«Отбасы – шағын мемлекет» Тәрбие сағатының мақсаты



Дата06.01.2022
өлшемі31,85 Kb.
#15381
Байланысты:
тәрбие сағаты


Тәрбие сағаты: «Отбасы – шағын мемлекет»

Тәрбие сағатының мақсаты:

1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;

2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға

деген қызығушылығын арттыру;

3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:



Отбасында адам бойындағы  асыл  қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,  туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев

Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған тәрбиелік шараны ашайық!

-Адамзат бесігін тербеткен ұя



-Үлгі – өнеге бастауы

-Жағымды қасиеттерге  баулиды

Жүректен жүрекке.

Жүрекшеге тілек жазып балалар ата - аналарына, ұстаздарына береді.



Тәрбиелік  шарамызды А. С. Макаренконың «Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттық, ал нашар тәрбие - біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз» деген ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді.

Ескайров К.А

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет