«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі59,15 Kb.
#12067
1   2   3   4
1. Конвенция ұғымын қалай түсінетіндігі туралы жаттығу. 

Конвенция –бұл 0-ден 18 жасқа дейінгі барлық балаларға қатысты халықаралық заңы бар құжат. Конвенция 1989 жылы 20 қарашада қабылданды. Бала құқығы туралы Конвенциясы ҚР 1994 жылы 11 қарашада заңдық күшіне енді, яғни ратификацияланды.

Бала құықтары туралы Конвенция – бұл шарт, онда әлемдегі барлық балаларға қатысты, олардың құқықтары туралы айтылады. «Конвенция» сөзі бізге латын тіліннен келген, ол «шарт, келісім» дегенді білдіреді. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы 1989 жылы 20 қарашада қабылданды және жалпы адам құқықтары декларация негізінде жасалды.

Конвенцияны бекіткен елдер оның кепілі болып табылады. Бала құықтары туралы Конвенция – бұл барлық дүниежүзіндегі мемлекеттер кепіл болатын, жалғыз ғана халықаралық келісім. Конвенцияға тек қана кепіл болмаған елдер АҚШ және Сомали. 
Құжат 54 баптан тұрады, әрқайсында әртүрлі құқықтар жан-жақты қарастырылған
(таныстырып, оқып беру, сыныппен талқылау)

Баланың 5 негізгі құқықтарына тоқталып өтеміз:



  • Баланың өз ой-пікірін еркін білдіру құқығы (12 бап);

  • Баланың өз таңдауы бойынша басқа да құралдардың көмегімен әр түрлі ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және беру (13 бап);

  • Баланың ойлау, ар-ұждан және дін бостандығына деген құқығы (14 бап);

  • Баланың қауымдастыққа бостандық және бейбіт жиналыстарға бостандық құқығы (15 бап);

  • Әрбір баланың қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан, барлық құқықтары қамтамасыз етіледі (2 бап);

  • Әр бір баланың білім алуға құқығылы. Бастаушы білім тегін және міндетті болуы керек, жалпы білім және кәсіби біліммен қатар орта білімнің барлық түрінің дамуын ынталандырып, оған барлық балалардың қолы жетерліктей болуы керек.(28 бап)

  • Мемлекеттер оқушылардың мектепке тұрақты баруын қадағалап байқау керек.
    Білім беру мекемелері баланың жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамыту керек; ата-анасын, төл мәдениетінің құндылықтарын, тілін және құндылықтарын, өзі тұрып жатқан мемлекеттің және өзі туған елінің ұлттық құндылықтарын, сондай-ақ басқа өркениеттерді құрмет тұтуы керек (29 бап).
    Әрбір баланың өмір сүруге деген ажырамас құқығы бар (6 бап).

  • Баланың неғұрлым жетілдірілген денсаулық сақтау жүйелері қызметімен, науқастарынан емдеу мен денсаулығын қалпына келтіру құралдарымен пайдалану құқығы (24 бап);

  • Баланың тынығуға және мәдени демалуға, өз жас мөлшеріне лайық түрлі ойындар мен көңіл көтеру шараларына қатысуға, мәдени өмірге еркін араласып, өнер мен айналысуға құқығы ( 31бап)


яғни Конвенцияның 4 негізгі принципке сүйенеді ( түсіндіріледі) : 


- кемсітпеу 
- өмір сүру үшін жақсы жағдай жасау 
- баланың пікірін мен көзқарасын құрметтеу 
- әлеуметтік және мәдени, ақыл-ойының, эмоциялық, психологиялық, дене күшінің дамуын қалыптастыру. 


Одан кейін оқушылар топқа бөлінеді, оларға осы ұғымдарды талқылау ұсынылады (олар осы ұсынымдармен келісеме?). Одан кейн айтылған пікірлерді дәлелдеп, Конвенцияда бекітілген принциптер неге сәйкес екендігін айтады.
Мысалға бекітілгендер 
• Көшпенділер барлық құқықтарға ие. Егер олар бір жерге тұрақтанғысы келмесе, ол олардың өз мәселесі. 
• Қазақстанда нәсілшілдік жоқ. 
• Біздің облыста балалардың проблемаларын шешуде жасөспірімдердің пікіріне құлақ асады. 
• Барлығының өз құқықтарын жүзеге асыру үшін мүмкіншіліктері бірдей. 
• Қазір кім кедей тұрса, онда олар мектепте нашар оқығандар. 
• Біз нақты сенімдіміз біздің елде барлық балалар бақытты, олардың дамуы үшін барлық жағдай жасалған . 
• Озбырлық көрсету дұрыс емес. 
• Біздің елде нағыз кедейшілік жоқ. 
• Ұл мен қыздың арасында теңдік болу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет