Отбасы береке мен бірліктің бастауы. Отбасы бірлігі Отанның бірлігі, ағайынның татулығы атамекеннің тұтастығы



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата06.03.2017
өлшемі5,81 Mb.
#8292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әсем БӨЛЕКОВА,

Тараз қаласы қорғаныс істері 

жөніндегі басқарма  инспекторы.

Жақсының аты өшпейді.   



 

„

ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, облыс әкімдігінің 



мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен тараз қаласының 

мемлекеттік архиві бірлесе отырып «ұлы елдің ұлы істері» атты 

дөңгелек үстел өткізді. 

«құрметті азаматтардың» есімі

архивте сақталады

Индира БАЙқОНЫС

Оған қаламыздың құрметті азаматтары, облыс 

әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама 

басқармасы мен қалалық, аудандық  мемлекеттік 

архивтердің  басшылары  мен  қызметкерлері, 

көршілес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 

архивтер  мен тілдерді дамыту басқармаларының 

басшылары қатысты. 

Дөңгелек үстелді ашып, жүргізіп отырған об-

лыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама 

басқармасының  басшысы  Дүйсенәлі  Бықыбаев 

жиналғандарды  тұғыры  биік  Тәуелсіздіктің  25 

жылдығымен  құттықтап,  өзі  басқарып  отырған 

салада ел мүддесі жолында   атқарылып жатқан 

жұмыстарды тізбектеп шықты.

- Бүгінгі басқосу екі маңызды дүниеге себеп 

болып отыр. Біріншісі, Тараз қаласының «Құрметті 

азаматтарына» жеке тектік құжаттар топтамасын 

Тараз  қаласының  мемлекеттік  архивіне  мәңгіге 

сақтауға  қабылданғаны  жайлы  болса,  екіншісі, 

көне  шаһарда  өткен  Қазақ  Хандығының  550  

жылдық тойынан сыр шертетін «Тараздағы тари-

хи той» атты кітаптың тұсауын кесетін боламыз.  

Бұл құнды кітаптың авторы әрі құрастырушысы 

Сатыбалды Досымбекұлы болып табылады, -деді 

басқарма басшысы. 

Мұнан кейін салтанатты жағдайда қаламыздың 

бірқатар «Құрметті азаматтарына» атап айтқанда, 

Қазақстан  мен  Қырғыз  Республикаларының 

мәдениет  қайраткері  Әлібек  Әмзеұлына,                                                                                        

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 

төрағасы Мырзақасым Байбековке, «Таразэнерго-

комбинат» АҚ президенті, қалалық мәслихаттың 

депутаты  Мырзахан  Бұрхановқа,  ТарМУ-дың 

«Философия және мәдениеттану» кафедрасының 

меңгерушісі Тәуекел Жаңақұловқа және тағы да 

басқа бас-аяғы тоғыз азаматтың есімін шаһар жыл-

намасы беттеріне жазып, жеке тектік құжаттарын 

архивте  мәңгілікке сақтауға қабылданғаны жайлы 

құжат тапсырылды. Осылайша әр салада өнімді 

еңбек  етіп,  егемен  еліміздің  дамуына  сүбелі 

үлестерін  қосқан  атпал  азаматтардың  есімдері 

тарихта  қалып  отыр.  Дөңгелек  үстел  басына 

шоғырланған көпшілік те киелі шаһарымыздың 

«Құрметті  азаматтарына»  алғыстарын  жеткізіп, 

алдағы уақытта да еңбектерінің жемісті болуын 

тіледі.

Ә р і   қ а р а й   қ а л а м г е р   С а т ы б а л д ы 



Досымбекұлының  авторлық  етуімен  жарыққа 

шыққан «Тараздағы тарихи той» кітабының тұсауы 

кесіліп, жиналған қауым өз пікірлерін ортаға салды. 

Тың туынды туралы өз ойын ортаға салған ТарМУ-

дың профессоры, филология ғылымдарының док-

торы Сәмен Құлбарақ кітаптың мазмұны тереңде 

жатқанын және суреттері өте айшықты түсірілгенін 

айтса, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық 

ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Эль-

мира Абдинова жыл санап кітап оқитын жастардың 

қарасы  артып  отырғанын  атап  өтіп,    әлі  сиясы 

кеппеген бұл кітаптың да өз қалың оқырмандары 

болатынына сенім білдірді. 

дан  қонақтар  жиынға  арнайы 

келіп,  академиктің  өмір  жолда-

рынан естеліктер айтты. Бюсттің 

лентасын  ардагер  журналист                        

Баттал  Жаңабайұлы,  еңбек 

ардагері Жақсылықбай Тәжібаев 

және облыстық ардагерлер кеңесі 

ұйымының  төрағасы  Еркінбек 

Солтыбаев  қиып,  ғалымның  ру-

хына тағзым етіп, гүл шоқтарын 

қойды.  Ұзындығы  3  метр,  ені 

1  метрді  құрайтын  ескерткіш-

бюстің  жан-жағы  гүлзармен 

көмкеріліп, арнайы безендірілген. 

Мінберге  алғашқылардың 

бірі  болып  қоғам  қайраткері 

Арғынбай Бекбосын ұлт білімі мен 

ғылымының  жанашыр  тұлғасы 

ретінде  ел  есінде  сақталған 

Өмірбек  Арысланұлының  сана-

лы өмір жолынан естелік айтты.

–      Өмірбек  Арысланұлы  – 

қазақ  ұлтының  жиырмасыншы 

ғасырдың  екінші  жартысындағы 

ең  ірі  тұлғаларының  бірі.  Оған 

туған  халқы,  қала  берді  әлем 

ғалымдарының бәрі мойындаған 

ғылыми  еңбектері  -  негіз.  Мем-

лекет  және  қоғам  қайраткері 

Қазақстанның  Жоғары  Кеңесіне 

бірнеше  мәрте  депутат  болған. 

Осы кезеңдерде қаншама маңызды 

заңдар  қабылданды.  Міне,  сол 

құжаттардың  бәрінде  Өмірбек 

Арысланұлының  қолтаңбасы 

қалды. Бұл кісімен ҚР Парламенті 

Мәжілісінде  бірге  қызмет  ету 

бақытына ие болдым. Сол жыл-

дары  тәуелсіз  Қазақстанның 

мыңға  тарта  заңы  болды.  Жас 

мемлекеттің дамуына зор еңбек 

сіңірген тұлғалардың бірі. Бұдан 

басқа,  математика  ғылымында 

өзіндік мектебін қалыптастырған 

оның  еңбектері  бүгінгі  ұрпаққа 

мұра боп қалды. Сондықтан да, 

академикке деген құрмет жалғаса 

беру керек», – деді А.Бекбосын. 

А л   Та р а з   м е м л е ке т т і к 

педагогикалық  институтының 

ректоры,  тарих  ғылымдарының 

докторы  Дария  Қожамжарова 

ұлағатты  ұстаздың  шәкірті 

болғанын  мақтан  тұтатынын, 

академиктің ағалық қамқорлығын 

сезінгенін  жеткізді.  «Өмірбек 

Жолдасбековтің  қайраткерлігі 

ғана  емес,  егемендік  алғаннан 

ке й і н г і   ж ы л д а р ы   ғ ы л ы м -

білімнің  өркендеуіне  қосқан 

үлесінің өзі бір төбе. ҚазҰУ-да 

16  жыл  ректорлық  қызметте 

болған жылдары университеттің 

рейтінгісін  жоғары  деңгейге 

көтерді.  Сондай-ақ,  аталған 

білім ордасында алғаш рет қазақ 

тіліндегі  тарих  факультетін 

ашып,  қазақ  халқының  тарихы 

әлі  толық  зерттелмегенін,  төл 

тарихымызды  зерделеуге  бізге 

сенім артатынын айтқаны бар», 

– деді ол. 

Сонымен қатар, академиктің 

немере  інісі    Орынбек  Арс-

ланов  та  жиында  сөз  алып, 

ағасының  есімін  алған  орта 

мектептің  оқушылары  мен 

ұ с т а з д а р ы н ы ң   ж ұ м ы с ы н а 

сәттілік тілеп, ғалымның хатын 

өлтірмей, атын шығарып жүрген 

бірқатар  атқамінер  азаматтарға 

а л ғ ы с ы н   б і л д і р д і .   Ж и ы н 

соңында  мектептің  5-сынып 

оқушылары Ерсұлтан Болғанбай, 

Ас х а н   О м а р х а н ,   Қ а р а қ ат 

Оңалбай  Ө.Жолдасбековке  ар-

наулар оқыса, мектеп директоры                      

Рахия Есеева мектеп ұжымының 

атынан  келген  көпшілікке, 

ескерткішті  орнатып  берген 

азаматтарға  алғысын  білдірді. 

Ал  салтанатты жиыннан кейін  

«Бақ сарайы» мейрамханасында 

ғалымның рухына арнап Құран 

оқылып, көпшілікке ас берілді.



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №36 (1324), 7 қыркүйек 2016 Жыл  //

мереке


7

 

„

құрбан айт – ел арасындағы татулықты нығайтып, адамдарды кешірімді болуға 



үндейтін, бірлігімізді бекемдеп, қазақтың қонақжайлылық, сыйластық, достастық 

секілді қасиеттерін арттыруға дәнекерлік ететін ұлық мереке. мемлекет басшысы 

нұрсұлтан назарбаев асыл дініміздің өркендеуіне жағдай жасап, құрбан айттың 

алғашқы күнін демалыс ретінде жариялады. ендігі кезекті біз ғибратқа толы 

мерекенің мәніне терең үңіліп, рухани салмағын таразылап, айтулы күнді атап өтудің 

бірыңғай жолын қалыптастырып, ұлттық, бүкіл халықтық деңгейге көтеруіміз қажет-

ақ. 

мейірімі мОл 

мҮбӘрак мейрам

 Индира БАЙқОНЫС

Құрбан шалудың мәні неде?

Өкінішке қарай, қоғамда Құрбан айт мерекесін өткізуді мешіттің      

шаруасы деп қарайтын, құрбандық шалудың маңызын жіті түсінбей, 

жұрттан қалмай, қан шығаруды мақсат тұтатын, яки  мал сойып 

қайырымдылық іс жасадым  деп  ойлайтын адамдар көп. Бәлкім бұл 

біздің діни тұрғыдан сауатымыздың әлі де болса төмендігін көрсетсе 

керек-ті. Олай болса, осы тұста  исі мұсылманның ұлық мерекесі 

Құрбан айттың діни мәніне, тасқа қашалған тарихына тоқталып өтсек 

артық болмас. 

«Құрбан» – араб тілінен түркі тіліне енген сөз. Бірақ арабшада 

«ұдхия», «дахия» сөздері көбірек қолданылады. Ол, сірә, құрбан айтта 

таңсәріде (дұха) мал шалынатындықтан солай аталса керек. Құрбан сөзі 

«жақындау» деген мағынаны білдіреді. Яғни, құрбандыққа мал шалу 

арқылы Жаратушы иеге бір табан жақындай түсу мақсат етіледі»,- дейді 

облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб-имамы Ғалымбек Жәпек.

 Құрбан шалудың тарихы Адам атаның қос ұлдарына барып тіреледі. 

Абыл мен Қабылдың да (бірі малын, бірі бір бау егінін арнап) құрбан 

шалу рәсімін жасағаны мәлім. Одан беріде ұлық пайғамбарлардың бірі 

хазірет Ибраһимнің (а.с.) тап болған сынағы бар. Әдетте, өмірдегі ең 

үлкен сынақтарға пайғамбарлар душар болған. Ибраһимның да (а.с.) 

Құдайға деген мойынсұнушылығы сыналған. Өйткені түсінде ұлы 

Исмайылды құрбан етіп жатқанын көріп, бұның уахи екенін аңғарады. 

Баласы екеуі бұйрыққа қалтқысыз мойынсұнғанда, сынақтан сүрінбей 

өткендері білдіріліп, нәтижесінде құрбандыққа шалынған мал діни салт 

ретінде кейінгіге жалғасты. 

Ал енді, Құрбан шалу – Құрбан айт күні Айт намазы оқылып болған 

соң және үш күнге ұласатын ғибадат. Құрбандық ретінде түйе, сиыр, 

қой шалынады. Жылқы, тауық құрбандыққа шалынбайды. Құрбандық 

шалуда орындалуы міндетті болған алғашқы шарт – құрбандықты 

жалғыз Алланың разылығы үшін шалуға ниет ету болып табылады. Ол 

жайында қасиетті Құранда: «Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы 

және құрбан шал»,- делінген («Кәусар» – 2 аят). 

Құрбан шалатын адам не істеуі керек? Біріншіден, құрбан шалуды 

ниет еткен адам, мүмкіндік болса, сол күні еш нәрсе жемей, өзі шалған 

малдың етімен таңғы оразасын ашқан мұстаһаб болады. Бұл амал 

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисіне сәйкес келеді: «Әрбір адам 

өзінің құрбандыққа шалған малының етінен ауыз тисін» (Сахих, «Сахих 

уль жами»).  Екіншіден,  адам құрбандығын өз қолымен шалғаны абзал 

болады, бірақ мұндай мүмкіндігі болмаса, ол құрбан шалынып жатқанда 

жанында тұрса да болады. Бірақ бұл да міндетті шарт емес.

 Жалпы, құрбандықтың етін үшке бөлген абзал: үштен бір бөлігі – өз 

отбасың жеуге, үштен бір бөлігі – сый ретінде таратуға, үштен бір бөлігі 

– садақа ретінде таратуға. Ислам ғұламалары құрбандыққа шалынған 

малдың етін, іш майын, терісін сатуға тыйым салынатындығы жөнінде 

бір ауыздан келіскен. Сондай-ақ, қасапшыға да құрбандықтың еті немесе 

басқа заттарынан ақы ретінде ешнәрсе беруге болмайды. Өйткені Али 

(р.а.) риуат еткен хадисте: «Алланың елшісі (с.а.с.) маған құрбандыққа 

шалынатын малдарға қарап бақылауды және олардың етін, терісін, 

жабуын садақа ретінде таратуды, бірақ қасапшыға малды сойғаны үшін 

ешнәрсе бермеуді бұйырды. Ол: «Біз оларға өзімізде бар заттардан бір 

нәрсе береміз деді». (Бухари, Муслим). Сондай-ақ қасапқа сыйлық 

ретінде бір нәрсе беруге болатындығы туралы және құрбандықтың етінен 

өзге дін өкілдеріне де, егер олар көрші, туысқан, кедей, немесе олардың 

жүректерін исламға ашу мақсатында беруге болатындығы туралы ислам 

ғұламаларының еңбектерінде айтылған. 

Құрбан айтты өз деңгейінде атап 

өтіп жүрміз бе?

Жасыратын несі бар, бүгінде біз Құрбан айтта тек құрбан шалумен 

ғана шектеліп бара жатқан секілдіміз. Өйткені бұл айтулы күн дема-

лыс күні бола тұра, елімізде мерекелік шаралар аз өткізіледі. Кейбір 

жүрегінде иманы бар, қалталы азаматтар таңертең жамағатпен бірге 

айт намазын оқып, қасапханаға барып мал шалдырып, оны жоқ-жітікке 

таратып жатады. Ары қарай әркім өз жолымен кетіп, көшеде тыныштық 

орнайды. Мереке осымен біткендей әсер қалдырады. Алайда жоғары 

да атап өткеніміздей, «құрбан» деген сөздің  негізгі мағынасы «жақын 

болу, жақындау» екенін ескерсек, Аллаға жақындаудың, құлшылық 

жасап, ғибадат етудің түрлі жолдарын табуға болатынына көз жеткіземіз.

Мәселен, бұрынғы ата-бабаларымыз Құрбан айтты қалай тойлаған? 

Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағында Құрбан айтқа қатысты де-

ректер де кездеседі. Онда қасиетті мерекенің мән-маңызы, құрбандыққа 

қандай мал шалу, оның кімдерге міндеттілігі жөнінде шариғат талаптары 

мен айт күндері оған дейін араздасқан адамдардың бір-біріне кешірім 

жасау керектігі жазылған. Ал облысымызға есімі белгілі дінтанушы 

Таңжарық Тұрғанқұлов  қазақ халқына Құрбан айт мерекесін ұлттық 

идеология тұрғысында қарайтын уақыттың жеткендігін алға тартады.

- Рас, құрбандық бір Алланың разылығы үшін шалынады. Алайда бұл 

ұлық мерекенің астарында елдік бірлік пен ынтымақты көздейтін үлкен 

мән-мағына жатыр. Сондықтан  осы үш күнде  мағыналы ән-жыр айтып, 

алтыбақан теуіп, ұлттық салт-дәстүрді дінмен ұштастыра отырып кере-

мет өткізген. Айтыс өнерімен, термемен көпшілікті Аллаға құлшылық 

етуге, адамгершілік пен ізгілікке шақырған. Тіпті, кешегі Кеңес Одағы 

дінге тыйым салса да, бірқатар қазақ ауылдарында айт намазы оқылып, 

құрбандық шалынып, арнайы дастарқан жайылып, ата-баба рухына 

құран бағыштау дәстүрі сақталғанын білеміз. Міне, көрдіңіз бе, ата-

бабаларымыз Құрбан айтты қалай тойлаған?!-деді теолог. 

Мұндай пікірді белгілі қаламгер-журналист Мақұлбек Рысдәулетте 

сабақтай түсіп, Құрбан айт мерекесін атап өтудің бірыңғай жолын 

қалыптастыру керектігін және ел азаматтарының діни сауатын көтеру 

мәселесі имамдардың мойнында жүктеліп тұрғандығын айтты. 

- Расында, республика бойынша мешіттерде, әрбір өңірдің орталық 

алаңдарында  Құрбан  айтты  үлкен  мерекелік  шара  ретінде  неге 

өткізбеске? Жастар үлгі-өнеге алатындай, ғибратты тәрбиелік мәні зор 

етіп өткізуге шамамыз келмей ме? Жастарға сабақ болатын уағыздар 

айтылып, түрлі бәйге-жарыстар, атап айтқанда, қазақша күрес, көкпар, 

аламан жарыс, ақындар айтысы, күй тартыс т.б. ұйымдастырылып, 

бұқаралық сипат алып жатса, мұнан ұтарымыз көп.  Құдайға шүкір, 

Тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болдық. Енді бізге не кедергі? Ата-

баба дәстүрін ислам дінімен сабақтастыра отырып жастардың бойына 

ұлттық құндылықтарымызды сіңіргеніміз жақсы емес пе?  Құрбан айт 

туралы алдын ала көшелерге безендірулер, «Құрбан айт құтты бол-

сын!» деген сияқты құттықтау сөздер іліп, Аллаға мадақ, Пайғамбарға 

салауат айтып, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіріп, оларды 

отансүйгіштікке, бауырмалдыққа баулысақ тамаша болар еді, - деген 

журналист-қаламгер жыл санап елімізде Жаратқанның разылығы үшін 

Құрбандық шалатын жандардың қарасы артып отырғанымен, көбісінің 

діни білімі көңіл көншітпейтінін қынжыла тілге тиек етті. 

Осындайда көрінген шетелдің әншілерін бәленбай мың долларға 

шақырып  қаражат  шығындағанша,  жас  ұрпаққа  хақ  дініміздегі 

мерекелерін ұлттық идеологиямен ұштастырып, олардың жадына 

сіңетіндей үлгі-өнеге етіп көрсетсек, құба-құп емес пе?! 



Қайырымдылық мақтангершілік емес

Халқымыз «Оң қолын бергенді, сол қолым білмесін» деп елге жасаған 

жақсылығын жалпақ жұртқа жарияламай, ішінде құпия ұстаған. Ал 

қазір ше? Бір Құрбан айт мерекесі кезінде шалған құрбандығын күллі 

елге әйгілеп, жоқ-жітікке берген бірнеше келі етін бұқаралық ақпарат 

құралдары арқылы көрсетіп жататындар қаншама? Тіпті, әрбір отбасы 

шалған құрбандықтарын фотоға салып, әлеуметтік желілерге жүктеп, 

кісіліктен аттап жататынымызда жасырын емес. Бұл - бір. Екіншіден, 

қайырымдылық ісіне келгенде, көпке топырақ шашуға болмайды. Бірақ 

біздің қоғамда бай-манаптардың қайырымдылық жасау ісі жарнамаға 

айналып кеткендей көрінеді кейде. Қазіргі таңда екі айлық «Мектепке 

жол» республикалық акциясы қарқынды түрде жүргізіліп, әлеуметтік 

тұрмысы төмен отбасы балаларына жаңа оқу жылына дайындап, азын-

аулақ берген заттарын тағы көпшілікке көрсетіп берулері жанға батады. 

Бұл жаны нәзік, кіршіксіз таза балалардың көңіліне қаяу салатынын 

кім ескеріп жатыр дейсіз? Алайда, қайырымдылық ісін жарнамалау 

мәселесіне мешіт имамдары оны қоғамда көбірек насихаттасақ, өзгелерге 

үлгі болатынын айтады. Дейтұрғанмен, әр мұсылман Алла разылығы 

үшін шалған құрбаны мен 5-6 мың теңге жасаған ісін жаппай жария-

лай беретін болсақ, мұны адамгершіліктің ең биік сатысы деп айтуға 

ауызымыз бармасы хақ.   

Түйін: Исі мұсылман қауым асыға күткен Құрбан айт мерекесі 

қыркүйек айының 12-сі күні басталады. Үш күн бойы Алла разылығы 

үшін құрбандық шалатын Ұлы Даланың ұрпақтары ұлық мерекені 

тиісінше ұлықтап, ұлттығымыздың ұйытқысына айналдыруды 

бүгіннен бастаса ұтарымыз хақ, ағайын! 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың 

атымен бастаймын!

Құрметті бауырлар!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күткен 

қасиетті,  ұлық  мереке  –  Құрбан  айт  мейрамымен 

құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, мықты 

денсаулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін.

Бәрімізді айтқа аман-есен жеткізген Алла Тағалаға 

сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!

Ислам діні сан ғасырдан бері еліміздің рухани тірегі 

болып келеді. Халқымыз асыл дініміздегі Жаратушы Иеміз 

белгілеп берген екі мейрамның ұлығы, айтулы мереке – 

Құрбан айтқа айрықша дайындалып, көпшілікпен ерекше 

атап өтеді. Берекеге бастаған бұл мереке бірлік пен игілікке, 

мейірім мен кешірімге үндейді. 

Айт – ағайын арасын жақындастыра түсетін, адамзат 

баласын имандылыққа ұйытып, қанағат пен тәубеге 

шақыратын ұлық мейрам. Бұл күндері барша мұсылман 

құрбан шалумен ғана емес, Ұлы Аллаға ұнамды әрбір 

ізгі амалы арқылы Раббысының разылығына, рақымына 

жақындай түседі. Өйткені, араб тіліндегі «құрбан» сөзі 

«жақын болу», «жақындау» деген ұғымдарды білдіреді. 

Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, 

қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе 

– жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы 

ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп баяндалған.

Айт  күндері  қажылық  парызын  өтеп  жатқан 

мұсылмандар да Жаратушыға жалбарына дұға жасап, 

құрбандық шалады. Қасиетті Мекке қаласында еліміздің 

амандығы, халқымыздың бірлігі мен берекесін тілеп 

жатқан отандастырымыздың да дұғасы, қажылығы қабыл 

болғай! 


Қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу – міндет 

емес. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы 

төмен отбасыларына, жетім мен жесірлерге, мүгедектер 

мен науқас жандарға таратылады. 

Құрбан айт күні ерте тұрып, ғұсыл құйынып, айт намазы-

на қатысу – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың 

салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті.  

Қадірлі ағайын!

Барша жамағатты, еліміздің жанашыр азаматтарын 

мүбәрак мейрамның құрметі үшін мүгедектерге, жетімдер 

мен жесірлерге, қараусыз қалған қарттарға қайырымдылық 

жасауға шақырамын. 

Алла Тағала дұға-тілектеріміз бен сауапты істерімізді 

және шалған құрбандықтарымызды қабыл еткей! Әмин! 

Ержан қажы МАЛҒАжЫҰЛЫ,

қазақстан мұсылмандары діни 

басқармасының төрағасы, Бас мүфти.


8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №36 (1324), 7 қыркүйек 2016 Жыл  //

шАңырАҚ

шаңырақ шаттығы - бірлікте.    суретті түсірген н.тұрғынбек



 

„

«Отан - отбасынан басталады», — дейді қазақ даналығы. расында да, адам баласы 



үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым —  отбасы болса керек. Отбасы – Отаннның әрбір 

мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. 

данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған. 

мемлекеттің мықты болмағы– оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты

отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. бірнеше жылдан 

бері елбасының бұйрығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі отбасы күні болып 

тойланып келеді. Осы орайда, шаһарымыздағы ырысы мен ынтымағы жарасқан үлгілі 

отбасылардың бірі – мадалиевтер әулетіне  ат басын бұрып, жанұя мүшелерімен 

танысып қайтқан едік. ең қызығы, бұл отбасы- энергетиктер мен дәрігерлердің ордасы 

екен.

Арайлым ШАБДЕНОВА

Отбасы  мүшелерінің  жас  шамасы  әр  түрлі 

болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани 

жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бір. Ақын 

Қасым  Аманжолов  өзінің  жарына  арнаған  бір 

өлеңінде «Отбасы – шағын мемлекет, мен – прези-

дент, сен – премьер» дегені бар. Шынында, отбасы 

– ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне 

тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі                                                                                                        

саясаты,  кіріс-шығыс  бюджеті,  қастерлеп 

ұстанатын  рәміздері  болатыны  сияқты,                                              

Мадалиевтер әулетінің де өзіндік ұстанымдары 

мен  дәстүрлері  бар.  Екі  ұл,  бір  қыз  тәрбиелеп 

бүгінде  6  немере  сүйіп  отырған  Мадалиевтер 

отбасының  отағасы  Алтай  Акрамұлы  биыл  65 

жаста.  Бозбала  шағынан  бастап  өмірін  жылу 

жүйесімен  байланыстырған  Алтай  Мадалиев 

болашақ жарын да осы саладан тапқан. 20 жасар 

орыс қызына ғашық болған жас энергетик о баста 

отбасы құруды ойламадым дейді әңгіме барысын-

да. 1970 жылдары жастардың бас қосқан отыры-

сында Лидия Мадалиеваны кездесуге шақырып, 

ата-анасымен  таныстырған  отағасы  сол  күні 

үйленетінін белмепті. 

– Шыны керек, біз кеңес үкіметінің адамда-

рымыз. О баста жұмысқа орналасқанымда Лидия 

ол жерде жұмыс жасайтын. Әңгімеміз бірден жа-

расты. Көп ұзамай бір-бірімізге ұнайтымызды да 

түсіндік. Ата-анаммен таныстыруға келгенде жаңа 

жыл болатын. Ата-анам таңдауыма қарсы болма-

ды. Бірден келісті. Сол күні мен үйленіп, ертесіне 

беташар, одан әрі тойымыз болды. Жарым қазақ 

тілін мүлдем түсінбейтін. Анам екеуінің арасында 

аудармашы  болуға  тура  келді.  Бірақ  Лидия  бір 

жылдың ішінде тілді де, салт-дәстүрді де,шаруаны 

да  үйреніп,  тез  алып  кетті.  Құдайға  шүкір  екі 

ұл, екі қыз сүйдік. Бүгінде алты немеренің ата-

әжесіміз, – дейді отағасы. 

Ал қазақ үйіне келін болуға қорықпаған Лидия 

Денисқызы  отбасының ең басты қазығы – өзара 

түсіністікте дейді. Көп балалы отбасынан шыққан 

Алтай Мадалиевтің энергетика саласындағы еңбек 

өтілі 46 жыл болса, жұбайы Лидия 34 жыл бұл 

салаға еңбегін сіңіріп, бүгінде зейнет жасында. 

Ал ұлдары Ғани мен Сағыныш болса 12 жылдан 

астам уақыт энергетика саласында аянбай еңбек 

етіп келеді. Өмірдің кез келген қиындығына бірге 

төтеп бере білген отбасында әрбір жанның орны 

ерек. Ұл-қыздарын еңбекке баулумен қатар, кез 

келген істі бірге атқаруға үйреткен Мадалиевтер 

әулетінің  күйеу  баласы  -  Досымжан,  жақында 

отбасын  құрған  үлкен  немерелері  -  Уәлихан 

да  энергетика  саласының  тізігінін  ұстаған.  Ал 

ортаншы немересі - Дәулет болашақ энергетик. 

Жамбыл политехникалық колледжде білім алатын 

ол алдағы уақытта ата, әке жолын қуып, өңірдің 

дамуына өз ұлесін қосуды армандайды. Одан өзге 

боксқа қатысатын Дәулет облыс намысын бірнеше 

байқауларда қорғап, жүлделі орындардан көрінген. 

Ал ана құрсағынан 1,3 келі салмақта дүние есігін 

ашқан  Дариға  өмір  үшін  күресті  сол  кезден-ақ 

бастаған дейді отбасы мүшелері. Қазақтың салты 

бойынша шала туылған нәрестені атасының немесе 

әкесінің тұмағына салып, босағаға 40 жерден шеге 

қаққан. Бұл ғұрыпты Алтай Акрамұлы немересіне 

жасап,  барлық  отбасы  мүшелері  Дариғаға  қан 

өткізіп, оның өмір сүруіне өз үлестерін қосқан. 

Дариға  бүгінде  қалалық  емханалардың  бірінде 

медбике. Отбасында сырқаттанған жандарға Дариға 

диагноз қойса, «Жасұлан» дәріханасында жұмыс 

жасайтын  әулеттің  тұңғышы  –  Райхан  халықты 

дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Ал кіші келіндері 

– Сәуле тіс дәрігері. Отбасы сырттан көмек сұрап 

үйренбеген.  Қолдан келгенше барлық  жұмысты 

бірге атқарып, өмірдің кез келген жағдайына бір 

жұдырықтай  жұмыла  білетін  әулеттің  ең  кіші 

немересі  Нұрәділ  биыл  мектеп  табалдырығын 

аттады. Біздің байлығымыз балаларымызбен отба-

сымыз деп білетін Алтай Акрамұлы қу тіршіліктен 

қолы қалт еткенде домбыра тартып, бау-бақшаның 

қамымен жүргенді жаны сүйеді. Ал немерелерінің 

хоббиі  –  алабай  иттерін  байқауға  қатыстыру. 

Керегесі  кең  жанұяның  тағы  бір  ерекшелігі  – 

төрт ұлттың өкілі бір шаңырақ астында  тағдыр 

тоғыстырған. 

Әулет жыл жасайын жаңа жыл мерекесін асыға 

күтеді. Оған себеп те жоқ емес. Жыл сайын кең 

дастархан басында арқа-жарқа бас қосатын отбасы 

мүшелері  ең  алдымен  отағасы  мен  отанасының 

шаңырақ көтерген уақытымен тұспа-тұс келеді. 

Отау  құрғандарына  45  жылдың  жүзі  болған                     

Мадалиевтер  отбасының  ұйытқысы  Лидия  ана 

қазақша жыл басын да асығыспен күтетінін жа-

сырмады. 

– Мен үшін үлкен мереке ол – Наурыз. Күн мен 

түннің теңеліп, бәйшешек бүр жаратын мезгілде 

көрші-қолаңды,  туған-туыс,  ағайындарды  бір 

дастархан басына жинауға асығамын. Жыл өткен 

сайын өрісіміз кеңейіп, қатарымыз еселеніп келеді. 

Наурызда салт-дәстүрімізге сай ұлттық тағамдарды 

пісіріп,  жеті  дәм  қосып  наурыз  көже  таратуды 

қолға алғаныма 15 жылдан асты, – дейді Лидия 

Мадалиева. 

Бақытты  отбасының  құпиясы  неде?  –де-

ген  сауалымызға  отанасы:  «Екі  жас  жанұя 

құрып,  шаңырақ  көтергеннен  кейін  екі  жақты 

жауапкершілікті сезінулері керек. Әсіресе, әйел 

адамы қандай жағдай болмасын ашуға берілмей, 

жан-жақты барлап, ой таразысына салып шешім 

қабылдаса,  бақытты  отбасын  құруға  бар  ынта-

жігерін  салса,  ең  мықты  қорғаушы  –  сабырды 

серік етіп, арын – бәрінен де қымбат санаса, ерін 

құрметтесе, балаларының тәрбиесіне жіті көңіл 

бөлсе, міне бұл отбасында бақытының  кілті болар 

еді.  Ал бақытты отбасы болашақта ұлы тұлғаларды 

дүниеге әкелуге қабілетті болмақ», – дейді ол.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет