдау жасау. 5-7 минут. (4 топ).

5. Базар Оңдасұлы өмірі мен әдеби мұрасы. Өмірі, мұрасы, зерттелу, басылым жайы. «Айна-тарақ», «Әминә қыз», «Мақпал-Сегіз» дастандары. Термелері. Слайд. (5 топ), 7 минут.

6. Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармашылығы. Лирикалық-дидактикалық толғау өлеңдері. Айтыстары. Әдеби зерттеу жасау. (6 топ). 10 минут.

Соңы. Рефлексия. 5 минут. Кері байланыс. Әр топ өз қалауынша жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет