АлуАн
19
// «Жамбыл - Тараз» // №36 (1324), 7 қыркүйек 2016 Жыл //
Тілшілер: 51-06-09.
Жарнама және жазылым бөлімі: 43-50-34.
Директор - бас редактор
МЫРЗА-ҒАЛИ Э.И.
Тел. 45-62-65.
Тиражы: 4686
Жалпы тиражы: 8915
Тапсырыс: 889
Авторлар пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы
болып табылмайды.
Қолжазбалар әдеби тұрғыда өңделеді және авторға қайтарылмайды.
Ақпарат ақиқаттығына мақала авторы, ал жарнама мен хабарландыру
үшін тапсырыс иелері жауап береді. «Жамбыл-Тараз» газетінің
материалдарын көшіріп басу үшін редакцияның келісімі керек.
Газетті есепке алу туралы
№14163-Г куәлік 2014
жылғы 17 ақпанда Қазақстан
Республикасының Мәдениет
және ақпарат министрлігінен
берілген. Жазылу индексі:
65605
Бас редактордың орынбасары: ӘБДИЕВ Е.
Тілшілер: Сейсенбекқызы Қ. - 87715894955
Қадірәлі Н. - 87766118091
Сейдуалиев Ш. - 87470848244
Байқоныс И. - 87770924858
Дизайнерлер: Өмірбекова Ә.
Әлімқұлова А.
Фототілші: Тұрғынбек Н.
Нөмірдің кезекші редакторы: Шабденова А.
Мекенжайымыз:
Тараз қаласы, желтоқсан көшесі,78, 2 қабат.
e-mail: zhambul_taraz@mail.ru
құрылтайшы - Тараз қаласының әкімдігі
МенШІк ИеСІ:
«Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС
Газет қазақ және орыс тілдерінде
аптасына бір рет шығады.
Газет «Сенім» баспа
орталығы» ЖШС-
інде жарық көрді.
Тараз қ., Төле би 22.
Хабарландыру
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №19 орта
мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
қызметіне конкурс өткізеді. Конкурс төмендегі мекенжайда өтеді:
Тараз қаласы, қойгелді көшесі, 190 - үй, Тараз қаласы әкімдігінің
білім бөлімі. Анықтама үшін байланыс телефондары: 54-10-55,
факс: 54-10-55, индексі 080012. электрондық адресі: gor_mk@mail.ru
1. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №19 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі (мекенжайы: Тараз қаласы,
Құмшағал шағын ауданы, Сейфулина көшесі 1)
«ТАРАз қАЛАСЫ ӘКІМДІгІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №19 ОРТА
МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫқ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
ДИРЕКТОРЫ қЫзМЕТІНЕ КОНКУРСқА қАТЫСАТЫН БАРЛЫқ
үМІТКЕРЛЕРгЕ қОЙЫЛАТЫН жАЛпЫ БІЛІКТІЛІК ТАЛАп-
ТАР:
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының «Білім туралы», Қазақстан Республикасындағы «Тіл
туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сы-
байлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік сатып алу
туралы», «Неке (ерлі зайыптылар) және отбасы туралы», «Мүгедектік
бойынша, оқиғаға байланысты асыраушысынан айырылғандар және
жасына байланысты берілетін арнайы мемлекеттік әлеуметтік көмек
туралы», «Арнайы әлеуметтік көмек көрсету туралы», «Мүмкіндіктері
шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық
түзету арқылы қолдау көрсету туралы», «Жасөспірімдер арасында
құқық бұзушылықты болдырмау және балалардың қараусыз, панасыз
қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім саласының даму
бағыты мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік-құқықтық
актілерін білу; педагогика және психология негіздерін; мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогикалық ғылым мен
практиканы; менеджмент негіздерін; қаржы-шаруашылық қызметін;
еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін;
техника қауіпсіздігін және өртке қарсы қорғанысты, санитарлық ереже-
лер мен нормаларды.
Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына
кандидаттардың конкурсқа қатысуы үшін:
1) жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі болуы (педагогикалық
немесе бейімі бойынша);
2) педагогикалық жұмыс өтілінің 5 жылдан кем болмауы немесе
білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында немесе
ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің 5 жылдан кем
болмауы;
3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы;
4) 3 жылдан кем емес педагогикалық салада әкімшілік жұмыс
тәжірибесінің болуы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім
беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс
өтілінің 5 жылдан кем болмауы;
5) облыстық білім басқармасының кандидатура бойынша келісімінің
болуы;
6) сотталмаған болуы тиіс.
КОНКУРСқА қАТЫСУ үШІН қАжЕТТІ қҰжАТТАР:
1) конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссия төрағасына
тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефонда-
рын көрсетумен қоса өтініш;
2) нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат
көшірмесі;
3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;
4) нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
5) бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған фотомен кадрды
есепке алу жөніндегі жеке парақ;
6) қызмет барысында берілген жазалар мен көтермелеулерді көрсете
отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) нотариалды куәландырылған біліктілік санаты немесе ғылыми
дәрежесі туралы құжат көшірмесі;
8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
9) сотты болмағандығы туралы анықтама;
Лауазымдық жалақы мөлшері 72204 тенге
Конкурс өткізу күні: 2016 жылдың 4 қазан
Байқауға қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейлігі
(біліктілігін көтеру құжаттары, ғылыми дәрежесі мен атағы, ғылыми
жұмыстарының бұқаралық жариялылығы, алдыңғы жұмыс орнының
басшысының ұсыныс хаты және т.б.) туралы қосымша құжаттарды
ұсына алады.
Конкурсқа қатысатын үміткерлер өтінішті және қажетті құжаттарды
осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымда-
рында жарияланған сәттен бастап 15 жұмыс күн ішінде Тараз қаласы
әкімдігінің білім бөліміне тапсыруы тиіс.
Тараз қаласы әкімдігінің
білім бөлімінің басшысы г. зАУРБЕКОВА
тараз қалалық аумақтық инспекциясы қарағаш жапырық жемірі
зиянкесінің биылғы жылдары ерекше жағдайда өсіп-даму барысы туралы
хабардар етеді.
Жасыл-желек мамандардың бақылауында
Биылғы, яғни 2016 жылдың ауа райы көктем-жаз айларының
жауын-шашынды, ылғалды болуы жасыл-желек өскіндердің
зиянды организмдерінің,оның ішінде, әсіресе,раушан
гүлдердің жасыл биттері(тля) мен қарағаш талдарының
жапырақ жемірі(ильмовый листоед)қоңыздарының ерекше
дамып өсуіне қолайлы жағдайдың туындағаны белгілі. Осы
мақсатта «Республикалық фитосанитариялық диогностика
және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі
мамандарының мәліметіне сүйенер болсақ, 2015 жылдың
жазғы –күзгі анықтап-зерттеу жұмыстарының барысында қала
бойынша шамамен 25 гектар алқапта аталған зиянкестердің
қыстауға кеткені анықталды. Қыс айларында ауа райының
қолайлы болуына байланысты, 2016 жылдың көктемгі қыстап
шыққан зиянкестерді мамандардың бірлескен анықтап-тексеру
жұмыстары нәтежесінде, қоңыздардың 99 пайызы аман
сақталғаны және өз кезеңінде ортаға байланысты дамып –
өсетіні мәлім болды.
Қарағаш жапырақ жемірі барлық аймақтарда
қолайлы жағдайда тез арада өсіп-дамып таралады және
жұмыртқалау(плодовитость) деңгейі жоғары болады. Жылына
-3, кей жылдары күзде ауа райы жылы болса - 4 ұрпақ беруі
мүмкін.Қоңыздардың шамамен жұмыртқа салуы созылмалы
түрде 20-25 күн, баланқұрттардың өсіп дамуы - 1-5 жас, 20-
30 күн уақыт аралықтарды қамтыйды. Соған байланысты
қоңыздардың, баланқұрттардың, жұмыртқалардың өсіп- даму
кезеңі бір мезгілдерде кездесіп отырады.
1. 1- ұрпақ: қоңыздардың қыстау орнынан шығуы –сәуір
айының 1-ші онкүндігі.
2. Шағылысуы – сәуір айының 2-ші онкүндігі.
3. Жұмыртқалауы – cәуір айының 3-ші онкүндігі.
4. Баланқұрттардың шығуы – мамыр айының 2-ші онкүндігі.
5. Қуыршақтануы мамыр айының 3-ші онкүндігі.
1. 2- ұрпақ: қоңыздардың шығуы – маусым айының 1-ші
онкүндігі.
2. Шағылысуы – маусым айының 2-ші онкүндігі.
3. Жұмыртқалауы – маусым айының 3-ші онкүндігі.
4. Баланқұрттардың шығуы –шілде айының 2-ші онкүндігі.
5. Қуыршақтануы – шілде айының 3-ші онкүндігі.
1. 3- ұрпақ: қоңыздардың шығуы - тамыз айының 1-ші
онкүндігі.
2. Шағлысып-жұмыртқалауы – тамыз айының 2-ші онкүндігі.
3. Баланқұрттардың шығуы – тамыз айының 3-ші онкүндігі.
4. Қуыршақтануы – қыркүйек айының 1-ші онкүндігі.
Қоршаған ортаның темпеатурасына байланысты
қуыршақтанудан шыққан қоңыздар қоректеніп, қыстауға,
қарағаш талдарының қабықтарының астына, 3-4см топырақ
тереңдікте, қалдық шөп-шалаңдардың астында..т.б. ) келесі
жылдың көктеміне дейін ұйқыға кетеді (диапауза).Осы
уақыттарда қоңыздар суыққа төзімді болады.
Көктемде орташа тәуліктік ауаның температурасы +17
градус жылылықты қамтығанда,қоңыздар ұйқыдан оянып
жапырақтармен қоректене бастайды.
Бйылғы жылы қарағаш жапырақ жемірі қоңыздарының
өсіп-даму фенологиясын анықтай келе экономикалық зи-
янды шегінен (ЭЗШ) асқан 1ш.м. 7 -8 дана аймақтарда
зиянкестерге қарсы фитосанитариялық өңдеу іс-шаралары,
фитосанитариялық талаптарға сай жүргізілді.
Қыстап шыққан қоңыздардың 1- ұрпағы сәуір,мамыр
айларының жауын-шашынды болуына байланысты және
зиянкестердің экономикалық шегіне жетпегендіктен өңдеу
жұмыстарын жүргізуге еш себеп болмады.
Қарағаш жапырақ жемірінің 2-ұрпағына фитосанитариялық
іс-шараларды сәл уақытынан кешеуілдетіп жүргізілді, (6-7күн)
яғни баланқұрттардың 3 жас-5пайыз, 4 жас-10пайыз,5жас-
20пайызды құраса, қуыршақтануы - 65 пайыз.Баланқұрттардың
тығыздығы 1ш.м. 8-9 данадан келді. Оның негізгі басты
себебі, Тараз қаласы әкімдігінің зиянкестерге қарсы химиялық
өңдеу іс-шараларын жүргізу жөніндегі тендердің кешеуілдеуі.
Соған қарамастан қосалқы мердігер тарапынан залалданған
алқаптарға фитосанитариялық талаптарға сай өңдеу
жұмыстары жүргізіліп,тиімділігі 85-090 пайызды құрады.
Зиянкестердің 3-ұрпағына қарсы өңдеу іс-шаралары
қоңыздардың жаппай шығуы, жұмыртқалауы, тамыз айының
1-2 он күндіктің жартысы аралықтарында жүргізіліп, тиімділігі
90-95 пайызды құрады.
Қарағаш жапырақ жемірі аса қауіпті зиянкестер қатарына
енгізілген. Зияндылық жағынан зиянкестердің 2-ұрпағының
залалы көп болады.Негізінен зиянкестің қоңыздары
жапырақты тесіп зақымдаса, баланқұрттары жапырақтың
етті қабатын (мякоты) жеп, жапырақ өзектерін қалдырып
зақымдайды.
Қалада жасыл-желек тал –дарақтар мамандардың күнделікті
бақылауында.
Ескеру: Әр жылдары жасыл-желек өскіндердің зиянды
организмдерінің фенологиясы қоршаған орта, ауа-райына
байланысты өсіп-даму үрдісі өзгеріп отырады.
Жеке аула,ғимарат,демалыс орындары,парктерде
агротехникалық және фитосанитариялық іс-шаралар жеке
және заңды тарапынан атқарылуы тиіс, қажетті жағдайда
мамандармен пікірлесе отырып,(тел: 51-10-90) аумақта
фитосанитариялық ахуалды қалыпты денгейде қамтамасыз
етуге толық мүмкіншіліктің болары анық.
С.АБДЫқАДЫРОВ,
Тараз қалалық аумақтық инспекциясының
өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас маманы.
«В» гепатиті –бауырдың
қабынуымен жүретін жұқпалы
ауру. статистика бойынша,
планетамыздың 350 миллионнан
астам тұрғыны «В» гепатиті вирусын
тасымалдаушы болып табылады,
бұл көрсеткіш жыл сайын 7-16
пайызға өсіп келеді. Жыл сайын «В»
вирусты гепатиті 1 миллионнан аса
адамдар өлімінің себебі болады.
«B» вирусты гепатитінің алдын алу
«В» вирусты гепатиті негізінен еңбекке қабілеті бар 20-40 жас
аралығындағы тұлғаларды зақымдайтын, ең қауіпті және ауыр
емделетін вирусты гепатиттердің бірі. «В» вирусты гепатиті диа-
гнозы тек қана зертханалық зерттеулерден кейінқойылатындықтан
және жасырын кезеңінің (ауру белгілерінің пайда болғанға дейінгі
кезең) 120 күнге дейін ұзақ болуына байланысты денсаулық
сақтау саласының өзекті мәселесі болып отыр.
Залалдану жолдары:
- вирустармен залаладанған тұрмыстық және жеке гигиеналық
тесу-кесу құралдарын пайдалану кезіңде;
- маникюр саландары мен стоматологиялық емханаларда виру-
стармен залаладанған құралдарды пайдалану кезіңде;
- жүктілік кезіңде анадан балаға жұғуы мүмкін;
- бірнеше серіктестері болған кезде жыныстық қатынас кезіңде;
- қан құю кезіңде (вируспен залалданған қан сарысуының 10
мл. жеткілікті);
- медициналық қызметкерлердің сапасыз залаласыздандырылған
медициналық құралдарды пайдалану кезіңде.
Вирус қанға түскен бойда ағзада жұқпалы үрдіс басталады.
Қан ағысы арқылы бауырға келіп түскен вирус сол жерде
көбейіп, токсин бөле бастайды. Токсин жүйке жүйесі мен жалпы
ағзаның жағдайына әсер етеді. Науқаста шаршағыштық, еңбекке
қабілеттіліктің бұзылуы, ұйқысыздық, бірнеше рет құсу, тістен
және мұрыннан жиі қан ағу, ісіну, зәрдің сарғаюы, көздің, ауыздың
шырышты қабаты мен терінің сарғаюы.
«В» вирусты гепатитінің арнайы және арнайы емес алдын алу
жолдары белгілі.Арнайы алдын алу жолы «В» вирусты гепатитіне
қарсы екпе салу арқылы жүзеге асады. Екпе адам ағзасында ұзақ
уақыт бойы вирустан қорғау болып, жалпы адам ағзасына кері
әсерін тигізбейді. Екпеден кейін вируспен зақымдану мүмкін
емес. Арнайы алдын алу белгілі интервалдарды сақтай отырып,
3 кезеңнен тұрады. Соңғы екпеден кейін ғана адам толық курсты
алған болып есептеледі.
Арнайы емес алдын алу шаралары:
- стоматологиялық емханада стоматолог дәрігердің жұмыс
барысында бір реттік құралдарды пайдалану мен дезинфекция
режимін сақтауына назар аударыңыз;
- жүкті әйелдер жүктілік барысында гепатит маркерларына
тексерілуі қажет. Егер анасында оң нәтиже анықталса, баланы
туылған кейін 12 сағат ішінде егу қажет;
- вирус тасымалдаушылар жеке тұрмыстық, косметикалық,
гигиеналық заттарын (ұстара, тіс щеткасы, маникюрлі қайшылар,
пилка және т.б.) басқа адамдарға пайдалануға бермеу қажет;
- маникюр, педикюр қызметтерін жиі пайдаланатын, татуировка,
татуаж, пирсинг жасайтындар вируспен залаладанған құралдар
арқылы жұқтыру қаупі жоғарлайтындықтан қауіп-қатер тобына
кіреді. Сонымен бірге, инфекциялық нашақорлардың ауруды
жұқтыру қаупі жоғары;
- «В» вирусты гепатитімен науқастар мен вирус тасымалдаушы-
лар қан, тін, ағза донорлары бола алмайды;
- бірнеше серіктестері болған немесе белгісіз жыныстық
қатынастар кезіңде мүшеқап пайдалану «В» вирусты гепатитімен
залалдану деңгейін төмендетеді.
Өз деңсаулығыңыз – өз қолыңызда!
Н.К.ТАСжУРЕКОВА,
жамбыл облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті.
// «Жамбыл - Тараз» // №36 (1324), 7 қыркүйек 2016 Жыл //
20
сАлАмАТ
ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, көне шаһар тұрғындары
саламаттылықтың туын жоғары ұстап, веложарысқа белсене
қатысты. «тәуелсіздік тірегім» деген атаумен өткен спорттық іс-
шараға қатысушылар алдында облыс әкімі кәрім көкірекбаев сөз
сөйлеп, өзі де велосипедті тізгіндеді.
Индира БАЙқОНЫС
Көпшілік алдында сөз сөйлеген аймақ басшысы Кәрім
Нәсбекұлы егемен еліміздің тірегі дені сау ұрпақ екенін, спорт-
ты дамытуда ел үкіметі үлкен жағдайдың жасап отырғанын
және салауатты өмір салтын насихаттауда мұндай шаралардың
маңызы зор екендігіне тоқталып, барлық қатысушыларды
азаттық таңының атқанына ширек ғасыр толу тойымен
құттықтады.
- Бүгінгі таңда облыс тұрғандарының 26 пайызы спортпен
тұрақты шұғылданады. Біз бұл көрсеткішті еселеу үшін алдағы
уақытта жүйелі жұмыстарды жүргізетін боламыз. Жалпы,
мемлекеттің табыстылығы - тұлғаға, денсаулыққа, әл-ауқатқа
байланысты. Мен барлық азаматтарды, әсіресе жастарды осы
құндылығымызды, халықтарымыз арасындағы достықты
бағалап, егемендігімізді одан ары нығайтуға шақырамын. Ал
бүгін жарысқа қатысушы барлық қала тұрғындарына сәттілік
тілеймін», - деді өңір басшысы көпшілікке
қарата.
Сонымен таңсәріден көне шаһардың
орталығына бет алған 700-ден аса велошабан-
доз жарыстың басталуын тағатсыздана күтті.
Әне-міне дегенше, «Достық» алаңынан
велосипедпен жүйіткей шыққан спортшылар
«Әулиеата» халықаралық әуежайына дейін 10
шаршы шақырымды басып өтті. Веложарысқа
қатысушылармен бірге тәртіп сақшылары мен
жедел жәрдем қызметкерлері де еріп жүрді.
Спортты жанына серік еткен жандардың
қатарында билік өкілдері, облыстық
шымырлық шеруі. суреттерді түсірген н.тұрғынбек
тараЗдықтар Жаппай
ВелОЖарысқа қатысты
басқармалар мен қала әкімдігіне қарасты
бөлім қызметкерлері, спорт ардагерлері,
студенттер, қала тұрғындары мен
қонақтары болды.
Жарыста белсенділік танытқан
қала тұрғындары да мұндай спорттық
жарыстардың жиі ұйымдастырылып
тұруын қалайтындықтарын және жыл
санап веложарысқа отбасымен қатысатын
азаматтардың қатары артып келе жатқанын
қуанышпен жеткізді.
- Бүгін веложарыс өте тамаша өтті. Бұрын
«Достық» алаңынан шығатын велошабандоз-
дар ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін
жүріп өтетін. Ал бұл жолы жолымыз ұзарып,
қаламыздың көрнекі орындарының бірі,
«Әулиета» әуежайына дейін қатысушылар
бір деммен барды. Таза ауада, өкпеміз
ашылып, рахат бір күй кештік. Мен киелі
Тараз қаласының байырғы тұрғыны ретінде
барлық жерлестерімді осындай жарысқа
тұрақты қатысып тұруға шақырамын,-деді
қала тұрғыны Асылхан Қойшыбаев.
Бір қуантарлығы, веложарысқа
қатысушылардың қатарында жастардың
қарасы қалың болды. Өскелең ұрпақтың
айтуынша, бүгінгі таңда көне шаһарда
тұрғындардың велосипед тебулеріне
барлық жағдай жасалған. Кең жолдар, жалға
берілетін велосипедтер де қолжетімді.
Қоғамда саламатты өмір салтын на-
сихаттау және облыс тұрғындарын
спортпен айналысуға көптеп тартуды
мақсат еткен жарыс алдағы уақытта да
ұйымдастыралатын болады.