Отбасы береке мен бірліктің бастауы. Отбасы бірлігі Отанның бірлігі, ағайынның татулығы атамекеннің тұтастығы



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата06.03.2017
өлшемі5,81 Mb.
#8292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Отбасым

бақыт мекенім

аталы сөз - 

баталы сөз

Бала тәрбиесі басты байлығың,

Кешіксең көретінің қайғы-мұң.

Абай

Баланы бұзуға,түзеуге себеп болатын 

бір шарт-жас күнде көрген өнеге.

ж.Аймауытов

Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала 

өмір бойы ақтап бола алмайды, ол өле-

өлгенше суынбайтын махаббат.



Ғ.Мұстафин

Қалай десек те, ең мықты, табиғи 

мектеп-отбасы

М.Арын

Ата-аналар баланы тәрбиелегенде 

дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау 

керек, олар баланы өзінен күшті етіп 

тәрбиелеуі тиіс. Өйткені, олардың зама-

ны ата-аналарының өмір сүріп отырған 

заманына қарағанда анағұрлым күрделі 

талабы жоғары болатынын ұмытпаған 

жөн. 

М.жұмабаев

Отбасы тірлігіндегі ең мәнді тетікгі– 

махаббат.

А.Чехов.

Атадан жақсы ұл туса, 

Елінің туы балады.

Атадан жаман ұл туса, 

Көшінің соңы болады.

қазыбек би

  Адамның  басшысы  —  ақыл, 

шолушысы-ой,  жетекшісі-талап, 

қорғаушысы-сабыр,  сынаушысы-

халық,  таусылмайтыны-арман,  ең 

қымбаттысы-ар  сақтау,  бәрінен 

ардақтысы-өмір сүру, соның ішінде ең 

тәттісі-сыйластық. 



 Төле би

Бақыт деген – досыңның табағында, 

домбыра шанағында, жарыңның жана-

рында, халықтың қабағында. 



қ.Мырза Әлі 

Ұрпақтың ұрпаққа қалдырар  ең асыл 

мұрасы – өзі бастан кешкендерден 

түйген азды-көпті рухани тәжірибесі. 

Одан қол үзген қауым-келешегінен қол 

үзген қауым. 



Ә.Кекілбаев

Ана сүтін ақтамағанды, ешкім  мақтамайды.

Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.

Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,

Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.

 

Атадан жақсы ұл туса,



Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

 

 Жақсы бала - еліне бас болады,



Жаман бала - еліне қас болады.

Қарағайға қарап тал өсер,

Қатарына қарап бала өсер.

Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді,

Кісі баласы кісендесең де тұрмайды.

Бақытты  шаңырақ  дегеніміз  –

жалтылдаған сәнді сарай емес, жан 

жарыңның, жақын-жораларың мен 

сүйкімді балаларыңның сыңғырлаған 

күлкісі, ырысы мен ынтымағы. 

 Отбасынан басталған әділеттілік, отау 

құрғанда да қалады.

Өз ошағында болмаған бақыт көршінің 

ошағынан  келмейді,  сондықтан 

қажымай талмай еңбектеніп, бақытты 

іздеу керек. Өзің іздеп таппасаң, ол

қаша береді.

Халық даналығы


Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Пейілі  дархан  даладай  кең  болған 

халқымыз той жасауда әлемде алдына 

жан салмайтыны белгілі. Қазіргі таңда 

той жасаудың жөні осы екен деп қыз 

ұзату, үйлену, мерейтойлар былай тұрсын, 

кішкене баласы мектептен мақтау қағазын 

алса да дүркіретіп той жасай беретін 

болдық. Шілдехана, бесік тойы, тілашар, 

сүндет  той  секілді  етжақын  ағайын-

туыстың арасында, өз шаңырағымызда 

шағын  ортада  атап  өтуге  болатын 

қуаныштың бәрін мейрамханаларда тойлау 

үрдіс алып кеткелі қашан. 

Ал, енді осының бәрінен жоғары тұратын 

той – ол, бірін-бірі сүйіп, үлкен өмірге 

бірге қадам жасауға ниеттенген жастардың 

неке тойы. Қазақ бұл тойға қашаннан 

аса  мән  береді.  Қызды  ұзату  тойына 

дейінгі атқарылатын жөн-жоралғылар - 

болашақ қалыңдықтың құлағына сырға 

салу, қоржын салу, қыздың ата-анасынан 

бастап, барша туған-туысқандарына атаулы 

кит үлестіру секілді атқарылатын салт-

дәстүрлер, әрине қазақ тойының ажарын 

аша түсері сөзсіз. Дегенмен,  жасты да, 

жасамысты да алаңдататын жайт, үйлену 

тойларының әртүрлі бағытта өткізілуі. 

Соңғы уақытта көптің көңілін күпті етіп 

отырған мәселе, «Бүгінгі үйлену тойлары 

тойдан гөрі бәсекелестікке айналып бара 

жатқан жоқ па?» - деген сауал. Сонымен 

қоса бүгінде көп жерлерде «Қазақтың 

үйлену тойлары тойдан гөрі «шоуға» 

ұқсап бара жатқандай ма қалай?!» - деген 

пікірлерді де құлағымыз жиі шалып жата-

ды. Десе де «Қазаншының өз еркі, қайдан 

құлақ шығарса» демекші, тойды  кім қалай 

өткізсе де салт-дәстүрімізден аттамай, 

қазақы менталитетімізді жоғалтпасақ игі. 

Тойдың «шоуға» ұласуы, әрине, той 

иесінің сұранысына байланысты тойдың 

фото-видео түсірілімі де назардан тыс 

қалмайды. Қазіргі таңда қаламызда мұндай 

қызметтерді ұсынатын бірнеше орталықтар 

жұмыс жасайды. Осы орайда қазіргі той 

туралы көпшіліктің ой-пікірін білген едік.  

Ақмарал Даукулова, қала тұрғыны, 

мұғалім:

-  Мен  80-ші  жылдардың  аяғында 

тұрмысқа шықтым. Бүгінгі күні 1 қыз 2 ба-

ламнан 3 немере сүйіп отырған апалардың 

бірімін. Біздің кездің тойларды қазіргі 

тойлармен салыстырып қарасам, сол 30 

жылға жуық аралықта тұтастай тойдың 

өткізілу мәдениеті мен аясының өзгергені 

аңғарылады. Бұрындары ұзатылып бара 

жатқан қыз «Сыңсу» айтушы еді, құдалар 

бір-бірімен төс қағыстырып, еш арақ-

шарапсыз қызықты тойлар өткізілуші еді. 

Сондай-ақ, артық шығынсыз қазіргідей 

қарызданбай, қауғаланбай есіктің алдында 

өткізілетін. Ал қазір бірінен бірі қалғысы 

келмейді, әйтеуір несие алса да той жасау 

керек. Әр адам өзінің «көрпесіне қарай 

көсіліп», тойдың өз мәнерінде өтуіне көңіл 

бөлуі керек. Қазір кей тойларға барсаң  

жастардың үйлену тойынан гөрі, ойын 

–сауы  шоу бағдарламасының ортасына 

түскендей кейіпте боласың. Бастан аяқ цирк 

әртістері құстарды ұшырып, жыланды ой-

натып, жалаңаштанған жасөспірім қыздар 

шығыс биін билейді. Меніңше, қаражаттан 

қысылмайтын ауқатты адамдардың өзі 

де  мұндай  ысырапшылыққа  барғаны 

құптарлық жәйт емес.



 

„

құлаққа түрпідей тигенімен,қызойнақ қазіргі 



таңда жастар арасында кең таралып, бүгінгінің сәніне 

айналды. атауынан ат үркетін бұл шара ұзатылар 

қыздың той алдында жасайтын заманауи серуен кеші 

болып табылады. қазақта  қыз-қырқын бас қосып, сыр 

бөлісіп, отырыс құрған жағдайлар кездескен. мұндай 

отырыстар жігіттің қайын жұртына «ұрын» келген сәтінде 

ұйымдастырылған. ұзатылар қыздың  шашбауын көтеріп

қалыңдық көйлегін көріп, мәз болысатын бойжеткендер 

ендігі жерде сол асыл салтымызды заман ағымына сай 

бұрмалап, түрлі стильде өткізіп келеді. 

«қызойнақ» сән бе, салт па?

Арайлым Шабденова

«Қызойнақ» – той алдында тек бой-

жеткендер  бас  қосатын    құпия  жиын. 

Қазіргі  таңда  батыстық    фильмдерден 

жиі көретін бұл  құбылыс, көнеде қазақ 

даласында көшін керген. Тек ертеректе 

дала заңының жазылмаған жарлығымен 

атастыру, әмеңгерлік сынды еркінен тыс 

тұрмысқа шығару болғандықтан «қызойнақ» 

көңілсіз өткен. Онда ұзатылар қыз елімен, 

құрбы-құрдас, балалығымен  қоштасып, 

назды сыңсулар орындалғанын әдебиет 

үлгілері  айқындайды. «Дәстүрдің озығы бар, 

тозығы бар» демекші, бүгінде «қызойнақ» 

кезеңіне қарай құбылып шыға келді. Біріміз 

мұны бастаңғымен шатастыруымыз әбден 

мүмкін.  Бірақ  бұл  басқосу  –  болашақ 

жардың ата-анасының үйінде өтетін, тек 

нәзікжандылардың,  жақын  құрбылардың 

кездесуі. Әңгіме де әралуан тақырыпта 

өрбиді.  Десе  де,  бүгінде  қоғамда  бұл 

тақырып жөнінде ой екі тарапқа бөлініп, 

бірі – бұл шараны қолдаса, енді бірі – салт-

сананың кері кеткендігі деп баға беруде. 

«Бір күні  қызойнаққа  барып,  таң ата 

келіп  жатсам, ұйықтап қалған екенмін, әжем 

оятады» деген сөйлем Бейімбет Майлиннің 

«Шұғаның  белгісі»  шығармасында  да 

кездеседі. Бірақ, ол жерде қыз елімен, құрбы-

құрдастарымен, сондай-ақ балалығымен 

қоштасып, сыңсу айтылғаны шығармада 

расталған. Кейінірек келінді алып қашу 

бірнеше  ондаған  жылдар  бойы  сәнде 

болған  болса,  бүгінгі  таңда  қыз  алып 

қашу сирек кездеседі. Тәуелсіздігімізді  

алып, ата-салтымыз қайта жаңғырғалы 

бері ата-ананың ақ батасын алып, ұзату          

тойын  жасап,  қос  жеңгенің  шығарып                                                                                     

салуымен жолдарына ақ төсеп, алғашқы 

қадамды қатар басып тұрмыс құру сәнге 

айналды.  

Алайда осы бас құрып үйленер алдында 

қазіргі жастар «жігітойнақ» ұйымдастырып, 

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №36 (1324), 7 қыркүйек  2016 Жыл  //

ТАрАЗы

9

тОй тОйлау да - 



тӘрбИе

 

„

қырда қой бағып, жүйрік жаратып, 



желіге құлын байлатқан, татып алған дәм-

тұзын ақтай білген, достықты сақтай білген 

қазақ халқын тойсыз елестету әсте мүмкін 

емес. тапқан-түйгенін бала-шағасының 

аузынан жырып, қонағының алдына 

тосатын қазақ тойды қазынасына балайды. 

Ержан  Балқожаев,  «Авация»  жа-

стар  театрының  директоры,  той 

ұйымдастырушы:

- Біздің шығармашылық топ кез кел-

ген тойды ашылу салтанатынан бастап 

жабылуына  дейін  шоу  бағдарламалар 

арқылы ұйымдастырады. Ол үшін бізде 

екі жасты алып шығатын «лотос гүл» (рек-

визиттер) , сүндет тойда баланы көтеретін 

тақ бар. Сонымен қатар бұған міндетті 

театрландырылған көріністер қосамыз. 

Қазіргі таңда той иелерімен екі бағытта 

жұмыс  жасаудамыз.  Біріншісі  қазақы 

салт-дәстүр болса, екіншісі еуропалық 

стильде. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда 

еуропалық стильге сұраныс жоғары. Мұнда 

той иесін қызықтыратыны - лазер-шоудың 

қолданылуы.  Мен  тойдың  еуропалық 

бағытқа бет бұра бастағанына алаңдаймын. 

Қазір осы екі бағытты біріктіру үшін жұмыс 

жасап жатырмыз. Қазақтың тойынан ұлттық 

салт-дәстүріміздің иісі аңқып тұруы керек 

қой. Халық осыны жадынан шығармаса 

екен. 


Олжас Апбозов, «Gold Star Cinema» 

видео-студиясының жетекшісі: 

- Тараз қаласында 2013 жылдан бастап 

видео-студия  ашып,  жұмыс  жасауда-

мыз. Алғашқыда өзім Алматы қаласында 

концерттік  бағдарламаларды  видеоға 

түсірумен айналысқан болатынмын. Со-

сын осында келіп, осы өнерге ынтасы бар 

жастарды жинап, оларды үйретіп жұмысқа 

кірістік. Біздің ұжым заманауи техника-

лармен жарақталған. Мәселен жастардың 

күндізгі  қыдырысындағы  бейнелерді 

бірден топтастырып, мейрамханада тойға 

келушілердің назарына клиптік нұсқасын 

ұсынамыз. Сонымен қатар «Love story» 

түсіреміз. «Love story»-ді түсіру құны бізде 

шамамен 50 мыңнан басталады. Ал тойды 

бастан-аяқ түсіру 100 мыңнан бастау ала-

ды. Бізде бағаның  жоғары болатын себебі 

техникалар қымбат әрі жұмыстың сапасына 

кепілдік беріледі.  

Жұмысымыз  тоймен  байланысты 

болғандықтан біздің менталитетімізді 

өзгерту керек. Мәселен, тойды уақытысында 

бастап, уақытысында аяқтау. Қазір көп той 

кеш басталады да айналдырған 3 сағаттың 

ішіне барлығын сыйдырғысы келеді. Бұдан 

әрине халық шаршайды.     

P.S:

Қазақтың тойы – бағзыдан ұлттық 

тәрбие бесігі болған. Халықтың руха-

ни  салты,  мәдениеті  мен  өнері  той 

төрінде дәріптеледі. Қалай дегенмен, 

зулаған заман ағымына ілесіп, қазақи 

құндылықтарымыздың қаймағын төгіп 

алмасақ болғаны. Ой бізден, түйін сізден. 

Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!  

тіпті  бейәдеп  би  билейтін  қыздарды 

шақырып, бойдақ күндерімен қоштасса, 

«қызойнаққа» қыздар жігіттер шақырып, 

әр түрлі сарында әңгіме-дүкен құрады екен. 

Сауық кешін иесі қандай стильде таңдаса, 

кеш қонақтары соған сәйкес киініп келіп, ән 

мен биден шашу шашады екен. 

Әне-міне дегенше, өмірдің ең үлкен 

есігі отбасылық өмірге аттайын деп отырған 

жастарға «қызойнақ» әлде «жігітойнақтың» 

қажеті бар ма? 



Шынар Тұртаева,

 ата-ана:

–  Жасыратыны жоқ, кейбір ата-ана-

лар қатарынан қалмай, ұят пен намысты 

қамшылап тұрып несие алып  той жасап 

жатады.  Қыз жасауы мен киім-кешегінен 

бөлек  техникалық жабдықтар мен көрпе-

жастықты толықтыруға шапқылайтын 

ата-анаға ұзату тойы қамынан басқа, 

«қызойнақ» жасау сәнге енді. Бұл құрбы-

құрдастары арасында ұлан-асыр дастархан 

әзірлеп, шығын үстіне шығын жамау бо-

лып табылады. Қызға үлкен апа-әпкелері 

мен  жеңгелерін  жинап,  ақыл-кеңес 

беретін сырлы да мағынаға толы жиын 

өткізген тиімдірек. Әйтпесе, аялап өсірген 

қызының өзге шаңырақ табалдырығын 

аттағалы тұрған тұсында «қызойнақ» 

жасап, құтылғанына қуанғаны ма, әлде 

мақтангершілік пе? Қатарлары арасында 

қызының ұзатылып бара жатқанын жар-

намалау ма? Мен өз басым мұндай көңіл 

көтеруге қарсымын. 



Ұлжан Рәтқызы,

 жас келін:

–Мен  бір  жыл  бұрын  тұрмысқа 

шықтым.  Сонда  құрбыларым  маған 

тосынсый жасады. Ұзатылу тойыма бір 

жеті қалғанда бөлмеме кірсем сәбише 

киінген достарым бәрі жылап жатыр 

(үнтаспа қосқан). Маған да арнайы халат 

дайындапты. Олар әлди мен ана болып 

қызықты ойын ойнадық. Суретке, видеоға 

түстік. Жалғасы әңгіме дүкенге ұласты. 

Ол сәтте бұл басқосудың «қызойнақ» 

деп аталарын білмедім. Енді қарап, есіме 

түсіп отыр. Қыздар, осылай өткізсеңіздер 

де тамаша болады. Ең бастысы, керемет 

естелік қалады.

«Талғамда талас  жоқ», – демекші  

қыз ғұмырдың соңғы сәттерін қандай об-

разда, қандай стильде өткізгіңіз келсе де, 

қазақ қызына тән болмысты жоғалтпай, 

ар мен ұятты ұмытпаған абзал. Ал сіз оң 

босағадан қалай аттанғыңыз келеді?


10

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №36 (1324), 7 қыркүйек  2016 Жыл  //

ЗАң-ЗАмАн

 

„

Жамбыл облысы прокурорының міндетін атқарушы айдос майлыбаевтың 



төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде жергілікті атқарушы органдардың 2015-2016 

жылдары аралығындағы қызметінде жер туралы заңнамаларының қолданылуына 

жүргізілген тексеру нәтижелері, сонымен қатар 2015 жылғы және 2016 жылдың 6 

айындағы қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды, оның ішінде процестік 

шығындарды өндіруге қатысты қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын 

қамтасыз ету жағдайы туралы мәселелер қаралды. 

Жер телімдерін бӨлуде

ЗаңсыЗдықтарға ЖОл берілген

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

    Алқа  отырысына  облыс,  қала 

және аудандық жергілікті атқарушы 

органдардың, уәкілетті мемлекеттік 

органдардың  басшылары,  «Нұр 

Отан»  партиясының  облыстық 

филиалы және прокуратура орган-

дары жанындағы Консультативтік 

кеңестің мүшелері қатысты. 

Басқосуда облыс прокурорының 

міндетін  атқарушы  Айдо с                                                            

Майлыбаев облыс көлемінде алаңы 

11 га. кадастрлық құны 463 млн. 

теңгені  құрайтын  игерілмеген 

462  жер  телімдері  анықталып, 

игерілмеген  жер  телімдерінің 

тізілімінің құрылғанын атап өтті. 

Жер  иеленуде    кеңінен  таралған 

заң бұзушылықтардың қатарында 

жерді бөлу тәртібінің сақталмауы, 



 

„

Жемқорлық - 



дәл қазіргі кезеңде 

қоғамдағы түйіні 

шешілмей келе 

жатқан ахуалдың бірі. 

пара берумен, ақша 

ұсынумен өз мәселесін 

тез шеше саламын 

дейтін жалған ойдың 

қылмыстық түрі болып 

есептеледі. 

Жемқорлық - 

қоғамды 

аздырушы 

фактор

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен 

бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп 

беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, 

бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Бұл дерт 

жер бетіндегі барлық мемлекеттер мен біздің қоғамымызда 

кейінгі кездерде ғана пайда болған үрдіс емес, ол - сонау көне 

дәуірлерден келе жатқан билердің, байлардың, сұлтандардың 

және жалшы мен бай араларындағы қандай да болмасын 

мәселені өз мүдделеріне қарай шешу жолындағы тартысы 

болатын. Тіптен, сонау ескі антикалық замандардың өзінде 

мемлекет байлығын талан-таражға салмау үшін күрескен 

игі-жақсылар мен қоғам қайраткерлерінің іс-әрекетін көне 

жазбалардан да оқуға болады. Осыдан екі жарым мыңдай 

жыл бұрын өмір сүрген гректің атақты ойшылы,  даныш-

паны Аристотельдің: «Ең бастысы — әрбір мемлекеттік 

құрылыстың жанындағы істі, лауазымды тұлғалар пайдаға 

батпайтындай етіп қою керек», - деген қанатты сөзінің әлі де 

құнын жоғалпағанын байқауға болады. Ал, б.з.д. ІІІ ғасырларда 

өмір сүрген ғұндардың Ұлы Тәңірқұты Мөденің Қытай пат-

шасы «жер бер» деп сұратқанда: «Жер – мемлекеттікі, елдікі. 

Мемлекеттің ісіне ешкімнің қол сұғуына қақы жоқ», - деп 

жауап беруінің өзінде де үлкен саяси мән-мағына жатқанын 

аңғаруға болады және жемқорлыққа да қарсы қойылып, 

мемлекет пен халықтың байлығына ешкімнің қол сұғуына 

болмайтынын ескерткен нақты нүкте екені даусыз. Әлем 

билеушісі Ұлы Шыңғысхан да өзінің заңдарында: «Мемлекет 

байлығын ұрлағандар мен қолындағы билігін өз пайдасына 

пайдаланғандар өлім жазасына кесілсін» деп, жемқорлыққа 

қарсы өте ауыр жаза белгілеген екен.Бірақ, ең зұлым әлеуметтік 

жауызыдық – осы, сыбайлас жемқорлықты құрту адамзаттың 

қолынан әлі де келер емес.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Еге-

мен Қазақстан» газетінде жарияланған «Ұлт Жоспары – 

қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында 

сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне ерекше мән берді. 

«Менің Жарлығыммен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі 

министрлік, оның құрылымында – Жемқорлыққа қарсы 

іс-қимылдың ұлттық бюросы құрылды. Осылайша, тек 

мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сондай-ақ, жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл танытатын, яғни жемқорлық көріністерінің 

барынша алдын алуға бағдарланған жүйе де жаңғыртылып 

отыр. Бұл жерде жемқорлықпен күрестің өзі барынша дәйекті 

бола түседі және жүйелі сипатқа ие болады», - деп атап 

көрсетті.Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты 

жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты 

жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Тамырын тереңге жайып бара жатқан бұл дерттің түбіне 

ертерек балта шаппаса болмайды. Қоғам болып атсалысып, 

мұның ел ішінде кең жайылып кетуіне тосқауыл қоятын барлық 

жағдайды жасап, оларға қарсы заң ережелерін күшейту керек 

екені айтпаса да заңдылық. 



Балжан СЫДЫҒАЛИЕВА,

Облыстық мәдениет, архивтер

және құжаттама басқармасының

«Тарихи-мәдени ескеркіштерді

қорғау және қалпына келтіру

 дирекцисы» КММ-ң заңгері.

 

„

«100 нақты қадам» 



ұлт жоспарында 

көзделген кәсіби 

мемлекеттік аппарат 

қалыптастыру 

мақсатында жыл 

басында қазақстан 

республикасындағы 

«мемлекеттік қызмет 

туралы», «сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-

қимыл туралы» Заңдар 

күшіне енген болатын.

Әдеп кодексін 

әрбір 

қызметші 

қатаң сақтауы 

керек

Жаңа  реформалар  аясында 

мемлекеттік қызмет саласындағы 

тәртіптік және этикалық бақылау 

мәселесіне  айрықша  көңіл 

бөлініп отыр. Осы орайда, Мем-

лекет басшысының Жарлығымен 

мемлекеттік  қызметшілердің 

жаңа Әдеп кодексі қабылданды.

Баршаға белгілі, биылдан ба-

стап бұрынғы тәртіптік кеңестер 

Мемлекеттік  қызмет  істері 

министрлігінің  Әдеп  жөніндегі 

кеңесі болып құрылды. Мұндай 

кеңестер  алқалы  орган  ретінде 

Астана,  Алматы  қалаларымен 

қатар барлық облыстарда жұмыс 

атқаруда. 

Мен  өз  басым,  облыстық 

Ә д е п   ж ө н і н д е г і   ке ң е с т і ң 

мүшесі  ретінде  бұл  бағыттағы 

жұмыстардан  толлыққанды  ха-

бардармын. 

Биылғы  жылы  Мемлекеттік 

жер  телімдеріне  құқық  немесе 

пайдалануға  беру  кезінде  тиісті 

сауда-саттық процестерінің орын-

далмауы, төлемдерін төлемеу жиі 

орын алған. 

Жамбыл ауданына қарасты Қарой 

ауылдық округі әкімінің былтырғы 

жылғы шешімімен осы жылы жер 

кезегіне тұрған азамат жеке қосалқы 

шаруашылығын  жүргізу  үшін  10 

гектар жер теліміне ие болыпты.  

Осы тектес 22 азаматқа жер учаскесі 

заңсыз берілген. Ал 2013 жылдан 

бері тұрған тұрғындардың кезектері 

өлі орнынан жылжымаған. Байзақ 

ауданының  Қостөбе  ауылдық 

округінің әкімі де өзі би, өзі қожа 

болып  шешім  шығарып,  жер 

телімдерін  оңды-солды  таратқан 

көрінеді.  

Соңғы 2 жылдың көлемінде Тараз 

қаласы әкімдігінің жер комиссиясы 

да заңсыз іс-әрекеттерге жол беріп, 

жоғарғы қуатты электр желілерінің 

қорғау  аймақтарынан  21  жер 

телімін босатқан. Бұдан бөлек, аук-

цион арқылы жер сату барысында 

жалпы пайдаланымдағы жерлерді 

уәкілетті органдардың келісімінсіз 

беру деректері де кездескен. 

Мәселен, Тараз қаласы әкімдігі 

Абай  және  Петров  көшелерінің 

қиылысында  алаңы  1,2  соттық 

жер телімін дүкен құрылысы үшін 

аукцион  арқылы  Полстьяноваға 

сатқан. Бір қызығы, аталған жер 

телімін  сату  барысында  тиісті 

мекемелердің  келісімдері  талап 

етілмегендіктен, құрылыс жұмысы 

2  қабатты  құраған  ғимараттың 

астында жылу және кәріз жүйелері 

бар екен. Сонымен қоса, ғимарат 

жаяу  жүргіншілер  жүретін  жол 

үстіне салынған. Көлтоған иінінде 

де  игерілмеген  және  уақытысы 

өтіп кеткен 20 жер пайдаланушы 

анықталып,  жалдау шарты негізсіз 

ұзартылған  4  жер  пайдаланушы 

анықталыпты.  

Жиын  барысында  баяндама 

жасаған облыстық прокуратураның 

басқарма  басшысы    Бекзат                                                   

Сеилханов ертеңгі күні жоғарыда 

келтірілген  келеңсіздіктердің 

даулы  мәселеге  айналатынына 

алаңдайтынын білдірді.

-    Қалалық  прокуратураның 

ұсынысы  бойынша  Желтоқсан 

көшесі,  №86  «а»  мекенжайында 

орналасқан «Пико» жауапкершілігі 

шектеулі серіктестігінің павильон-

дарын  бұзу  және  жалпы  алаңы 

0,0670  гектар  жерді  мемлекетке 

қайтару туралы былтыр сот шешімі 

шыққан. Алайда, шығарылған сот 

шешімі  бар  екенін  ескерместен, 

Тараз  қаласы  әкімдігі  биыл  жер 

комиссиясының қорытындысымен 

аталған  жерді  «Пико»  ЖШС-

на  қайтадан  мерзімін  ұзартып 

берген.  Аталған  жайт  бойынша 

облыстың әдеп жөніндегі Кеңесіне 

заң бұзушылықтарға жол берген 

кінәлі тұлғаларды жазалау туралы 

ұсыныс енгізілді, - дейді ол.

Жиын  соңында  А.Майлыбаев 

кемшіліктерді  қалпына  келтіру 

жөнінде тиісті орындарға тапсыр-

малар берді. 

қызмет  істері  министрлігінің  облыс 

бойынша  Департаменті  жұмысшы 

тобын  құрып,  барлық  аудандар-

да  «Мемлекеттік  қызмет  туралы», 

«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

іс—қимыл туралы» Заңдардың, Әдеп 

кодексінің  негізгі  ережелері  мен 

талаптарын  түсіндіру  бойынша  кең 

көлемді жұмыстарды қолға алды. Бұл 

жүйелі  жұмыстардың  оң  нәтижесін 

беретіндігіне нық сенімдімін.

Әрбір мемлекеттік қызметші мем-

лекет пен оның азаматтарына нұқсан 

келтіретін жағымсыз әрекеттерге жол 

бермеуі  керек.  Халық  игілігі  үшін 

аянып  қалмауы  тиіс.  Бұл  тұрғыда 

мемлекеттің  артып  отырған  сенімі 

жоғары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет