Отаршылдық дәуірдегі әдебиет пәнінен тәжірибелік(семинар)


Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар



бет20/24
Дата08.04.2022
өлшемі42,56 Kb.
#30359
түріСеминар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:

1. Біржан сал Қожағұлұлының ақындық мұрасы. Сал-серілер өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Біржанның «Жанбота», «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Қара жер», «Шалқыма» өлеңдері мен әндері. Олардың туу тарихы. Біржанның Сарамен айтысы туралы ілгерідегі, кейінгі пікір, тұжырымдар. Зерттелуі. (1 топ). 7 минут

2. Сегіз сері Баһрамұлы өмірі мен шығармашылығы. Өлеңдері, қисса-дастандары. Исатай-Махамбет қозғалысына қатысы. «Орал тау», «Кеңінен жаяйыншы қанатымды», «Қашқын келбеті», т.б. шығармаларындағы әлеуметтік үн. Біріне әдеби-теориялық талдау. Сегіз серінің махаббат, ғашықтық тақырыбындағы толғау, дастандары, өлеңдері. Слайд. Зерттелуі. (2-топ). 10 минут.

3. Сал-серілер, әнші-ақындардың ХІХ ғасыр әдебиеті тарихындағы орны. (Арыстанбай Тобылбайұлы, Құлтума Өтемісұлы, Қанапия Басығараұлы, Шашубай Қошқарбайұлы, Ыбырай Сандыбайұлы, Мәди Бапиұлы, Естай Беркімбайұлы т.б.) Ақпарат-мәліметтерді тарихи-әдеби тұрғыда жинақтау. (Ұйымдастырушы топ) Слайд (заманауи форматта). (3 топ) 7 минут.

4. Ақан сері Қорамсаұлы. Шығармашылық мұрасы. «Сырымбет», «Қара торғай», «Үш тоты», «Ақ көйлек», т.б. ән-өлеңдері. Ақанның жан қасіреті. «Құлагер», «Жүсіп төреге», т.б. өлеңдері. Ақан сері өлеңдерінің біріне әдеби-теориялық талдау жасау. Зерттелуі. 7 минут. Слайд (4 топ).

5. Жаяу Мұса Байжанұлы. «Ақ сиса», «Сұрша қыз», «Қаулау», «Шолпан», т.б. ән-өлеңдері қазақ өнерінің үздіктері. Қоғам мен адам ортасындағы қарым-қатынасты суреттеуі. Жаяу Мұса туралы көркем шығармалар. Зерттелуі. Слайд. (5 топ), 7 минут.

6. Әсет Найманбайұлының ән-өлеңдері. Әншінің сал-серілер мен әнші-ақындар шығармашылығындағы орны. Зерттелуі. «Қоштасу», «Әсет» ән-өлеңдері. Әдеби-теориялық талдау. Слайд.(6 топ). 10 минут.

Соңы. Рефлексия. 5 минут. Кері байланыс. Әр топ өз қалауынша жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет